Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру.Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы. Практикалық жұмыс.Генетикалық есептер шығару
Жалпы мақсаты
Оқушыларды Т.Морганның тіркесіп тұқым қуалау заңымен таныстыру. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын генетика заңдылықтарын еске ала отырып,есептерін шығара отырып, ойлау қабілетін дамыту . Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Міндеттер:
Оқушылардың қызығушылығын ояту
Жаңа тақырыпты өткен сабақпен байланыстырып бастау
Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Оқушылар биология не оқытатынын біліп түсінеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Білгендерін жылдам айтуға тырысып, қызығушылығы оянады, білімін көрсетіп
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал 1 минут
Мұғалім музыка әуенімен.
Бір-біріне үш тілек айту арқылы, бойларындағы жақсы әсерді сезіну..
Топқа бөлу.конфеттердің түстеріне қарай 5 топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. Тәуелсіз үйлесімдік заңы. Фенотип және генотип. Тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері.
Практикалық жұмыс.
Генетикалық есептер шығару.
Ребус шешу,ғажайып ондық,биологиялық есеп ойыны арқылы үй тапсырмасын тексереді
Ребус шешу,ғажайып ондық,биологиялық есеп арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.
Мағынаны тану 20 минут
1.Оқулықпен жеке танысып, инсерт әдісімен түртіп алумен айналысады
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы.
Күнделікке жазады.
Дереккөзі: интернет желісінен, ғылыми деректерден ізденіп келу