Бердібек Соқпақбаевтың «Шал мен бала » мәтінінің түсінігі және автор туралы шағын мағлұматтар айту.
2.Үй тапсырмасын сұрау
1. Бөлімдегі оқиғасы жақсылыққа жамандақ бар деген пікірге құрылған мәтінді ата.
2. Ш. Құдайбердіұлының осы бөлімде берілген әңгімесін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой. « ..... адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» .
3. « Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында байланған қалпында қала берді». Бұл қандай адам?
4. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген мақал кімге қатысты айтылған?
5. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді?
1920 жылы Семей облысы, Абай ауданы ,Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген. 1939 жылы орта мектепті бітірген соң, Қызыл Армия қатарына алынып, кіші командирлер мектебін бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін 1947 жылы бітірген. Абай ауданындағы орта мектепте зейнетке шыққанға дейін мұғалім болып еңбек етеді. Абай ауданының Құрметті азаматы. Төрт рет Қазақ КСР – нің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2008 жылы дүние салды.
1920 жылы Семей облысы, Абай ауданы , Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген. 1939 жылы орта мектепті бітірген соң, Қызыл Армия қатарына алынып, кіші командирлер мектебін бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін 1947 жылы бітірген. Абай ауданындағы орта мектепте зейнетке шыққанға дейін мұғалім болып еңбек етеді. Абай ауданының Құрметті азаматы. Төрт рет Қазақ КСР – нің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2008 жылы дүние салды.
Жалпы қазақ шаңырақты қасиетті санаған. Пәлеңшенің шаңырағының әулеті пәлен шаңырақ болыпты деген сөз сол адамның үрім – бұтағының өскендігін көрсетеді. Сонымен қатар шаңырақ береке мен бірлікті білдіреді. Бата, тілек бергенде шаңырағын шайқалмасын деп жатады. Отбасы тату – тәтті, біркелкі болсын деген сөз.