Мақсаты: Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.
Білімділігі:Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.
Тәрбиелігі: Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:Білу керек:Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері бар екенін айыра біледі.Игеруі керек:Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдері артады.Баланың қолынан келуі:Құстар туралы тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ айтады, үй құстары мен дала құстарын айыра алады.
Көрнекілігі:Сиқырлы сандық, құстардың суреті, жыл мезгілдерінің суреттері орманның суреті.