«№2 Аманқарағай орта мектебі»
Жетім.
Мухтар Әуезов
(ана тілінен ашық сабақ)
Орындаған: Рахметова Гульнар Каирканқызы.
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы
№2Аманқарағай орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Жетім. М.Әуезов
Сабақтың мақсаттары:
1)Мәтін мазмұнымен таныстыру.Жүйелі сөйлеуге үйрету,рөлмен оқи білу;
2)Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
3)Шыдамды,төзімді болуға,өз елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты қайталау.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Әдістері:Ой қозғау,Венн диаграммасы,әңгімелеу,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Мәтінге байланысты сурет,Мұхтар Әуезовтың суреті,сөзжұмбақ,филворд.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» ойынын ойнау арқылы тексеріледі.Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны.
1)Ортадағы 60-Мұхтар Әуезов қай жылы, қай жерде туды?
2)Сол жақтағы30-Мұхтар Әуезов кім ?
3)Оң жақтағы20-Мұхтар Әуезовтың атасының аты кім?
4)Оң жақтағы 30-Мұхтар Әуезовтың әжесінің аты кім?
5)Оң жақтағы 10-Мұхтар Әуезовтың балаларға арнаған шығармасын ата?
6)Ортадағы 40-Мұхтар Әуезовтың жазған қандай романын білесің?
7)Ортадағы50- Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесі кім жайында айтылған?
8)Сол жақтағы20- Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесіндегі Қасымның ағайыны кім?
9)Оң жақтағы10-Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесіндегі Қасымның ағайыны Иса мен Қадиша (Исаның әйелі)мінездеме бер.
Үй тапсырмасын қорытындылау.Осы оқып отырған тарау қалай аталады?(Туған өлкем-тұнған шежіре).Мұхтар Әуезовтың өмірбаянын қысқаша әңгімелету.
ІІІ.Жаңа сабақты қайталау.
-
Бүгін Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесін оқимыз.Бұл әңгіме өткен өмірден тұрады. «Жетім»әңгімесі бай мен кедейдің өмірі кезінде болған оқиға.Одан бері тарихқа үңіліп қарайық Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?(Тәуелсіздік мұражайына саяхат.)
-
1991ж.16желтоқсан-Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.
1986ж.16-17желтоқсанда жас өмірлерін жалау еткен азаттық,тәуелсіз ел болу үшін арман мен үмітке толы жастар шерулерін айтуға болады.
1917ж.-Кеңес Одағының құрылуы.Азамат соғысы.Осы жылдардың бәрі әр ел өз еркіндігін,тәуелсіздігін алу үшін күрескенін түсіндіру
-
Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесін қысқаша әңгімелеу.
ІІІІ.Оқулықпен жұмыс.
Кітапты жастан оқы,
Оқымай білім жұқпас.
Білімсізден өнер шықпас,-
Дегендей оқулықтарыңның бетін ашыңдар.
5)Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесін оқушылардың өз бетінше оқуы.
6)«Жетім»әңгімесін рөлмен оқыту.
7)Шығармашылық тапсырма.
Сезімтал ------------ Мұхтар--------- Салмақты
Зеректі Назар аударғыш
Сергіту сәтін өткізу.
8)Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысын жүргізу:
Қиянат-әділетсіздік,зорлық,өктемдік.
Қаға беріс-шеттеу,бұрылыс,тасалау жер.
Мұхтар Әуезовтың «Жетім»әңгімесін
Сөзжұмбақ шешейік.
1.Жетім тақырыбын кім жазды?
2.Жүйрік атты қалай атайды?
3.Абылай кім?
4.Жеті қазынаның бірі?
5.Елбасы кім ?
6.Мұхтар қандай адам?
(Жауабы:Мұхтар)
Филворд шешу.
Қоңыр қозы.Мұхтар.Абай.Әуез.Дінәсіл.Әуезов.Иса.Қадиша.Қасым..
Топпен жұмыс.
«Жетім»әңгімесіне инсценировка қою.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Венн диаграммасы.
Өткен өмір мен қазіргі өмірді салыстыру.Ортақ қасиет.
Үйге тапсырма: «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқу,әр бөлімге ат қою.Тақырыпқа байланысты сурет сал.
Бағалау.