Сабақ тақырыбы: М.Әуезовтың



Дата19.12.2016
өлшемі33,82 Kb.
#4178
түріСабақ
Чалабаева Кымбат Танатаровна,

№3 «Қазақстан» бастауыш мектебінің мұғалімі

ОҚО, Шардара ауданы

Сабақ тақырыбы: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің мәнін толық ашылады, өмірмен салыстыра отырып балаларға түсіндіріледі .
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын көбейту,танымдық қасиеттерін дамытып, өз пікірлерін толық жеткізуге мүмкіндік беріледі .
Тәрбиелік: Табиғаттың сырларын терең ұғынып, достықты қастерлеуге, үлкеннің айтқанын дұрыс қабылдап, сыйлауға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, ана тілі, ән-күй, дүниетану.


Сабақтың көрнекілігі: Табиғат, қыс мезгілі, Құрмаш пен көк бөрі суреттері, М.Әуезовтың портреті,үлестірмелі қағаздар, бейнеролик.

Дәйексөз: «Ауыл иті ала болса, бөрі келгенде бірігеді»

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық дайындық

Білім біздің – нұрымыз,

Оқу оқып жүріңіз.

Білімділер озар,

Білімсіздер тозар.



  1. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы балалардан сұралады, дәптерлері тексерілері.

  1. Жаңа сабақ

  • Бүгінгі өтетін сабағымыз М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі.

  1. Ой толғау .

Балаларға «Көксерек» фильмінен қысқаша үзінді көрсетіледі. Бейнероликке байланысты балалардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында бірнеше қызықты сұрақтар қойылады.

  1. «Көксерек» қандай жануар?

  2. «Көксерек» фильмінде қандай кейіпкерлер бар?

  3. Неге Көксерек ауыл иттерімен бір бола алмайды?

  4. Құрмаш пен Көксерек шынайы дос бола алды ма?

М.Әуезов (1897-1961) 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы ауылда өткен.
Мұхтар Әуезовтың мағыналы да көркем шығармасының бірі «Көксерек» әңгімесі. Әңгіменің кейіпкерлері Құрмаш пен Көк бөрі. Балалар сендер қасқырды көріп пе едіңдер? Олар әлемдегі мықты жыртқыш аңдардың бірі.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Балалар үзінді оқу арқылы әңгіме мәтінімен танысады. Бір-бірімен ой бөліседі. Балаларға үзіндіге байланысты сұрақтар үлестірмелі қағаздар таратылады.

  1. Құрмаштың бөріні дос қылғаны дұрыс па?

  2. Бөрі ит секілді адал дос бола ала ма?

  3. Құрмаштың әкесі не себепті бөріні ұнатпады?

  4. Ауыл адамдарының Көксеректі жақтырмауының себебі неде?

  1. Топтық жұмыс

Мақсаты: Адамның адал досы – ит пен қасқырдың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау. Балалардың сөздік қорын кеңейту.

Балалар екі топқа бөлінеді, «Қайсар қасқыр» және «Батыл төбет». Екі топ өз атауларына байланысты жануарларға тән қасиеттерді берілген плакаттарға жазып шығады.



  1. Сұрақ-жауап.Топтық жұмыс.

І-топ. 1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

2. Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікір айтты?

3. Көксерек «ұрлық пен адал астың не екенін неге ұғына алмады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Қасқырды жаман әдетті қоюға үйретуге болама?

ІІ-топ. 5. Құрмаш өліміне кім себепті?

6. Қасқырларды түгел құртып тастауға бола ма?

7. Көксерек не себепті ауылдан қашып кетті?

8. Оқиғаны басқалай аяқтауға бола ма ?

ІХ. Шығармашылық тапсырма.

І-топ. Көксерек пен ауыл иттері туралы венн диаграммасын құру.

ІІ-топ. Көксерек пен ауыл иттерінің суретін салу.

Әр топ өздерінің жасаған шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

Х. Дәптермен жұмыс

Көксеректі сипаттау. Оның өсуі, ауыл иттерімен төбелесуі, Көксеректің көкшолақ болған кезі. Жүні үрпиген,бойы аласа, кішкентай, езуі ыржиған. Құрмаштың қасында жатады. Көзі жасылданған, азуы ақсиған, жота жүні күдіриген ауыл иттерінен таяқ жейді, дыбысын шығармайды, қайсар да батыл болуы.



  1. Қорытынды кезең

М.Әуезовтың тұлғасына сипаттама беріледі. М.Әуезов кім?

(жазушы, драматург, қоғам қайраткері, педагог)

-«Көксерек» әңгімесі ұнады ма?
-Әңгіменің авторы кім?
-Әңгіме қалай аяқталды?
-Құрмаштың мерт болуына қандай жағдай әсер етті ?

Үйге тапсырмасы: Мәтінді толық оқып, мағынасын түсіну. Әңгімеге байланысты «Менің досым - менің тірегім» (жануар жайлы) атты шығарма жазу.



  1. Бағалау

Сабақ барысында формативті бағалау қолданылады. Сабаққа белсенді қатысып, топтық жұмысты бірлесе орындаған балалар мадақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет