Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
20 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын емдейді.
Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.
Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.
Сондықтан әдіс-тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына үміт артамын.
Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге асық.
Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге асық.