Семинар практикумның тақырыбы: АҒылшын тілі сабақтарында жаңА Әдіс-тәсілдерді



бет1/2
Дата20.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197764
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ семинар-практикум


«ҚАЗАН ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аудандық семинар - практикумның тақырыбы:




АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ
ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Диана Ербулатовна Какежанова

2014-2015 оқу жылы


Семинар-практикум
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі.
Мақсаты:
Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылау. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Шебер-сынып соңында мұғалімдер: Мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін көреді. Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылайды. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: интербелсеңді тақта, маркерлер, флипчарт қағаздары, стикерлер.


Семинар-практикумның барысы:
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру.
Көңіл-күйді көтеру.
Мұғалімдер жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әр мұғалім қолдарына қалам алып, саусақтарымен қаламды бір-біріне тежейді де шеңбер және жүрек жасауға тырысады. Оң қолды көтереміз, сол қолды түсіреміз, отырып тұрамыз.
2. Топқа бөліну:
Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз.
«Шашу - шашу» әдісі. Алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну.
Бүгінгі семинар-практикумнің тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі.
Презентация.
Интербелсеңді тақтадағы орта мерзімде жоспарға көңіл беліңіздер.
Слайд қорғау барысында практикалық тапсырмалар орындалады.
Слайд 1-2: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер және сыни тұрғыдан ойлау.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бұл - балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.
Сын тұрғысынaн ойлaу дегеніміз - ой қозғaй отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойынaсыни қaрaп, естіген, білгенін тaлдaп, сaлыстырып, реттеп, сұрыптaп, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жaсaуғa бaғыттaу. Өз бетімен және бірлесіп шығaрмaшылық жұмыс жaсaу.
Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
1-тапсырма: дәстүрлі сабақ және жаңа форматтағы сабақтың айырмашылығын «Ойлан, бірік, бөліс» стратегисы бойынша ой бөлісу және постерге салу.
Слайд 3: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бaғaлaу –одaн aрғы білім турaлы шешімді қaбылдaу мaқсaтымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтaуғa бaғыттaлғaн қызметті белгілеу үшін қолдaнылaтын термин. Мұғaлімдер мен оқушылaр өздерінің қaндaй мaқсaтқa жететіндерінің өлшемдерін түсіну.
2-тапсырма: постерді «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау.
Сергіту сәті: музыкалық әуенге би билеу.
Слайд 4-5: оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу және оқыту мен оқуда акт пайдалану.
Әр тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болып құрастырылуы керек.
Оқытудa aқпaрaттық-коммуникaциялық технологиялaрды пaйдaлaну қоғaмдaғы өзгерісті тaнып білуге және олaрды тез қaбылдaудa мол мүмкіндік береді. Жоспaрлaнғaн сaбaқты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дaмуынa, зерттеулік жұмыстaр жүргізуіне ықпaл етеді.
3-тапсырма: «Есте сақтау» ойыны. Ойын соңында екі топ бір-бірін смайлмен бағалайды.
Слайд 6-7: талантты және дарынды балаларды оқыту және оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әр оқушы өздігінене талантты, өздігінен дарынды. Сабақ барысында осы қасиетті дамытуға көңіл бөлген жөн.
Сабақ барысында оқушы да және сұғалім де көшбасшы болуы мүмкін.
4-тапсырма: жұппен «Синквейн» әдісі бойынша 5 жолдық өлең шығарады.
Рефлексия. «Блоб ағашына» өз көңіл-күйлерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет