Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік теңдігім
(Тақырыптық кеш)
Мақсаты: Қазақстан Республикасының 24 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін теңірек ашып көрсету. Студенттерді Отансүйгіштікке, халықтың өткен тарихын құрметтей білуге, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік» күні мерекесіне арналған «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Әнұран орындалады.
2-жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан-алтын күн,
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде
Атыңменен «Қазақ» деген халқының.
1-жүргізуші: Қазақстан-Алатауым, атағым,
Қазақстан – таңдағы әнім шапағым.
Қазақстан – Есіл, Нұрам, Ертісім!
Қазақстан – гүл жайнаған мекенім!
Оқушы: Қазақстан:
Көк туым шалқыптөрімде, елімнің бағы таймасын,
Жас болып ару Астанам, құлпырып күндей жайнасын.
Тәуелсіздігім-тәтті сый Тәңірден келген, ағайын,
Бар қазағым бақытым, тәуелсіздік тойын тойласын.
Ән: «Жаса Қазақстан»
2-жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Ұзақ жылдар бойы тәуелсіздік жолында қан да, жас та, тер де төгілді. Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі, тәуелсіздік ата- баба рухын көтереді, мемлекетіміздің сөнген отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға енгізді. Осы Оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесі Тәуелсіз, Демократиялық және Құқықтық мемлекет деп біздің еліміздің жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Міне, содан бері егемен елміз, өзгелермен тереземіз тең.
Оқушы: Тәуелсіздік
Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз,
Қымбаттана да ең қымбатты барымыз
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік- жүркетегі әніміз шығады.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Бұны бізге аяп ешкім бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Ел үшін жанын қиған асыл жандар,
Ел есінде мәңгілік сақталады.
Желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы бейне көрініс көрсетіледі.
1-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана айтылады.
Оқушы: Президент
... Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің, Елбасыны қолдайық,
Бәрімізге тыныш өмір силаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!
(Слайд. Президенттің өмірбаяны жөнінде мәлімет)
2-жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз еліміздің жаңы рәміздері – мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.
Ту- елдіктің белгісі. Авторы Ш.Ниязбеков. Қазақстан Республикасы Туында көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран бейнеленген. Қыран тыныштықтың, берекелі күн жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалады.
Оқушы: Ту
Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!
Ән «Көк тудың желбірегені»
1 жүргізуші: ҚР-ның Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесін дей тарап уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегі қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңба авторлары Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Оқушы: Елтаңба
Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыРағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
2 жүргізушы:
Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Әнұранның сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев пен Ж.Нәжмеденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
Оқушы: Әнұран.
Әнұран
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.
1 жүргізушы: 1992 жылы 7 – мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер құрылды. 1992-1993 жылдар аралығында Қарулы Күштер қайта құрылып, 1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі таңда бас қолбасшысы – Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
2 жүргізушы:1993 жылы 15 қараша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.
Оқушы: Теңге туралы мәлімет. (слайд)
1 жүргізушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.
Бұл күн көп ұлтты республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік пен еркіндік әкелді.
Оқушы:Ата – Заң
Төлқұжатым, бек мұратым Ата Заң,
Бізге жеткен мұрадай боп атадан.
Тәуке жазған Жеті жарғы бұлжымас,
Бұйрық, үкім бабам берген батадан.
Бұл даланың бұлтартпайтын заңы бар,
Ол ақсақал, алқа билер, қазылар.
Туғаны жоқ тура билер кесімгер,
Шешімдері әділ жолдан табылар.
Парламенті бұл даланың қыр басы,
Қыр басында қарттың сұсты тұлғасы.
Адам тұрмақ, тұсау ұрлау күйе боп,
Жағылатын бір ауылға күнәсі.
Қамшысымен тыйып, тежеп тентегін,
Ентігін де басар есер, еркенің.
Жесір дауы, туа қалса жер дауы,
Бір қария-ақ жазар еді «дерт емін»
Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым,
Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым.
Ата Заңым – шариғатым, шарттарым,
Бағдар шамым, бойға қуат ұраным.
Ынтымағын, татулығын, бірлігін,
Атап өтер 30-ы бұл ұлы күн.
Арқа сүйер Ата Заңым тұрғанда,
Қазақстан өзіңменен Ұлымын,
Қазақстан биік сенің тұғырың!
-жүргізушы: 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.
жүргізуші: Астана Қаласы 1998 жылғы 20 мамырдан бастап Қазақстан мемлекетінің Астанасы болды. Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі – «Қазақ елі» монументі, биіктігі -91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатқан самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші – Саматбек Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі – Эйфель мұнарасы нысаны қатарына қосылған. Астана жаңа ғасырға тек қана жақсылықтардың көшін бастайды.
Ән: «Астана»
жүргізуші: Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған –туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын Атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Оқушы: (ҚР картасы) Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан – ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқыны саны 16 млн 9600. Негізгі ұлт өкілі – қазақ. Жалпы халықтың 63%-ын қазақтар құрайды. Міне, осындай республикамыздың егін даласы, күмісін шашқан көлдері, кеңге байлық өңірі, малға толы өрісі Қазақстан республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сіздерге мұра болып қалады.
Би: «Қазақ биі»
1 жүргізуші: 2010 жылы желтоқсан айы. 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым – ЕҚЫҰ (Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы). 2010 жылдың 1 желтоқсанда бұл ұйымның Саммиті Астанада өтті.
2011 жылдың ақпан айында 7 – қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтті. Біздің спортшылардың көрсеткіштері жоғары болып, жалпы қомандалық есепте бірінші орын алды.
2 жүргізуші: 2012 жылғы тамыз айы. Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшыларымыз бар ынта-жігерлерін салып, аянбай сынға түсті. Жеңімпаз биік тұғырға көтеріліп, Қазақстан Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалғанда елімізде толқымаған жан болмаған шығар. Спортшыларымыздың ерен еңбегіне бас иіп, мақтан тұтамыз. Еліміздің қоржынында 7 алтын, 1 күміс. 5 қола медаль. Жалпы жүлде қорында 13 медалі бар Қазақстан 12 –ші орында. Бұл да зор жетістік.
1 жүргізуші: 2012 жылғы қараша айы. Халықаралық көрмелер бюросының 152- Бас Ассамблеясының жабық дауыс берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы көп дауыс иеленіп Льеж қаласын басып озды және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды. Көрменің басты мақсаты - жаңа ғылыми техникалық жетістіктер даму келешегі. Осының бәрі тәуелсіздігіміздің баға жетпес табысы.
2 жүргізуші: 2014 жыл қарашының 11 жұлдызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» атты жолдауын жарияланды. Мемлекет басшысы өз сөзінде – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы – ол «Мәңгілік Қазақстан» жобасы. Ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екенін айтты.
Қазақ ел - Мәңгілік ел! (үзінді)
Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз,
Жеңіске жету үшін болашақта.
Мадақ айту бір аллаға жарасқан,
Бұл сөзіме жөн болмайды таласқан.
Патшалардың патшасы Шыңғыс хан да,
«О, тәңір!» - деп көк аспанмен санасқан.
Құрмет жасап әлемдік діндарларға,
Ислам, христиан, протестант, буддаларға.
Үш жылда бір дәстүрлі съезд жасап,
Бірлік сұрап сыйындық бір құдайға.
Спортта жүлде алды қыз бен ұлым,
Ойналып гимн, желбіреді көк туым.
Қазақстандық көбейді чемпиондар,
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім.
Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе?
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде.
Отыз елдің қатарында дамыған,
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.
Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз
1 жүргізуші: Қорытынды сөз кітапхана меңгерушісі Курманбаева Кенжегүл Мақсутқызына беріледі
2 жүргізуші: Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!
Достарыңызбен бөлісу: |