Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге, келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!" Биыл Ұлы Жеңіске – 82 жыл болады. Төрт жыл бойына созылған сұм соғыс 1945 жылы жеңіспен аяқталды. Қасық қаны қалғанша өз Отаны үшін отқа түскен ата ,апаларымыздың ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз.
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Олай болса балалар назарларыңызды бейнероликке аударыңыздар, мұқият тамашалаңыздар. Елін- жерін қорғау жолындағы борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық. Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жары, дос-жаран туысы. Солармен бірге көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы. Сақтады олар елін, жерін, қонысын Ақтады олар азаматтық борышын Сол үшін де қолтығынан сүйейік, Ардагерге-майдангерге. Иейік біз барлық жерде Басымызды сол үшін.