Есеп №1 Науқас 3 жаста, жоспарлы түрде ауруханаға түсті. Анамнезі



Дата09.01.2022
өлшемі14,79 Kb.
#110640
Байланысты:
ЖҮРЕК №1 ЕСЕП
срсп 7, «КИНЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ 2, «Òåðáåë³ñòåð æ?íå òîë?ûíäàð» á?ë³ì³ áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó, malinina-depressiya, [SuperSliv.biz] Рабочая тетрадь 2

ЕСЕП №1

Науқас 3.3 жаста, жоспарлы түрде ауруханаға түсті.



Анамнезі: Балада туылғаннан бері терінің және кілегейлі қабаттарының жайылмалы цианозы анықталған. 3 айлығынан қазіргі кезге дейін балалар үйінде тәрбиеленіледі.

Балада тәрбиешілерінің айтуынша физикалық жүктемеден соң баланың тез шаршай беретінін, ентігуін байқаған. Баланың жағдайын біртіндеп нашарлай берген: мазасыздық симптомы және түнгі уақытта ылғалды жөтел мен құсу пайда болған, тәбеті төмендеген, тері жамылғысының айқын бозғылттығы көңіл аудартқан. Түскен кезде: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегейлері шамалы көгерінкі, акроцианоз, «дабыл таяқшасы» тәрізді саусақтар, тырнағы «сағат шынысы», кеуде клеткасының деформациясы көзге түседі. Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шегі: оң жақта-төсмаңы сызығынан 1 см сыртқа, сол жағынан-сол жақ қолтық алды сызығы бойынша, жоғарғысы ІІ қабырға.



Аускультацияда: ЖСЖ-160 рет, төстің сол жақ қырынан ІІІ қабырға аралықта орташа қарқынды систолалық шу естіледі, сол жақта ІІ қабырға аралықта ІІ тон акценті анықталады. Т.Ж. 40 рет. Тынысы терең, шулы. Бауыры қабырға доғасынан +3,0 см шығыңқы.
1 Көрсетілген шағымдар қай жүйенің зақымдалғанын көрсетеді?

2 Обьективті қарау кезінде балада қандай патологиялық симптомдар анықталған?

3 Шудың шығу тегін анықтаңыз: органикалық немесе патологиялық?

4 Жүрек жетіспеушілігі белгілері бар ма, болса негіздеңіз



5 жүрек патологиясын анықтау үшін қандай зерттеу әдістері жүргізіледі?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет