Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысуды құжатты рәсімдеу, оны жинақтау және талдау есебін жүргізу



Дата07.02.2022
өлшемі15,47 Kb.
#82550
Байланысты:
лекция (17)


Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысуды құжатты рәсімдеу, оны жинақтау және талдау есебін жүргізу.
Шарушылық қызметтің барысында кәсіпорын қызметкерлері шаруашылық мүддесімен іс-сапарға жіберіледі. Есеп беруші тұлғалар шаруашылық және әкімшілік мақсаттарда кеңсе тауарлардан басқа да материалдық активтерді нақты ақшаға сатып алуға ақша қаражатын жұмсап отырады. Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу мүмкін емес. Сондықтан, кәсіпорын қызметкерлерге нақта ақша беру арқылы айтылған шығындар бойынша төлем жасайды. Берілетін ақшаның көлемін кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі.
Қызметкерге нақты ақша берілген сәттен бастап ол кәсіпорынға есеп беруші тұлға ретінде танылады. Іс-сапарға баратын тұлғаға ақша барып-келуіне, яғни, жол жүру билетінің құны, тәуліктік тамағына, қонақ үйін жалдауына, сонымен қатар материалдар мен басқа да заттың сатып алуына шығындалатын шығындар ретінде, көлемінде де беріледі.
Тәуліктік тамақ ішуіне «Салық кодексінде» 6 АЕК мөлшерінде беріледі. Есеп беруші тұлға іс-сапардан қайтып келген сәтте 3 күн аралығында алынған ақшасы үшін бухгалтерия алдында есеп береді. Ол үшін шығындарды растайтын құжаттар негізінде аванстық есеп беру құжаты толтырылады. Оған қоса жол жүру билеттері, қонақ үй квитанциясы, дүкеннің чектері, шот фактуралары өткізіледі.
Аванстық есеп беру құжатын уәсіпорын бухгалтериясы тексеріп, құжаттармен расталған шығындарды ғана бекітеді. Егер үй жалдауға құжаттар жоқ болса 1АЕК-ң 50% ғана есеп беруші тұлғаға төленеді.
Іс-сапарға барған тұлғаның жол жүру уақытын анықтау мақсатымен іс-сапар куілңгң беріледі. Сол куәлікке әс-сапарға шыққан қүні, іс-сапардан қайтқан күндері жазылып, 2-ші кәсіпорынның мөрлері басылады.
Есеп беруші тұлғаға іс-сапар куәлігі негізінде кассадан шығыс кассалық ордері негізінде ақша беріледі. Есеп беруші тұлғаға іс-сапарға кассадан ақша берілгенде №7 журнал ордерінде келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
1. Кассадан есеп беруші тұлғаға ақша берілсе:
Дт Кт
1250 1010 – 10000тг
2. Есеп беруші тұлғадан материалдар қабылданса:
Дт Кт
3310 1250 – 5000тг
3. Алынған материалдар бойынша ҚҚС көрсетілсе:
Дт Кт
1420 1250 – 700тг
4. Құжаттардан расталған іс-сапар шығындары, кәсіпорынның шығындарына жойылады:
Дт Кт
7210 1250 – 4000тг
5. Толығымен шығындалмаған сома кәсіпорын кассасына қайтарылады:
Дт Кт
1010 1250
6. Егер есеп беруші тұлға іс-сапарға берілген соманы артық шығындап, оны құжаттармен растаса, ол соманы есеп беруші тұлға толықтырып береді:
Дт Кт
1250 1010


Есеп беруші тұлға болып кәсіпорынның қойма меңгерушісі кассир және басқа да жауапкершілігі бар тұлғалар саналады. Мұндай тұлғамен кәсіпорын материалдық жауапкершілікке өту жөнінде арнайы келәсәм шартқа отырады. Ол шартта тұлға өз қарауындағы құндылықтардың бәріне жауапкершілігін мойындайды. Егер есеп беруші тұлғаның өз жауапкерсіздігінен құндылықтар жоғалатын болса, ол зиянның орнын өтеуге міндеттеме алатындығына келісімге қол қояды.
Есеп беруші тұлға кінәсінен болған материялдық жетіспеушіліктердің сомасына келесі бухгалтерлік өткізбе құрады:
1. Кәсіпорынның шеккен материалдық зияннын есеп беруші тұлға нақты ақшамен өтесе:
Дт Кт
1010 1250
2. Материалдық зиянды есеп беруші тұлғаның еңбекақысынан ұсталынса:
Дт Кт
1250 1350

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет