- Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Алтыбаева Ш.М.
- «Қаржылық статистика» курсы экономикалық бағыттағы мамандарды қалыптастыратын оқу пәндерінің арасында ерекше орын алады.
- Аталған курс болашақ мамандардың статистикалық ақпарат, бухгалтерлік, қаржылық және банктік есепті жүзеге асыру және ұйымдастыру сферасындағы мақсатты теориялық және практикалық бағытталған кәсіби білімді алуына арналған.
- студенттерді Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесіндегі процестердің, өзгерістердің көлемін, құрамын, экономикадағы қаржының тұрақтылығын, қоғамдық өндірістердің қаржымен қамтамасыз етілуін ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық әдістемені қолдану арқылы талдауға, зерттеуге үйрету
- «Қаржылық статистика» пәнінің міндеттері
- Қаржылық статистиканың жалпы негіздерін, категориялары мен түсініктерін меңгеру;
- Қаржы-несие сферасын статистикалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен сандық сипаттау, динамикадағы түрлі экономикалық айнымалылар арасындағы арақатынастарға талдау жүргізу;
- Қаржы нарықтарының, төлем балансының, салықтық-бюджеттік статистикаларының көрсеткіштер жүйесін жетілдіру. Әлеуметтік экономикалық үдерістердің динамикасын талдауда банктік статистикалық әдістерді қолдануға, өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлардың ықпалын бағалауға дағдылану.
- Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі.
- Алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша ситуациялық есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады.
- Есептер шешумен қатар студенттерге бір жеті минуттық ғылыми баяндама дайындау ұсынылады, ол баяндаманы ауызша тапсырады немесе реферат форматында жазбаша түрде көрсетеді.
- «Қаржылық статистика» пәні бойынша тақырыптар
- Қаржылық статистиканың теориялық негізі
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы
- Шаруашылық ұйымдардың қаржылық нәтижесі статистикасы
- Банк статистикасы
- Несие статистикасы
- Ақша статистикасы
- Сақтандыру қызметінің статистикасы
- Бағалы қағаздар нарығы статистикасы
- Макродеңгейдегі қазіргі қаржылық баланстар
- Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстар статистикасы
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасының міндеттері:
- 1.ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің кірісі мен шығысының, жаңа бюджеттік классификация бойынша оның дефицитінің (профицитінің) көлемін анықтау.
- 2. Бюджет кірісінің көздері мен шығысының бағыттарының құрылымы мен динамикасын зерттеу.
- 3. ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің сондай-ақ республикалық және аймақтық бюджеттің жүзеге асырылу барысын бақылау мен талдау.
- 4.Мемлекеттің ішкі қарызының көлемін зерттеу.
- 5.БҰҰ ҰШЖ бойынша Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерін жинақтау мен өңдеуді әрі қарай жетілдіру.
- -ҚР-ның банктеріндегі статистикалық есеп берулерді ұйымдастыру;
- -Банк жұмыстарының сенімділік және тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі: банк балансы жағдайының көрсеткіштері, банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері, табыс және табыстылық көрсеткіштері, банктердің пайда және пайдалылық көрсеткіштері;
- -Ссуданың бір айналымының орташа ұзақтығын индекстік талдау. Халық депозиттерін индекстік талдау. Халық салымдарының орташа мөлшеріне әсер ететін факторларды корреляциялық-регрессиялық талдау.
- Банк статистикасында қарастырылатын мәселелер:
- Сақтандырудың формалары және түрлері, сақтандыру іс-әрекетін статистикалық зерттеу. Әр түрлі сақтандыру көрсеткіштерін есептеудің ерекшеліктері: мүліктік, жеке басты, әлеуметтік сақтандыру.
- Сақтандыру сомасының зияндылығын факторлық индекстік талдау. Жеке басты сақтандыру тәуекелін есептеудің статистикалық әдістері. Тарифтік ставкасының, әлеуметтік қамсыздандыруды сақтандырудың, жәрдемақы төлеудің статистикалық көрсеткіштері.
- Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі: бағалы қағаздарды шығару, бағалы қағаздардың айналымы және тарату көрсеткіштері, бағалы қағаздардың табыс және табыстылық көрсеткіштері. Қор индексі. Қор индексін есептеудің әдістері: Ласпейрес формуласы бойынша Доу-Джонс индексі.
- Бағалы қағаздар туралы ақпараттар көзі.
- Бағалы қағаздар рыногы статистикасы
Достарыңызбен бөлісу: |