10-Дәріс Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарын жүргізу.
Мақсаты: Әлеуметтік жұмыстың маңызды кәсіби іс-әрекетінің аумағы ретінде іс-жүргізу туралы түсінік беру, құжаттармен жұмыс жасау, жазбаларды есеп берулерді мағлұматтарды тіркеулерді жүргізумен, мәліметтердің қорын жасау ережелермен таныстыру.
Түйін сөздер: іс-қағаздары, клиент, халықаралық іс қағаздар.
Дәріс жоспары
Іс-қағаздарын жүргізу дегеніміз не?
Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздары жүргізу.
Клиентке қатысты негізгі құжат-хаттамалар.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық іс-қағаздар.
Іс-қағаздарын жұмыс жүргізу бұл құжаттармен жұмыс жасау болып табылады. Құжаттар жасалынады, өңделеді, сақталынады және әр-түрлі мақсаттарда қолданылады. Компьютерлік технологиялар клиент туралы мәліметтерді жинақы , үнемді жұмысқа қолайлы түрде көрсетуде. Әлеуметтік қызмет көрсетудің клиенттері туралы толықтай мәліметтер банкін жасауға қызмет етеді. Компьютерді білу құжаттарды жасау жұмысын жеңілдетеді және де олардың сапасын арттырады. Тікелей сөйлеуді тезірек жазуға бұрыннан стенографиялау қолданылады.
Соңғы кездерде көбінесе қызмет ету процесін, клиент пен әлеуметтік жұмыскердің жүріс-тұрысын бақылауды көрнекі көрсететін құжаттандырудың аудио- және видео- жазбалар сияқты түрлері жиі қолданылып жүр.
Іс-қағаздарын жүргізу бұл құжаттармен, жұмыс істеумен байланысқан мекеменің әкімшілік (басқарушылық) іс-әрекетінің ерекше саласы.
Сауатты іс-қағаздарын жүргізу үшін біздің елімізбен оның аумағынан тыс қандайда бір техникалық құралдар қолданылатынын білу қажет. Жазба пайда бола бастағаннан құжаттардағы айғақтарды (фактілерді),құбылыстар мен оқиғаларды құжаттандырып тіркеудің сенімді құралы. Құжатта болған нәрселердің куәсі, олар –адамдардың түп нұсқалық есі.
Өз клиенттерінің құқығын қорғау үшін соттық инстанцияларды пайдаланушы әлеуметтік жұмыскерге өз өтініштерін, қалауларын, ұсыныстарын әр-түрлі мекемелерге деген жүгінулерін дұрыс үлгімен жасауы қажет, өз сөздерін әрдайым дәлелдеу мүмкіндігіне ие болу үшін әрбір құжатына визалар (қанағаттандырылу немесе бас тарту) алуы қажет. Клиентке қатысты құжат-хаттамаларын жүргізу әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекетінің, клиенттің жағдайы мен мәселелерін, қызмет көрсету процесін талдау тәсілінің негізгі формаларының бірі. Құжат-хаттамаларды жүргізу жаңа ойлар мен идеалардың пайда болуы, яғни клиентке қатысты немесе оның атынан жүзеге асырылатын іс-әрекетті жетілдіруге ықпал етеді.
Әлеуметтік қызметтегі барлық құжаттар есепке алынады. Бұлардың барлығы құжаттарды оңай табу мен олардың жоғалмауы үшін қажет. Тіркеу –құжаттардың жүргізілуін қадағалау құралдырының бірі. Әлеуметттік жұ мыскерге тіркеу журналдары мен кортотекаларды жүргізу жүктеледі. Ол тіркеудің әр-түрлі тәсілдері мен жетістігі мен кемшілігін түсінуі , тіркеу қағаздарының жазбаларын дұрыс және мұхият жүргізуі қажет.
Әлеуметтік жұмыскердің іс-қағаздарын жүргізуі төмендердегілерден тұрады: 1) әлеуметтік қызмет көрсетудің немесе жеке іс-тәжірибенің іс-әрекетін реттеуші, құқықтық , нормативтік актілер; 2) мекеме мен маманның іс-әрекетінің жалпы жоспарлауы; 3) жалпы тіркеу кітапшасындағы қабылдауға жазылулар, онда көмекке мұқтаж және әлеуметтік жұмыскермен келесі кездесу алдындағы қоңырау шалулары мен өтініштері тіркелінуі; 4) «клиент -әлеуметтік жұмыскер - әлеуметтік қызмет көрсету» өзара қатынастарын анықтайтын келіссөздер мен келісімдер; 5) қабылдау барысында келушінің өзі туралы айтқан мағлұматтарын ырықты « стенографиялау» немесе әлеуметтік жұмыскердің кездесу аяқталғаннан кейін ол туралы қысқаша ескертпелер түрінде жазған жинақталған жазбалары; 6) жасалынған жұмыстардың талдауы жүргізілген жеке жазба күнделіктері ; 7) клиенттер мәселелерін шешуге қатысатын ұйымдар мен мекемелермен хат алысу құжаттары; 8) жұмыс уақытының сол немесе басқа кезеңіне жасалған есеп берулер, сол немесе басқа бөлімнің, тұтастай әлеуметтік қызмет көрсетудің жұмысы бойынша есеп берулер.
Клиентпен тікелей жұмыс істеудегі іс-қағаздарын жүргізу әлеуметтік жұмыскердің өзі айтатын белгілі бір шағым мен мәселесі бар келушімен жеке кездесуінен басталынады. Әлеуметтік жұмыскермен бірге әрекеттесу келісімі өзара шешім қабылдаумен бекітілінеді. Шешім әдетте жазбаша, мысалы келіссөз, келісім, келісім шарт түрінде тіркелінеді. Онда біріккен жұмыстың мақсаты, оларды жүзеге асыру әдістері, клиенттің өзі туралы қажетті мағлұматтарды хабарлауға дайындығы нақтыланады. Әріқарай әдетте әлеуметтік жұмыскер клиенттің келісіміне сай өзара әрекеттесу жүйесін кеңейтеді және алғашқы келісімшарттарына сәйкес өзгертулер енгізеді. Осыдан әріптестік басталынады. Онда құжаттардың (оның кез-келген түрі: компьютер дискетасы немесе жинақтаушы құжат қапсырма) клиенттің қатысуынсыз жүргізілетін, оның адамдық құқықтарын бұзатын «досье» түріне айналынуына мүмкіндік бермейтін жақтардың жауапкершілік аумағы көрсетіледі.
Келесі қадам клиент туралы оның отбасы өмір жағдайы мәселелер тізімі туралы мәліметтер қорын жасау болып табылады. Бұл мағлұмат басқа да қабылдаулар уақытында үйлерінде болу, белгілі бір анықтамалық мағлұматтар нәтижесінде, тексерулермен, бланктер, «формаларды» толтырумен толықтырылады.
Қызмет көрсету процесін түсіру, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі деңгейлерінің орындаушыларымен бағытталынатын мамандардың қызмет көрсетулері мен координациялауға ықпал етуші көмектерді ұйымдастыру, көмек пен қолдау көрсету стратегияларын айқындау, шешім қабылдау процесін, талқылау нәтижелерін, ресми ұйғаруларды енгізуді, қаулылардың жүзеге асуы, біріккен әрекеттердің жүйесі мен перспективасын ұғынулар және әлеуметтік жұмыскердің басқа да әрекеттері маманның күнделігі мен есеп берулерінде тіркеледі.
Жеткен прогресс туралы қорытынды жазба –бұл резюме, онда жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы, « іс » жабылатын негізгі қорытындылар.
Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарын жүргізудің мәнді ерекшеліктері болатын құжаттардың бөліктерінің әр-түрлі бейнеде, түрде көрсетіле алу мүмкіндіктері:
1. Клиенттің сөздерінен, өзара әрекеттесуге қатысушы басқалардың сөздерінен мәселенің жеткізілінуі (субьективтік мағлұмат);
2. Қызмет көрсетудің бағалауымен, тараптардың жүріс-тұрысымен, ресми жандармен ұйымдардың көмек көрсету процесіне байланысты жасалынған талдау, жалпылау, алғашқы қорытындылау элементтері бар хабарлаушылық сипаттамалар (аналитикалық мағлұмат);
3. Тестілеу, анкета жүргізу, әртүрлі анықтамалар, куәліктер нәтижелері
( обьективтік мағлұмат);
4. Белгілі-бір формаға сай құрылған хаттамалар, бекітілген міндеттемелер, мінездемелер, сенім хаттар, әрекет жоспары мен бағдарламасы (іскерлік тактикалық мағлұмат);
5. Есеп беру өнімдері (белгілі-бір жұмыс туралы ақша соммасын алу туралы және т.б. ), комиссиялардың қорытындылары, тексеру актілері және т.с.с. (нәтижелерді тіркеуші мағлұмат);
Халықаралық әріптестікті барлық елдер әртүрлі деңгейде:саяси, әскери техникалық , үкіметтік емес деңгейін және т.б. түрде жүзеге асырылады. Өзіне әлеуметтік жұмыскер адам, «адам-адам» қатынасы мамандықтарының кез-келген мамандығын таңдаған адам тұлғаны ұлттық қауымдастықты, әлемдік бірлестікті бағалауды қазіргі кезде қай тұрғыдан анықтайтын негізгі халықаралық құжаттар білуі қажет.
БҰҰ жарлығы 1945 жылы екінші дүние жүзілік соғыс аяқтавлғаннен кейін бірден шығарылды да , БҰҰ бейбітшілікті қолдаумен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық шешімге ие болатындығын бейнелейтін жаңа келіссөздер жасап шығарды. Алғаш рет жекеленген, мемлекеттің геменділігін шектейтін халықаралық одақ құру туралы тілек айтылды. Ұлтаралық одақ жекеленген жандардың, топтың немесе қауымның қорғанысын қамтамасыз ететін адам құқығының кепілдігін жасауды міндетке алды. Бұл негізі аумақтардағы ішкі заң шығарушылық ұлтаралық нормаларға сай болуы қажет болды.
1948 жылғы адам құқығының жалпыға ортақ деклерациядан азаматтық ең абзал қасиеті бейнелеген. Алғаш рет осы құжатта көптеген саяси, мәден және діни дәстүрлергеи ортақ болып табылатын идеялар бір арнаға қосылады. Өзінің статусында жалпыға ортақ деклерация азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қамти отыра барлық адамдардың бостандығы мен негізгі құқықтарын анықтайды.
1965 жылы нәсілдік деклерацилардың барлық нормаларынң ликвидациясы туралы халықаралық кенвенция. Кенвенциядан теңдік принципін жүзеге асырумен әрбір адамға дискриминация болмайтындығына кепілдік берді.
1966 жылғы адам құқығы бойынша халықаралық Пактілер. Біреуі азаматтық және саяси құқыққа қатысты, ал екіншісі экономикалық әлеуметтік мәдени құқыққа байланысты жалпыға ортақ негізінде жасалған екі пакті. Адам құқығы бұзылған жағдайда соттық тәртіпте қорғауға көмек беретін халықаралық қабылданған нормалар тағайындайды.
Пактілер үш ортақ элементтерден тұрады:
Өзін-өзі анықтауға деген құқық, жүзеге асырылуы делонизацияға және жаңа көптеген мемлекеттердің БҰҰ мүшелікке кіруге әкелді.
Әйелдер мен ерлердің теңдік принципі және жынысы, нәсілі немесе діни ерекшеліктеріне байланысты деклерациялар
Бөлінбеушілік принципі, яғни азаматтық және саяси еріктіліктін экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтармен өзара тәуелділігі.
1966 азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакті. Патіде келесі құқықтар бекітілген: өмір сүруге, бостандыққа және зәбірлемеу және адамгершілікке сай емес нмесе адамның мәртебесін түсіретін, қаталдықпен жазалайтын қатынасқа берілмеу; құлдыққа тиым салу; өз еркімен тұтқындыққа және ұсталуға берілмеу; сөйлеу, дін,жиын және ассоциация кәсіподақтың мүшелігіне саналу еркіндігі; тұрғылықты жерді таңдау мен алға ұмтылуға ерікті; жалпыға ортақ сайлау құқығына ерікті; соттық шешімдерді қорғауға құқылы.
1969 жылы даму мен әлеуметтік прогесс деклерациясы. Деклерация әлеуметтіке әріптестік комлекстік бағдарламасы болып табылады. Ол әлеуметтік қағидалардың құндылығын бейнелейді және адамдардың әлеуметтік статусына жаңа қатынасты бекітеді. Деклерацияда қоғамның негізгі үлесі ретінде оның мүшелері үшін әсіресе балалар мен жастар үшін, табиғи орта ретінде от басына ерекше мән беріледі. Деклерацияда көрсетілгендей әрбір мемлекеттің іс-әрекеті ұлттық кіріс пен байлықты үнемі арттыруға және оның қоғамнңы барлық мүшелерінің арасында әділ бөлуге бағытталған.
Құқық бұзушыларды ұс тау, тұтқындау мен олармен жұмыс жасау ерекшеліктері. 1955 жылғы БҰҰ бірінші конгресі қылмыскерлерді алдын алу мен құқық бұзушылармен жұмыс жасау үшін түрмедегілерменг жұмыс жасау мен пенитенцинарлық мекемелерді басқарудың минималды стандарттық ережлерді қабылдады. 1971 жылда Басты Ассемблея осы ережелерді пенитенцианарлық басқарулар аумағы мен түзету орындарында тиімді қолдануды қамтамасыз етуді және оларды ұлттық заң шығарушылыққа енгізу мәселесін қарауды ұсынды.
1972 жылы қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы. БҰҰ қоршағант орта мәселесі бойынша конференциясында Стокголмде өткен әрбір адам сау қоршаған ортаға ие болуға құқылы және келер ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау мен қорғаауға борышты деп қарады. БҰҰ қоршаған орта жағдайны барлау мен экологиялық залалсыз іс-әрекетті қолдау бойынша қоршаған орта туралы бағадарламасы бекітілді. 1989 жылы зиянды қалдықтарды транс шекералық тасуды қадағалау туралы Базельдік конвенция жасалынды. 1992 жылы маусымда БҰҰ қаралған орта және даму туралы конференциясында ; дәләоек иайтқанда БҰҰ климаттық өзгеруі мен биологиылық әр түрліліктер туралы конвенциясында қоршаған ортаны қорғау аумағындағы маңазды ұлтаралық келіссөздер қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |