Эссе «Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы»



Дата23.08.2020
өлшемі13,65 Kb.
#76583
Байланысты:
Эссе Абай


Эссе «Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы»

(Абай Құнанбаев).

Білім!...Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қантамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асылы. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында жатыр. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы–білімде. Қазақстан - Тәуелсіз ел,білімді ұрпағымен мақтанады. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?!Ата бабам аңсаған еркіндіктің,елдіктің туын желбірету біздің басты мақсатымыз.Ұрпаққа терең білім мен тәрбие беру, бабаларым аңсағандай болуы тиіс.

Ел... Көптеген халықтардың,адал жандардың басын қосып,бірлік пен татулықта ұстап тұратын киелі сөз. Ал сол елді қолдайтын да, қорғайтын да,елін ,жерін сүіспеншілікпен аялайтын да дана,шешен,ақын жанды –дара тұлға. Міне,мен де ақын жанды дара тұлға ретінде Ыбырай Алтынсарин атамызды мақтан тұтар едім. Неге? Өйткені , ол қазақ халқы ұшін ,қазақ халқының өскелең ұрпақтары үшін білім негізін қалап,халықты білімге,парасаттылыққа ,тәлім-тәрбиеге шақыра отырып,білім ошағын ашты. Көптеген шәкірт тәрбиелеп,оқытып ,Абай,Шоқан аталарымыз сияқты елінің мақтан тұтатын ұлтшыл,қастерлі тұлғаларды жандандырды.

Ол дарынды ақын, ағартушы ғана емес,сонымен қатар халқымыздың – теңіздей тасыған маржандай жырларын жақсы біліп,өзінің еңбектеріне арқау еткен жан. Ол елінің қайғысы мен мұңын,қуанышы мен бақытын сипаттай отырып,ыстық ықыласпен сүйеніш ,арқау болатындай киелі өлең жырларын жазып кеткен болатын.

Қазақ елі небір зорлық – зомбылық ,қиын күндерді басынан өткізген халық..Намысты қолдан бермей,жауға шапқан күрестер бірінен-бірі жалғаса берді. Сондай қаралы заманда қиыншылықпен білім алып,ат жалын тартып мінген – Ыбырай атамыз білім үранын көтерді. Ол елді қорлықтан, азаптан құтқаратын жолды тек «білім» -деп есептеді. Бұл жағдайда ол жалғыз болған жоқ... Оның қасында оны қолдайтын да жандар болды. Оның ішінде Абай да көзге көрінді.

Ыбырай атамыз өзінің ашқан білім ошағында тілашар ретінде қазақ тілін пайдаланып, мектепте де ана тілінің таза, шұбарланбай оқытылуына ерекше көңіл бөлді. Міне, өзінің ана тіліне деген құрметінен-ақ оның қандай ұлтшыл екендігін аңғаруға болады.

«Әр заманның ,өзінің бір құрметті тұлғасы, қаһарманы болады»,-дейді. Алайда, Ыбырай Алтынсарин, қай кезде болмасын халықтың жүрегінен,тарихтан ойып тұрып өзінің өшпес орнын алды. Қазір еңбектеген баладан,қартайған қарттарға дейін оның шығармашылық өмірін,өлең- жырларын дәріптеп келеді. Себебі , ол жүректен- жүрекке , ауыздан – ауызға таралып жатқан өмірдің ащы шындығы мен тәтті қызығын , өлең шығармаларында,көркем әдебиетінде айқындап, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырып кетті. Біз оның өлеңдерін жаттап қана қоймай ,зор мақтанышпен , зор мәртебемен халыққа паш ете білуіміз керек.



Қазір қарап отырсақ , көп жандар біреу бір өлең, бір беттік шығарма жазса, бірден« ақын жанды тұлға»,- деп есептейді. Ол адамға жеткіліксіз... Өз елінің жан дүниесін , ашылмаған сырларын үлгіге ала отырып ,жүректен-жүреке жеткізе алса, сонда ғана халықтың арасынан өшпес орын алатыны сөзсіз.

Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай атамызды оқығаннан өлеңдерін тыңдағаннан бастап,керемет күйге бөленіп,қайта-қайта тыңдай бергің келеді. Тіпті, дана сөздерін ұрпаққа үлгі етемін..Ол- өзінің өмір жолында мәңгіліккеұмытылмас,өшпес ізін қалдырған ұлы тұлға.. Ыбырай- мәңгілікке ұрпақтарының жүрегінде сақталатын ұмытылмас қаһарман!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет