Эссе Сыбайлас жемқорлық күресу жолдары



Дата29.09.2022
өлшемі13,83 Kb.
#151218
Байланысты:
DOC-20220923-WA0007.
гиста рк 1 (1), Астрономия 1-2-3-4

Эссе
Сыбайлас жемқорлық күресу жолдары
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.
Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.Жемқорлықты жою – еліміздің фундаменталды құндылығы – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гулденуіне жағдай жасай аламыз.
Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөледі. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. Барлық деңгейдегі депутаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бизнес қауымдастығының, жастар ұйымдарының, ғылыми орта мен БАҚ қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылған. Аталған шаралар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Алайда жемқорлықпен күрес әлі өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
Өзара сенім, жауапкершілік пен серіктестік негізінде мемлекет, қоғам және бизнес өкілдерінің бірігуі, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастыру еліміздегі жемқорлық деген әлеуметтік мәселені жоятынына сенімдімін.
Амангелдиев Әділхан
УК-2

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет