Эссе Тақырыбы: «Мені шабыттандырады, мен шабыттанамын» «Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз»



Дата07.06.2020
өлшемі17,14 Kb.
#72584
Байланысты:
мен шабыттанамын


Эссе

Тақырыбы: «Мені шабыттандырады, мен шабыттанамын»

«Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз»
Әл-Фараби

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын жоғары морльды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек» деп айтқан екен. Осы айтылған сөзі өзін - өзі тану пәнінің негізгі мақсатымен ұштасып келіп отыр. Біз қарабалас заманда өмір сүріп келеміз, кей кезде танитын адамдармен амандасуға, жылы сөздерді айтуға, қиынсынамыз, ауыр сөздер айтып жақындарымызды ренжітіп аламыз. Сонда мынадай сұрақ туындайды? Осы сұрақтың жауабын ұлы данышпан Абай атамыз «адам қандай болуы керек» деген сұраққа» қара сөздерінде жауап береді.
«Адам ата- андан туғанда есті болмайды, естіп көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болды» деген. Абай атамыз айтақандай, оқу процесі кезінде рухани – адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақыта күні бүгінге дейін басты орында. Сондықтан да біздің елімізде адами жақсы құндылықтарды бастыға алып жетелейті пән - «өзін - өзі тану» пәні екені айтсақ артық етпес. «Өзін - өзі тану »пәнінің басты бағдары балалардың және жеткіншектің бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту. 

«Оқу-білім – инемен құдық қазғандай» — демекші, әрбір ұстаз үнемі өзінің білімін жетілдіріп отырады. Оның үстіне қазіргі қоғамның уақыт өткен сайын алға жылжып, дамып келеді. Заманның өзгеруіне қарай ұстаздар қауымы да өз білімдерінуақыт өткен сайын шыңдауда. Міне, сол ұстаздардың бірімін. Мен әр бір сабағымда оқушының көзіне, үстінің киім киісіне, сабаққа деген талпынысын, дайын-дайын еместігін қадағалап, әр оқушыға түсіністікпен қараймын. Оқушылардың көңіл-күйін түсіне отырып, сабағымды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты өткіземін. Әдіс-тәсілдер арқылы баланы шабыттандыра отырып өзімде шабыттанамын. Мысалы, 4- сыныпта «Дос болайық, бәріміз» атты тақырыбындағы сабағымда  оқушылар «Достық» ережесін күннің сәулелеріне ереже айтып құрастырып шығармашылық жұмыс орындады. Шығармашылық жұмыстарын қорғау кезінде барлығы ынтымақта күннің саулесін көбірек құруға тырысқандары мені шабыттандырды. Міне, оқушымен бірге өзімде іздене отырып шабыттанамын7

Оқушыларыммен жеке сөйлескенді ұнатам. Өзіңмен тең санап, жүрегінің кілтін таба білсең, сол баланың сыр сандық екенін ұғасың. Сол сандықтан шыққан сырлар жаңбырдан кейінгі кемпірқосақты есіңе салады. Түрлі ойлар, пікірлер, шешімдер…
Міне, балаларды  өзін-өзі тануға баулып келемін. Періште деп соларды айт. Сыныпқа кіріп, өз тағдырын сенің қолыңа тапсырып қойғандай жәудірей қараған сары үрпек балапандарды көргенде, жаның елжіреп кетеді-ау! Сол балапандардың жүрегіне ізгілік нұрын себу, оларды мейірімді, шыншыл, адал етіп тәрбиелеу, туған елді, туған жерді қастерлеу, ата-ананың қадірін білу құндылықтарын сіңіру парыз және міндет екенін түсінесің. Бұл пән оларға ұнайды. Өйткені, олар мені қуанышпен қарсы алады. Апта сайын асыға күтеді. Балалардың бақытты жүздерін көрген сайын мен де бақытқа бөленемін, шабыттанамын, Ұстаз үшін одан артықтың керегі де жоқ шығар… Осы сыныптағы «қуаныш-жан шуағы» тақырыбындағы сабағымда,
«Көршіңе қуаныш сыйла» ойын-жаттығу әдісін қолданғанымда,бірге қуанып шабыттандым, Оқушыларға әдемі етіп жасалған түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің кескіндерітаратылып берілген болатын.Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартты.

Жалпы айтқанда әрбір  сабағымда оқушы бойына рухани-адамгершілік  құндылықтарды сіңірген сайын шабыттанамын. Мен үшін рухани күштің қайнар бұлағы жақын жандарым-оқушыларым. Жүрегіме жақын жандардың мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөлене отырып шабыттанамын!!!



Бүгінгі таңда балалардың әусеқойлығы кітап емес, ғаламтор, әр түрлі ойындар, заманауи телефондар болып отыр. Осылардың бәрі балаларға кері әсерін тигізіп келеді. Компьютер ойындары балалардың мінез -құлқын өзгертіп, ұрыс- керіске, ұрлыққа,зорлық- зомбылыққа үйретіп отыр. Ал өзін -өз тану пәні ата - салтымыздан қалған қанатты сөздер, ойындар арқылы балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді. Бала деген – қаймағы бұзылмаған сүт, мөлдір лайланбаған су, тап- таза ақ парақ, жып- жылтыр айна демекші, өзін - өзі тану пәні осы тазалықты баланың бойында сақтап қалуға көмектеседі. Осы жақсы қасиеттерді баланың бойына дарытатын адам ол - ұстаз. Ұстаз адамгершілік пен руханилықтың нұрын төгетін, адамдардың өмірге көзқарсын, бір- біріне деген сый- құрмет сезімін қалыптастыратын адам.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін- ол ойға алған араманның орындалуы, келесі біреулер үшін жаңалыққа талпыныс, сол сияқты менің негізгі мамандығым – педагогика және психология.  
Өзін - өзі тану пәні әлемінің ең басты құндылығы- адам. Адам өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралған. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек деп ойлаймын. 
Өзін - өзі тану пәні туралы айтқан көп ой -толғаныстары менің өз пәніме деген сүйіспеншілігімді арттыра түсті. Рухани- адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы әңгімелеп берді. 
Осы пән арқылы мен өзімнің бойымдағы өзгерістерді байқадым . Әр уақытта сабырлы болуға, шыдамдылыққа, балаларды еркін ұстауға үйрендім. Қазіргі уақытта менің қөзқарасым өзгерді, күнделікті тақырыпта мен балалармен бірге ойланып, өзіме тың жаңалықтарды ашып, дауларды шешіп, жағдаяттарды оқып, дәйексөздердің мәнін ашуға үйрендім.
Біздің мектепте өзін- өзі тану сабағы жабдықталған жайлы кабинетте өтеді, қоңырау үнімен, күлкімен, күлімдеп келген оқушыларды көрген сәтте мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі болғаныма мақтанамын. Сабақ барысында оқушылар маған бар армандарымен, сырларымен мақсаттарымен бөліседі. Басқа мұғалімдерге қарағанда балаларға бір қадам жақын екенімді сеземін. Сабақта оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылмай айта алады, тіл байлығы артып келеді. 
Сабақта «Таным тағылымы» атты аңыз -әңгімедегі данышпаның шәкірттеріне айтқаны: «Көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет» демекші балаларға алдарында болатын қиындықтарды жеңе білуге, еш мұңаймауға, өмір тек қана ақтан ғана емес, қара жолақтардан тұратынын оқушыға шынайы мысалдар арқылы жеткізу- өзін-өзі тану пәнінің мақсаты деп есептеймін. 
Қорыта айтсақ, менің диплом бойынша мамандығым «өзін - өзі тану» болмаса,да, бар білгенімді, оқығанымды, үйренгенімді ортаға салып, балаларға тек қана жүрегіне жақсылық шамын жағуға септігімді тигізіп жүргеніме ризамын.. Эмиль Золяның «Қабілет болмаса, өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең, қабілетің түкке де жарамайды»деген сөзі мені қанаттандырды. Өзін - өзі тану пәнінің қыр -сырын байқап, әдіс тәсілдерін әлі де меңгеріп, үйреніп жүрімін. Әлемді өзгерте алмаймын , бірақ титтей болсаида балалардың бойына жақсылық нәрін тамызғым келеді. Жас ұрпақтың қабілеттерін жан - жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын арттырып, нағыз елін сүйген адам тәрбиелеймін деп үміттенемін...

Өзін-өзі тану пәнінің әрбір сабағы әр баланың шабытын арттырып, сенімін ұялатып, өз қажеттілігін өзі өтей алу дәрежесіне жеткізеді. Бала бойындағы мұндай шабыт пен сезім оның жалпы дамуына ғана емес, бала зейінінің шоғырлануына, қызығушылығының артуына, ерік-жігерінің тұрақталуына үлкен әсер етеді. Кеудесіне шабыт пен сезім ұялаған бала осы шабыт пен сезімді әр сабақ барысына қолдана алады. 


«Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адами құндылықтары, адамгершілік іс-әрекеттер мен мұраттарды өмірлік басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Соның нәтижесінде бала өзін-өзі таниды, бағалайды, тәрбиелейді. Меніңше, «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізуші көп ізденуі, сөйтіп өзінің білімімен, шешендігімен балаларды баурап алуы керек. Олар шә-кірттеріне мейірім, қуаныш сезіміне бөленетіндей шапағат сыйлай бі¬луі қажет. Сонда ғана балауса балдырған бойында адам¬герші¬лік¬тің ізгі нұры шуақ шашады. Бұл пәнді оқыту заман талабынан туындап отыр. Жалпы оқушылардың өзін-өзі тану пәніне деген қызығушылығы жоғары. Сөзімнің соңын елбасының «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» дегені өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады- деген жақсы бір пікірімен қорытындылағым келеді. Міне осылай, құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен қарай отырып, білімді, сауатты оқушылырды тәрбиелеп, болашақ үшін аянбай еңбек етулеріңе, жұмыста шығармашылық табыстарға жетулеріңе тілектестік білдіремін. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет