Этимология ұғымы. Ғылыми этимологияның маңызы мен ұстанымдары. "Халық этимологиясы, оның өзіндік ерекшеліктері»
Жоспар
Этимология ұғымы
2. Ғылыми этимологияның маңызы мен ұстанымдары. "Халық этимологиясы
Лексикологияның зерттеу нысаны- сөздік құрам, яғни лексика. Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология - атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология,қызықты этимология.
‘’’Халықтық этимология’’’ — сөздердің дыбыстық ұқсастығына қарай шығу тегін анықтауға байланысты пайда болған атау. “Халықтық этимология” терминін 1952 ж. неміс лингвисі Ферстеманн енгізген. Ал Н.В. Крушевский “лексикалық ассимиляция” деген терминді ұсынды. Халықтық этимология - да халықтың дамуындағы тарихи факторлар, тілдің фонетикалық, морфологиялық және морфонологиялық заңдылықтары ескеріле бермейді. Сол себепті көп жағдайда Халықтық этимология болжамдары ғылыми этимологияға қайшы келіп жатады.
Этимологиялық сөздік. Бұл — бір тілдегі сездердің осы күнгі тұлғасының қалай пайда болғандығын, шығу төркінін белгілі мысалдармен талдап түсіндіретін сөздіктің түрі. Бұған тілдегі бар сөздердің бәрі енбей, тек жасалуы, шығуы жағынан түсіндіруге қиыншылық келтіретін сөздер ғана енеді.