Әуен ойнап тұрады. Сахнаның екі жағынан Күн мен Түн шығады. Жер-Ана ортада. Көрініс: Күн



Дата17.02.2020
өлшемі36,73 Kb.
#58222
Байланысты:
Nauryz Nr sebele lysty ly kn 1429987769 78382

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»
Зал гүлдермен,шарлармен безендірілген.Сазды ән әуені ойнап тұрады. Көктем тақырыбына слайд немесе видео көрсетіледі.

Наурыз биі.

Әуен ойнап тұрады.Сахнаның екі жағынан Күн мен Түн шығады. Жер-Ана ортада.
Көрініс:

Күн: Армысың, Түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, Жаңа әлемдегі тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосар адамзат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңменен ажарлансын!

 Түн: Қайырлы күн! Тылсым тыныштықта жатсам да жер бетіндегі тіршілік иелерінің тірлігінен хабардармын. Өзің айтқандай Елбасымыздың Жолдауындағы халқымыздың тұрмыс тіршілігін, әл қуатын көтерудегі Мәңгілік елге оң қадамдары менің де қуанышым, сондықтан ашық аспан аясында жүздерінен бақыт нұры төгілген халқымды құшақ айқастыра тұрып құттықтағалы келдім.

 Жер ана: Адам үшін тыныс алуға, ішуге мөлдір су, тіпті өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет. Табиғат - арқашан да адамнан күшті және солай бола бермек те, өйткені адам оның бір ғана сәті, шынашақтай бөлшегі. Табиғат мәңгілік және шексіз. Алдың тұнық, тынысың тыныш болсын, Түн мен Күн, қазағымның қарышты қадамының тілекшісі бола берейік!
Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдызы көп түнмін

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін



Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.


Жігіт: Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде Наурыз күлімде.

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.


Барлығы сахнадан шығып кетеді.

Слайдтан таңның атуы мен күннің шыққаны көрсетіледі.

Тәу ету рәсімі. Ұлыстың ұлы күні Күн – Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырысты болады деп есептеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған. Әжелер шығып келе жатқан Күнге тәу етіп, иіліп сәлем береді.

Армысың қайырымды Күн – Ана!

Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!!!

Елімізге амандық,

Жерімізге құт береке дарыта көр! Тәу – тәу!!!
Ғаламдағы бар ғажапты

Құшағына алып тұрған Қасиетті көк аспан!

Бетіңді жамандықтың бұлты торламасын

Көгілдір нұрыңмен саулық бере көр!


Қараңғылықты нұрға бөлеп,

Татулықтың ақ нұрындай болған,

Ай – ару, жаманаттардың кесапатынан

Киелі елімді, қасиетті жерімді

Сақтай көр! Тәу – тәу!!!


Тіршілік көзі кәусар бұлақ!

Дән тасқыны мол болсын!

Жауын – шашыныңды көп етіп

Нұрыңды төге көр! Тәу – тәу!!!

Қызуы, жылуы мол

Құдыретті От!

Елімнің тірегі, берекесі

Қара қазанымды қызыл жалынға бөлеп.

Ағыл тегіл, молшылыққа кенелт!

Асымыз артылып, ернеуінен май төгіліп жатсын! Тәу – тәу!!!
Әжелер:Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін, құт дарысын

– деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарасады.


Әжелер кетеді. Сахнаға жарапазаншылар шығады.

Жарапазаншылар:

1. Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

2. Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар!

Елім наурыз келді деп,

Той дабылын қағыңдар!

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!
Жігіт: Қуанайық ағайын, көктем келді жеріме,

Қошеметпен көрейік, ару шықсын төріне.



Қыз: Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.



Сахнаға Наурыз қыз нөкерлерімен шығады.

Наурыз-қыз: «Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып өт.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Гүлдер биі. – бала бақша бүлдіршіндері



Көктем әні. – 9ә Айып Тоқжан

Залға әжелер шығып шашу шашады. Бір әже сахнада тұрып шашу шашады.Сахнаның сыртында тұрған қыз-жігіттер шығып, шашуды теріп алады.

Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл-көсір.


Қашанда құт - береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу-салты елімнің,


Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.



Шашу біткен соң,

1- жүргізуші:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық.

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық!


2- жүргізуші:

Наурыз болып бізге сын,

Кержалқаулар торықсын.

Талапты мен іскерге

Қыдыр келіп жолықсын!
Бірге:

Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,

Қыдыр ата бізге бата береді!

Қыдыр ата:
Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Әр күндерің көңілді болсын.

Мерейлерің тым биік болсын

Білімдерің аса терең болсын

Жетістіктерің орасан зор болсын,

Бағаларың өте жақсы болсын.

Аспандарың ашық болсын,

Дұшпандарың қашық болсын,

Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық қона берсін.

Береке күннен-күнге тола берсін,

Ырыс-құт басыңыздан аса берсін.

Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,

Еліміз ілгері аяқ баса берсін.

Аумин!


- Балаларым, ата-салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен.

Ал, қане, қандай қызықтарың бар?




  • Қыдыр ата, ауылымызда Манат әженің үлкен ұлының шаңырағында бесік той өткелі жатыр.Сол тамашаға барайық, балалардың ән-жырын,өнерін көрейік.


Көрініс:

Үйдің ішінде дастархан жаюлы. Қыз – келіншектер кәде – жораларын, шашуларын алып келіп жатыр.



Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Дастархан басындағы әңгіме:



Апасы: Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар.Ендеше .......................... әже сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді әжесіз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз – келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.

Бибала әже: Кәне, бесікті әкел.Бесік - өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.

Балалар: Әже, мына бесік тесік қой.

Бибала әже: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық, тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі.

Бибала әже енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып адыраспанмен бесікті бәле - жәледен аластайды.


Алас, алас, пәле-жаладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

Алас, алас, аласы,

Келді, міне, баласы.

Көш, көш, пәлесі,

Келді, міне, егесі.

Аталарың ақырса, одан қорықпа,

Аналарың, ағаларың шақырса, одан қорықпа,

Ойнақтаған лақтан қорықпа,

Сылдыраған бұлақтан қорықпа.

Тулаған тайдан,

Қуалаған ботадан қорықпа!

Маң төбеттей ұйқылы бол,

Түлкінің баласындай күлкілі бол.

Алас, алас, аласы,

Келді, міне, баласы.

Ұйықтап дем алсын, Қунап оянсын!

Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.

Апасы: Ал, Бибала әже, мынау сіздің сыйыңыз.

Бибала әжеге көйлек жабдық сияқты сый тартылады.



Әже бата береді:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл,өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандықтан тәлім алмасын!

Әже: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтата қой.

Қымбат апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани азықты ана тілінде қабылдайды.

Қыз – келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата – бабамыздың әдет – ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.


1.Әлди, әлди, әлпешім!

Ұйықта деймін, ұйықтайсың.

«Мә-мә» берсем қайтесің,

Ұйықта десем, ұқпайсың.

Жоқсың бүгін көз ілген,

Көп ісімнен бөгедің.

Жаудыраған көзіңнен!..

Ұйықтай қойшы, бөбегім.

2.Әлди,әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

Ұйықта десем, күлесің,

Айналайын күлкіңнен!

Ер жеткен соң білесің,

«Тұр-тұрлармын» бір күн мен

. «Кешіктің, - деп, - сабақтан»,

Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,

«Жоқ қой әлі таң атқан»,

- Деп жүрмеші бұртындап.

Әлди, әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

3.Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой

Ұйықтайтын бұл шағыңда.

Қызық өмір - думан той

Тұр ғой күтіп алдыңда.

Ұйықтап өткен не табар?

Бұл өмірге бекер кеп?

Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,

Ер жеткен соң бол сергек!

Әлди, бөпем, бөпемсің,

Кім боп шығар екенсің?

4. Күлімдейсің - күнімсің,

Батар дағы күн шығар.

Уілдейсің - күйімсің,

Күй де бір кез тыншығар.

Сен де тынық бір мезгіл,

Толқып кана жат, бөпем.

Аспанымда жүзе біл,

Айым менің - ақ бөпем!

Әлди, өлди, әлдиім,

Назды, нәзік ән-күйім!



Балалар: Біз бүгін көп дүниені білдік.

Әжелер әні. Дедімай-ау

Аралар биі. – балабақша бүлдіршіндері

Жігіттер:

Ата, көрші ауылда Марат ағаның шаңырағында тұсау кесу өткелі жатыр.Сол тамашаға барайық.

Көрініс: Тұсау кесу

Қазақ ырымшыл халық. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Жолы ақ болсын деп, үлкен сыйлы адамға тұсау кестірген. Ала жіппен тұсау кесу баланы келешекте, ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниетпен туған. Ішекпен байлағанда малды болсын, аузынан май кетпесін, барлық уақытта тоқшылықта болсын деген тілек болса, көк шөппен байлағанда жершіл болып, көк шөптей өсіп-өнсін деген ниетпен пайдаланған.

Олай болса, қазір тұсау кесу рәсіміне назар аударыңыздар.

Тұсауы кесілетін баланың беліне түйіншекке түйіп: бидай, арпа, қант, кәмпит, т.б. байланады.

Шақырған қонақтар шашумен, сыйлықтармен келген. Бүгінгі наурыз мерекесінде қазақ халқының жаңа қаз-қаз басып келе жатқан сәбиінің тұсауын алды ақ, өмірде сүрінбей сынақтардан өте берсін, қиындыққа мойымай тек жақсылыққа ұмтылсын деп кескелі отырмыз.

Баланың тұсауын ала жіппен кесейік.


(кішкентай баланың тұсауын әже кеседі. 2 әже екі жағынан жетектеп сәбиді ақ жайманың үстімен алып жүреді).

Әже:
Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.


Бір жігіт баланы ала қашқанда, екіншісі қуып беліндегі байлағанды алып, заттарынан тойда отырғандарға ауыз тигізеді.

Тұсауын кесіп сәбидің бар да жылдам,

Құр қалмасын өмірдің сайранынан

Шапқыласын туған жер төсінде еркін

Қыз қызғалдағын құлпыртып елімде жайнап жүрсін.

Теңге алу ойыны.

Қара жорға биі. – 5 сынып

Ән. – 5ә , Бегарыс

Қыз-жігіттер : Наурыз сыйлап қуаныш бақыт нәрін,

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің.

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің! – деп біз де өзіміз дайындаған дастарханнан көже ішіп, теледидар тамашалайық.
Келесі айдарымыз «Өркениет қазақтан тараған» деп аталады.
- Өркениет қазақтан тараған.

Қазір ХХІғ- атом ғасыры , барлық қызметті техника атқарады.Бірақ тарихқа жүгінсек, атамыз қазақ баяғыда-ақ осының барлығын ойлап шығарып, пайдаланып та жүрген. Мысалы….

ҚАЗАҚИ МИКРОВОЛНОВКА

Бір табақты аласыз, оның үстіне екінші табақты жабасыз. Үстін әдемілеп отырып қоламтамен жабасыз. Ішіндегі нан піскенде апаң «әй, жүгірмек, анау күйіп барады» деген дыбыс шығарады.

МАГНИТОФОН

Ешқандай дыбыс күшейткішсіз- ақ дауысы көрші ауылға естілетін магнитафондар қазақтарда көп болған. Әсіресе, халық арасында кеңінен танымал болған маркалары: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса т.б.

МҰЗДАТҚЫШ

Ертеде қазақтар жер үйде тұрған. Сол үйдің терезесінен немесе киіз үйдің іргесінен азық салынған дорбаларын қыстың күні шығарып қойса, ешқандай да бұзылмайды. Мұндай тоңазытқыштарды осы күнге дейін жатақханаларадан көруге болады.

ТЕЛЕВИЗОР

Қазақтарда телевизор сонау заманнан-ақ болған. Киіз үйдің іргесін түріп қойып ауылдың тірлігін бақылап жатсаңыз одан комедияны да, трагедияны да сериал түрінде көруге болады.

ҚЫСҚАСЫ, ӨЗІМІЗДІҢ АҚЫЛДЫЛЫҒЫМЫЗҒА, КЕМЕҢГЕРЛІГІМІЗГЕ ЕШ ШЕК КЕЛТІРМЕГЕН ДҰРЫС БОЛАР. Ең бастысы, осы жетістіктерді сәтімен пайдалан білсек болғаны.

Сіздермен бірге болған мен Еркежан – Қарлығаш.
Би немесе ән
Теледидар өшіріледі.
Жігіт: Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.

1-жүргізуші. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен балалар,

Сол себептен сіздерге қоятын сұрақтар бар.

Сұрақтар :

1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?

(Наурыз төлі)

2) Наурыз көже қалай жасалады?

(7 немесе 9 тағам түрі)

3) Наурызша деген қандай мағына береді?

(Наурыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар

4) Сүттен жасалатын тағамды ата?

(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)

5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)

6) Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік? (бәйшешек)

1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)

3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (  21 наурыз)

4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? ( Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

5) Наурызнама – деген не?(шат – шадыман, ойын-сауық )

6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

Көрініс . Наурызнамада.

Кешке ойын-сауық жалғасуда.



Жігіт: Біздің еліміз тәуелсіздік алғалы бері 24 жыл болды. Содан бері қазақ елі бір ел астында түрлі ұлттар мен ұлыстармен  бейбіт өмір сүруде. 

 Қыз: Бұл біздің қонақжайлығымызды, ауызбіршілігімізді білдірмейді емес пе? Наурыз мерекесін тек қазақ елі емес, әлемнің барлық түкпіріндегі қазақтар да, өз отанымыздағы басқа ұлттар да тойлайды.


Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Жігіт: - Сізді көріп сермеді жыр құлашын,

Кеудемде бір қамданып тұрды лашын.

Наурызда жөн сұрау айып емес,

Амансың ба?! Атың кім Құрбыласым!

Қыз: - Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген,

Жөн сұрайтын бар ма адам еркек бізден.

Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,

Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.

Жігіт: - Не десең де теңсіңдер, еріктерің,

Сый жинауға алаңға келіп пе едің?

Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып,

Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?

Қыз: - Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік,

Қозы келсе болар ма Баян да ерік.

Ұйқың әлі, жігітім, ашылмаса,

Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?

Жігіт: - Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген,

Ендігіде жөніммен дұрыс келем.

Наурызың, құрбылас, құтты болсын,

Танысармыз «бір көрген біліс» - деген... 

Қыздар жігіттерге «ұйқыашар» береді. Содан кейін жігіттер қыздарға «селтеткізер» ұсынады.


Ән. Бақыт құшағында – Айсұлу,Аяулым

Би.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жердің тойы – Наурызым!

Елдің тойы – Наурызым!

Төлдің тойы – Наурызым!

Көңіл тойы – Наурызым!

Көктем тойы – Наурызым!

Ең соңына:

-Наурыз құтты болсын,

-Дендеріміз сау мықты болсын!

-Наурыз тойы келе берсін,

- Барлық халық бақытты бола берсін!

-Еліміздің несібесі көп болсын.

-Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

-Қош сау болыңыздар халайық,



-Көріскенше күн жарық болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет