Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті
Факультет:Жаратылыстану ғылымдары
БӨЖ Тақырыбы:Ғалам бас қатырған 7 есеп
Тобы:ЖМК-311
Орындаған:Саттархан А.
Қабылдаған:Тұрғанбаева Ж.
Түркістан 2023
2000 жылы Клэй институты 7 есепті құрайтын шығарылмаған математикалық есептердің тізімін жасады. "Мыңжылдық есептер" деген атпен белгілі. Осы есептердің әр-қайсысына 1000000 АҚШ доллары сыйлыққа беріледі (шығарған адамға әрине).
Ол мына есептер:
1. Кукқиындығы Бір де бір есеп шешімінің дұрыстығын тексеру, сол шешімді табуға кеткен уақыттан ұзағырақ бола алады ма? Бұл логикалық есеп криптография (ақпаратты шифрлау) негіздерін “адам танымастай” өзгертер еді.
2. Римангипотезасы 2, 3, 5, 7, т.т сияқты өзіне ғана бөлінетін жай сандар бар. Қанша жай сан бар екені белгісіз. Шешімі бар екенін және олардың таралу заңдылықтарын анықтауға болатынын Риман болжаған. Кімде кім тапса – криптографияға үлкен қызмет болар еді.
3. Берч және Свиннертон-Дайер гипотезасы Қиындық – дәрежелі үш белгісізі бар теңдеуді( x2 + y2 = z2 типтес) шешумен байланысты. Күрделілігі әр түрлі теңдеулерге жарайтын тәсіл табу керек. Евклид x2 + y2 = z2 теңдеуінің шешімін толығымен түсіндіріп кеткен. Бірақ, күрделі теңдеулерді шешуге өте қиын.
4. Ходж гипотезасы Күрделі объекттердің формасын зерттеу амалдарын математиктер ХХ ғасырда тапқан. Гипотезаның негізгі идеясы объекттің орнына қарапайым “кірпіштерді” қолдану. Ол “кірпіштер” өзара жабыстырылған және объекттің көшірмесіндей. Объект құрастыруға болатынын және бұның әр уақытта мүмкін екенін дәлелдеу керек.
5. Навье-Стокс теңдеуі Ұшақта отырып есіңізге түсіріңіз. Теңдеу ұшақты ауада “қалқытатын” ауа ағындарын сипаттайды. Қазіргі күні жорамалдап шығарады, жорамал формулалармен. Дәл теңдеуді анықтап, әрдайым дұрыс және үш-өлшемді кеңістікте (трехмерое пространство) шешімі бар теңдеулер барын дәлелдеу керек.