Ғылым апталығы 1 жүргізуші



бет1/3
Дата16.04.2022
өлшемі22,56 Kb.
#139481
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Материал Ғылым апталығы


Ғылым апталығы
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Химия, биология» ғылым апталығының кезекті іс-шарасына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында ғылым апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
1 - жүргізуші:Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
жаратылыстану елінде,
орыс, қазақ тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып, шалқысып,
Көңілді ән салысып.
қызықты кеш жасайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
2– жүргізуші : Бүгін біз биология, химия елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін еліміз – биология елі
1– жүргізуші : Ендеше кезекті бізді қоршаған тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін меңгертетін биология ғылымы жөнінде айтары бар жас өрендерге берейік
1-оқушы: Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
2-оқушы: Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір ауа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,береді ол қарызға.
3-оқушы: Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
4-оқушы: Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!


2– жүргізуші : Бәріміз мында қарайық
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Биология пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет