Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
АБ төрағасы
__________________ Макулов К.К.
« ____» ________ 20 __ ж.
B04.027 Математикалық статистика пәнінің
SYLLABUS
Мамандығы: 6В01501 - Математика
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 4, семестр: 7
ЕCTS саны: 5
Оқу тілі: қазақша
Силлабус АБ __.___. 2021 ж. (№._ хаттама) мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі ________ Г.Н.Нигметова
Пән оқытушысы: __________ Б.Т. Урбисинова
Пән оқытушысы туралы мәлімет: Б.Т. Урбисинова, «Іргелі ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, математика магистрі
Кеңес беру уақыты: аптаның сейсенбі күні, 16.00-17.00, lessons.yu.edu.kz
Тел ном.: +7 7781138728. Электронды поштасы: batikhan.urbissinova@yu.edu.kz
Ақтау, 2021
1. Пәннің сипаттамасы: «Математикалық статистика» пәні кездейсоқ тәжірибелердің математикалық моделін оқып – зерттеумен және оны шешумен, белгiлi ықтималдық моделiнiң жекелей параметрлерi мен құрылымын, оның статистикалық мәлiметтерi бойынша сынақтап, әртүрлi болжамдарды тексеру тәсiлдерiн қарастырып, қажеттi статистикалық мәлiметтер беретiн эксперименттердi жоспарлау ережелерiн нұсқаумен айналысады, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар мен процесстерді болжауға, оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектеседі.
2. Пәннің мақсаты: кездейсоқ факторлар негізінде құрылатын математикалық модельдерді тұрғызу және талдау жасау туралы түсініктерді қалыптастыру, математикалық статистика есептерінің қойылуы мен шешу әдістерін үйрету.
3. Пәннің міндеттері:
- студенттерді өздерінің практикалық жұмыстарында есептеу әдістерін қолдана білуге үйрету;
- студенттердің жалпы математикалық білім деңгейін жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру;
- математикалық есептерді зерттеуде, талдауда болашақ мамандардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |