ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Философия саласындағы
термин сөздер
Студент: А. Дайынова
ҚТӘ-21 тобы
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Г.Б. Мамаева
Астана 2018
Мазмұны
Кіріспе 1
1. Терминге қойылатын талаптар 2
2. Синтетикалық тәсілмен жасалған философиялық терминдер 4
2.1 Синтетикалық тəсілмен жасалған ұлт тіліндегі жəне будан терминдер 12
3.Аналитикалық тәсілмен жасалған философиялық терминдер 17
3.1 Аналитикалық тəсілмен жасалған ұлт тіліндегі жəне будан терминдер 27
3.2 Терминбөлшектер арқылы жасалған терминдер 39
3.3 Эпоним терминдер 52
4. Сәтсіз аударылған философиялық терминдер 55
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60
Мақсаты:
2014 жылғы қазақша-орысша салалық терминологиялық сөздік бойынша философия саласының терминдерімен жұмыс жүргізе отырып, терминдерді қоғамдық санамызға да, тілдік қолданысымызға сай іріктеп, біріздендіру. Терминдердің орфографиялық, грамматикалық, фонетикалық нормаларға сай болуын қадағалап, қате, сәтсіз аударылған терминдермен жұмыс жүргізу. Жаңа ұғымдар мен түсініктердің ұлт тіліндегі сөздер арқылы сәтті баламасын тауып, қолданысқа енгізу.
Міндеттері:
1. Қазақша- орысша терминологиялық сөздіктегі сәтсіз аударылған терминдердің дұрыс нұсқасын ұсыну;
2. Тілдік қолданысымыздағы философия саласының терминдерін терминжасам тәсілдері бойынша іріктеу;
3. Философия терминдерін қарастыру барысында шет тілінен енген сөздердің қазақша дұрыс баламасын іздеу, жинақтау;
Әдістері: мәліметтерді жинақтау, статистикалық талдау, сауалнама.
Пән сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды, басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы, сөздерімен шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пән сөздеріне лайық сөздер әздеуге ерініп, дайын пән сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен әдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жіберу даражаға жеткен.
Қазақ жат сөздерге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, білмейтін-қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді.Тіл арасына жүк түсіріп алмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп қолданды.Ол тәртіп қазақ білімпаздарының тұңғыш тобында қабылданғаны айтылды.
Сол жолы басқа түріктер қолдануына да теріс болмас делінді.Құрылтай қарары да осы негізде болды.Бірақ, жалғыз қазақ емес, басқалар да қолданатын болғандықтан, біздің қолданған тәртібімізге қосқандары мынау болды: түрік жұрттары тілдерінің жақындығына қарай топталып бөлінсін, пән сөз топ ішіндегі жұрттардың бәріне ортақ түрде алынсын.
1-інші басқыштағы мектептерде қолданатын пән сөздер әр жұрттың өз тілінен алынуы абзал; 2-нші басқыштағы мектептерде қолданатын топқа ортақтастырып алған пән сөздер болсын.Жоғарғы мектептерде әлемге жайылған Европа пән сөздері қоданылсын делінді[1,113].
1. Терминге қойылатын негізгі талаптар:
1. Терминнің бірмағыналылығы. Термин негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы керек. "Бір таңбаланушыға — бір таңба, бір таңбаға — бір таңбаланушы" сәйкес келуі керек.
2. Термин мағынасының дәлдігі. Термин атаудың өзі белгілейтін ұғымның мазмұнын қамтып, ұғымның негізгі басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі.
3. Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминді ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп қүранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары.
4. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды.
5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атауларға соз тудырушы жұрнақтарды үсті-үстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бүл талапқа жауап бере бермейді. Бұл талапты терминнің сөз тудыруға (деривациялык) қабілеттілігі деп те атайды.
6. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образдылықгы емес, әр үғымды оз атымен атауды кажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін қүрайтын терминдердің эмоциональдық түрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі.
7. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуга қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде тандалмағаны жөн [2, 89-92 ].
2. Синтетикалық тәсілмен жасалған философиялық терминдер
Қосымшалар дегеніміз сөз емес, сөзге жалғанатын буындар. Бұларда өз алдына мағына жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да, сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөздің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді.
1. -лық жұрнақ. Мәселен: бала-лық, жау-лық, қу-лық.
-Сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «лық» жұрнақ өзгеріліп, «дық» болып жалғасады. Мәселен: қан-дық, аң-дық
-Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «лық» жұрнақ «тық» болып жалғасады. Мәселен: қас-тық, сақ-тық.
2. -шы жұрнақ. Жуан сөзде жуан, жіңішке сөзде жіңішке айтылады. Мәселен: мал-шы, түйе-ші, жылқы-шы.
3. -шылжұрнақ. Жуан сөзде жуан, жіңішке сөзде жіңішке айтылады. Мәселен: қазақ-шыл, күн-шіл, қайғы-шыл.
4. -лас жұрнақ. Мәселен: қора-лас, ай-лас.
-Түбір сөздің аяғы ұяң болса, «лас» орнына «дас» болып жалғасады. Мәселен: мұң-дас, қан-дас.
-Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «лас» орнына «тас» болып жалғасады. Мәселен: от-тас, тап-тас.
-Түбір сөздің аяғы жіңішке дыбыс болса, «лас» орнына «лес», «дас» орнына «дес», «тас» орнына «тес» болып жалғасады. Мәселен: төбе-лес, көл-дес, жер-лес.
5. -лы жұрнақ. Мәселен: тай-лы, қар-лы, тау-лы.
-Түбір сөздің аяғы ұяң бослса «лы» орнына «ді» болып жалғасады. Мәселен: мұң-ды, шам-ды.
-Түбір сөздің аяғы қатаң болса, «лы» орнына «ты» болып жалғасады. Мәселен: сап-ты, ат-ты.
Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақтар да жіңішке болып жалғасады. Мәселен: шеге-лі, түйе-лі.
6. -лау жұрнақ. Мәселен: сұлу-лау, лар-лау, қара-лау.
-Түбір сөздің аяңы ұяң дыбыс болса, «лау» орнына «дау» болып жалғасады: Мәселен: паң-дау, шың-дау.
-Түбір сөздің аяңы қатаң дыбыс болса, «лау» орнына «тау» болып жалғасады. Мәселен: ақ-тау, жас-тау.
7. -сыз жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөзге жуан жалғанса жуан, жіңішке жалғанса жіңішке боып айтылады. Мәселен: құлақ-сыз, иек-сіз.
8. -ғы жұрнақ. Мәселен: бұрын-ғы, ар-ғы, соң-ғы.
-Түбір сөз жіңішке болса, «ғы» жұрнақ «гі» болып жалғасады. Мәселен: бүгінн-гі, кейін-гі.
-Қатаң дыбыстардан соң, жуан сөздерде «қы» болып, жіңішке сөздерде «кі» болып өзгереді. Мәселен: арт-қы, шет-кі.
9. -еке жұрнақ. Мәселен: Төре-еке, би-еке, батыр-еке.
10. -ыншы жұрнақ. Мәселен: он-ыншы, мың-ыншы.
-Бұл жұрнақ жуан сөзге жалғасса, жуан болып айтыады, жіңішке сөзге жалғасса, жіңішке болып айтылады. Мәселен: бір-інші, тоғыз-ыншы.
11. – у жұрнақ. Мәселен: кет-у, бар-у.
12. -ғыш жұрнақ. Мәселен: жан-ғыш, оғы-ғыш, сау-ғыш.
-Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «ғыш» орнына «қыш» болып жалғасады. Мәселен: айт-қыш, тап-қыш.
-Түбір сөз жіңішке болса, «ғыш» орнына «гіш» болып, «қыш» орнына «кіш» болып жалғасады. Мәселен: сөйле-гіш, ек-кіш.
13. -ғыш жұрнақ. Бұл жұрнақ «ғыш» сияқты түбір сөздің аяғына жаңа түбіріне қарай «қын», «кін»,»гін» болып жалғасады. Мәселен: қу-ғын, аз-ғын.
14. -ық жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, жуан, жіңішке болса, жіңішке юолып жалғасады. Мәселен: аш-ық, бұз-ық, тес-ік.
15. -ақ жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, «ақ» күйінде, жіңішке боса, «ек» күйінде жалғасады. Мәселен: тұр-ақ, кес-ек.
16. -ыс жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, жуан акйтылады, жіңішке болса жіңіке айтылады. Мәселен: тарт-ыс, бұр-ыс.
17. -м жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, жуан күйінде, жіңішке болса, жіңішке күйінде жалғанады. Мәселен: атта-м, кетті-м, жұтты-м.
18. -ынды жұрнақ. Бұл жұрнақ жуан сөзге жалғанса, жуан болып, жіңішке сөзге жалғанса, жіңіке боып жалғасады. Мәселен: қос-ынды, қаз-ынды, ұр-ынды, кес-інді.
19. -ма жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты не жарты дауысты болса, «ма» күйінде жалғасады. Мәселен: таста-ма, ту-ма, сау-ма, сана-ма.
-Түбір сөздің аяғы басқа дыбыстар болса «ма» орнына «ба», «па» боып жалғасады. Мәселен: бас-па, ат-па, шам-ба.
-Түбір сөздер жіңішке болса, «ма» орнына «ме», «ба» орнына «бе», «па» орнына «пе» болып жалғасады. Мәселен: көм-бе, іл-ме, кес-пе [1, 137-140 ].
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінде сөздің бір қалыпта тұрмайтынын, бір сөздің өзі бірде тура күйде, бірде бұрма күйде болып, өзгеріп, түрленіп отыратынын айтады. Сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз. Сөз тұлғасының түрленуі, я сөздің түпкі мағынасына жаңа мағынаүстеу үшін ғана керек; я болмаса, сол сөзді басқа бір сөзбен байланыстыру үшін керек. Сөз -сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейді.
Сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін түп бөлшек немесе қысқартып түбір дейміз.Сөздің түбірі қосымшасыз, өзі ғана тұрса, түбір сөз дейміз. Айдын көл – түбір сөз.
Сөздің түбірі оңаша тұрмай, қосымша қосып алып тұрса, қосымшалы сөз дейміз.
Көлде, көлді, көлшік түрінде тұрған сөздердің бәрі де қосымшалы сөздер.
Қосымша екі түрлі:бір түрі өзі жалғанған сөзді басқа бір сөзбен қыйындау үшін керек; екінші түрі өзі жалғанған сөздің түп мағынасына ғана мағына үстеу керек.
Көлшік дегендегі көл сөзіне шік қосымшасы бұл сөзді басқа сөзбен кыйындау үшін емес, көл сөзіне мағына үстеу үшін тұр. Көлшік десек, үлкен емес, кішкене көл екенін көрсеткен боламыз.
Осындай сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны үстеу дейміз.
Үстеу көп болады да, жалғау аз болады. Үстеу мен жалғаудың түбірге екеуі де, жалғанса, үстеу бұрын келеді, ең соңынан жалғау келеді. Орақшы деген сөздің түбірі ор, үстеулері бірінші– -ақ, екінші – -шы. Орақ-шы-лық десек, бір сөздің өзінде - ақ, -шы, -лық деген үш үстеу болады.
Түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің әрқайсысы бір-бір тұтас сөз саналады да, өзге сөзден бөлек , әр түбір өзінің қосымшаларымен қосылып жазылады. Мысалы, ор, орақшы, орақшының, көл, көлшік, көлшіктерде.
Синтетикалық сөзжасам күрделілігі мынандай екі жағдайдан көрінеді:
1. Туынды сөз жасауға негіз болатын себепші негіздің мағыналық жағынан күрделілігі. Яғни себепші негіз тарихи тұрғыда өзі туынды тұлға болып саналады да, жаңа үшіншілік мағына туғызуға себепші негіз болады.
2. Сөз туғызушы морфеманың мағынасы да тарихи тұрғыдан алғанда күрделі мәселе, Қосымша морфеманың дені (бәлкім бәрі де) тарихи—диахрондық аспектіден байыптағанда, түбір сөздердің десемантизацияланып, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынаға алмасқанынан туындаған деген пікір түркологияда бұрыннан белгілі. Олай болса, сөз тудырушы қосымша морфеманың мағыналық құрылымы жөнінде де келелі мәселелерді сөз ету қажеттілігі туындайды [4, 206].
Морфологиялық немесе синтетикалық тәсіл дегенде әңгіме қазақ тілінің сөз жасауға, сөз түрлендіруге қатыстырылатын қосымшаларының термин жасаудағы рөлі жайында болмақ.
Сөзжасамның бұл тәсілі барлық тілдерде бірдей болып көрінгенмен, қазақ тілінің сөз тудыру моделінде өзіне тән сыр, сипат бар. Мұны біз терминжасамға қатысты жағынан саралап қараймыз.
Жалпы, қазақ тілінің сөзжасамға қатыстырылатын қосымшалары туралы әңгіме қозғалғанда мамандар -шы, -ші, -лық, -лік, -шылық, -шілік, -ма, -ме, -ыс, -іс, -ім, -ш, -іл, -л, -қы, -кі, -у қосымшаларын өнімділер қатарына қосып жүргенін ескеру керек.
Алайда бұл қосымшалардың терминжасамдағы өнімділігі үнемі бір деңгейде емес екені де түсінікті болар. Терминдік материалды сұрыптағанда, әсіресе қоғамдық ғылымдар терминологиясын сарапқа салғанда, бұлардың терминжасам процесіндегі қызметі әрбір кезеңге орай және ғылым мен техниканың даму деңгейіне байланысты құбылып отыратынын көреміз. Өнімсіздеу немесе өнімділігі орташалау деп танылатын кейбір жалғаулардың -ым, -ім, -м, -ыс, -іс, -с, -қы, -кі, -к, -қыш, -кіш, -уыш, -уіш, -кері, -гері қоғам дамуының сипатына сәйкес ерекше активтілік танытанынын көптеген мысалдар дәлелдейді [5, 97].
Туынды сөздер арқылы тілдің сөздік қоры байып, үнемі толығып отырады. Көне жазба ескерткіштер тілдің сөздік қоры мен қазіргі түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің сөздік қорының айырмасы жер мен көктей. Өйткені әр заманның өз жаңалығы болады, ол - заттық дүние, ғылым мен техника, сана мен сезім, мәдениет пен әдебиет т.б өмірдің әр саласына қатысты жаңалықтар. Өмірдегі болып жатқан жаңалықтар жаңа ұғым туғызады, олар тілде жаңа сөздер, атаулар арқылы аталады . Кейде өмірдегі жаңалық өз атауымен бірге басқа халықтан келіп қосылуы да - бар құбылыс. Бірақ ол тілдің сөздік қорының баюының, молығуының негізгі жолы емес.
Тілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтарды туынды сөз жасау үшін қалай, қандай тәртіпте қолданудың жолдары тілде талай заманнан бері өңделіп, бекіп, түрлі заңдылық ретінде қалыптасқан. Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Оқырман, көрермен, тәлімгер, жүлдегер, қаламгер, қатпаршақ , ақта,сынақ сияқты туынды сөздер лексикалық мағыналы сөзге –ман, -мен, -гер, -шақ, - та, -ық жұрнақтары жалғану арқылы жасалған [6,165 ].
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екі тілдік бірліктің қатысуы керек:
1.Лексикалық мағыналы сөз,
2. Сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.
Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ақ, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөз деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет. Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі талап оның лексикалық мағынасы болуы керек. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз де қысқарған сөз де атқара береді.
Мысалы, көгер, түндік, айлық деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, дегендерге егін, өнім, білім деген туынды түбірлер негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де – лексикалық мағыналы сөздер яғни туыгды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болады, онсыз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның құрамындағы негіз сөзге байланысты. Негіз сөз яғни негіз морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болады. Сондықтан оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалық тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол- жалпы сөзжасамға қатысты қалыптасқан , толық, қатал сақталатын заңдылық [7, 171].
А.Ысқақов "Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп атап, оларды зат есім сөзжасамында берген . Соңғы зерттеу бойынша зат есім лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мән қосатын 21 жұрнақ бар. Олар төмендегілер:
1 -еке, -қа, -ке (Жұмеке, Мүке, Сәке);
2 -й (апай, ағай, әкей, шешей)'
3 -тай (ағатай, әкетай, көкетай);
4 -жан (Ардақжан, көкежан);
5 -қан, -ақан (ботақан, қошақан);
6 -қай, -кей (балақай, шешекей)'
7 -шақ, -шек (құлыншақ, інішек);
8 -шық, -шік (қапшық, көлшік);
9 -ша, -ше (кітапша, өгізше);
10 -ш (Құрмаш, Айнаш);
11 -сымақ (көлсымақ, таусымақ);
12 -шығаш, -шігеш (байшығаш, ершігеш);
13 -жын, -жін (құнажын, дөнежін);
14 -ес (белес, дөңес); 15) -қа (қырқа);
16) -ат (қырат);
17) -қал (шатқал);
18) -пат (ойпат);
19) -пан (балапан);
20) -анақ (шұқанақ);
21) -қалаң (шатқалаң);
Бұл жұрнақгардың тілде атқаратын қызметтері бірдей емес. Бұлардың ішінде тілде белсенді қызмет атқаратын өнімділері де бар, қызметі тарылған өнімсіздері де бар. Өнімді жұрнақтарға -еке, -қа -ке, -й, -тай, -жан, -шақ, -шек, -шық, -шік, -ш, -сымақ жұрнақтары жатады. Бұлар күнделік өмірде жиі қолданылады, өрісі кең жұрнақтар.Кейде жекелеген жанды зат атауларына жалғанып, оларға да кішілік мән қосуы кездеседі. Олардан кітапша, сандықша, көрпеше, қобдиша, өзенше, тұмсықша, өгізше сөздерін атауға болады. Сын есімдердегі ұзынша, сұрша, бозша, көкше сөздердегі — ша, -ше жұрнағы мен зат есім жұрнағының арасында байланыс бары байқалады. Олардың мағынасы жақын. Сын есімдегі —ша, -ше жұрнағы да түстің бәсендігін, солғындығын яғни аздығын білдіреді.
1. Тамаққа қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-мал: саумал
-ма. -ме: жарма, салма, кеспе, сүзбе
-дақ: қуырдақ
-маш, -меш: қуырмаш, көмбеш
-м: жем
-іс: жеміс
-іт: іркіт
-мақ кұймақ
-қы: ашытқы, ұйытқы, іріткі
-мық: быламық
-пақ: қойыртпақ
2. Құрал-сайман атауын жасайтын жұрнақтар
-ғы, -гі: бұрғы, шапқы, шалғы, сүргі
-ақ, -ық, -ік: орақ, қармақ, қайрақ, күрек
-у: көсеу, қашау
-ма,-ме: шалма
-кіш: кескіш
-нда: бұранда
-уыш, -уіш: керуіш, тырнауыш
-уік: тістеуік
-кыш, қаш: қысқыш, түтқыш
-уыр: шымшуыр
3. Табиғат, мезгілге байланысты атау жасайтын жұрнақтар
-й: қурай
-а: жыра
-шы, -ші: тамшы
-н: боран, толқын, ағын, құйын, жауын
-сын, -сін: күресін, борасын
-па: оппа, ықтырма
-қақ: қатқақ
-гі: тебінгі
-ыс: батыс, шығыс, жаратылыс, өріс
-мық: қыламық
-у: қылау.
-ашақ, -ешек: болашақ, келешек
4. Дене мүшелері атауын жасайтын жұрнақтар
-шақ, -шек: емшек, құйымшақ -ін: пішін
-пір: кеспір.
-ақ, -ек: тырнақ, білек, жүрек
5. Нақты зат атауын жасайтын жұрнақтар
-дақ: қидақ. Мысалы, Матаның ұсақ қидақтарынан көрпеше жасайды (Диалект).
-ым, -ім: киім, өнім, тізім, соғым, күзем
-н: қорған
-л: қамал
-уіш: желпуіш, түйреуіш, өлшеуіш
-у: тұсау, тіреу, құрсау, қадау
-ма, -ме: түйме, қаптырма, кездеме, керме, тартпа, қойма
-мақ, -мек: сырмақ, шақпақ, суыртпақ, піспек
-кек, -гек: ескек, кескек.
-қы, -кі: сыпыртқы, бөктергі, кергі, қондырғы
-к, -қ: төсек, ұлтарақ, таяқ, тамызық
-ынды, інді: жуынды, шайынды, үйінді
-ғыш, -гіш: отырғыш, қыздырғыш, өшіргіш, кескіш, ескерткіш, басқыш, желдеткіш, тыңайтқыш
6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар
-дық, -дік: кажығандық, түңілгендік, еріккендік, алжығандык, білместік, зорлық
-малық, -палық: ауырмалық, ауыртпалық
-мшы: алдамшы, жолдамшы
-ық, -ік: қызық, бұзық, пысық, білік, бұйрық
-ыш, -іш: қуаныш, күйініш, сүйініш, сағыныш, аяныш, алданыш
-ыс, -іс: қарғыс, алғыс, таныс, өзгеріс, ілініс
-мақ, -мек: қыспақ, салмақ, жұмбақ
-мыс: тұрмыс, болмыс, жазмыш
-ман: алдарман, өлермен.
-жал: болжал
-мал: жорамал
-асы, -есі: шығасы, кіресі, аласы, бересі, тиесі
-ын, -ін: мақтан, шығын, жасырын
7. Ауру атауларын жасайтын жұрнақтар
-ма, -ме: шойрылма (радикулит), баспа (ангина) -кақ: тырысқақ.
8. Өнерге қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-ме: терме, қайырма, желдірме -ер: серпер
9. Ұлттық ойынға қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-пақ: аударыспақ
-ыс, -іс: сайыс, күрес, айқас, жарыс
-ушы: жаттықтырушы
10. Етістіктен зат атауларын жасайтын жүрнақтардың термин сөздер жасауы
Жоғарыда келтіріген жүрнақтардың біразы түрлі ғылым саласында термин сөздер жасаған.
Тіл білімінің терминдерін жасаған жұрнақтар
-уыш, -уіш: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, еліктеуіш
-ша: қосымша
-у: жалғау
-нды: құранды (жұрнақ), туынды
-тік: көптік, септік, жалғаулық, септеулік, демеулік
-ік: ілік
-ыс: барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес (септік), тіркес, құрмалас, салалас
-ын: буын
-м: сөйлем
-ма: қыстырма, қосарлама (қос сөз), қайталама
-мал: тасымал
-ды, -ді: өнімді, асырмалы, күшейтпелі, салыстырмалы
-сіз: өнімсіз т.б., туыс, жасаған, жаратқан, бойжеткен, атқамінер, күн қақты, ауызашар, қолкесер, қолүздік, жанкүйер, алтыатар, нақсүйер, антұрған, жиған-терген т.б. [8, 189-197].
2.1 Синтетикалық тəсілмен жасалған ұлт тіліндегі жəне будан терминдер
-лық, - лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалған будан терминдер:
эллинистік
этикалық
монархиялы
конфуцийшілдік
классикалық
эмпириялық
утопиялық
трасценденттік
теориялық
объективтік
аксилологиялық
антикалық
архаикалық
астралдық
атеистік
атомарлық
либералдық
дисциплинарлық
атомистік
моральдық
патристикалық
рационалдық
априорлық
легальдық
субъективтік
формальдық
сценистік
трагикалық
ментальдық
капиталистік
Саны: 31
|
-лық, - лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалған ұлт тіліндегі терминдер:
даналық
тазалық
дүниелік
ізгілік
мәңгілік
құдайшылдық
сүйіспеншілік
конфуцийшілдік
мәңгілік
классикалық
зұлымдық
діншілдік
абыздық
адалдық
адамгершілік
құндылық
рақымсыздық
батысшылдық
кеңістік
сыншылдық
шындық
тақуалық
қауымдық
мейірбандық
ризашылық
қайшылық
лаңкестік
арамдық
көнелік
құмарлық
табынушылық
ақиқаттылық
нақтылық
нәсілшілдік
ғаламдық
қайырымдылық
қамқорлық
қанағатсыздық
әділетсіздік
саналық
тектік
теңсіздік
ағартушылық
ақыреттік
Саны:54
|
-ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалған будан терминдер:
абсолютті
актуальды
потенциальды
Саны:3
|
-ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалған ұлт тіліндегі терминдер:
құдіретті
Саны: 1
|
|
-шы, -ші жұрнағы арқылы жасалған ұлт тіліндегі терминдер:
Пәлсапашы
Саны:1
|
-у жұрнағы арқылы жасалған будан сөздер:
абстрактілеу
трансценділеу
сублимациялану
фалисификациялау
Саны: 4
|
адастыру
табыну
пайымдау
өрлеу
ізгілендіру
бейімделу
аманаттау
жаратылу
Саны:8
|
-
|
-сыз, -сіз жұрнағы арқылы жасалған ұлт тіліндегі терминдер:
шексіз
шартсыз
әділетсіз
Саны: 3
|
-
|
-и жұрнағы арқылы жасалған ұлт тіліндегі терминдер:
ғылыми
діни
адами
Саны:3
|
Жалпы саны: 38
|
Жалпы саны: 70
|
Достарыңызбен бөлісу: |