Ғылыми жоба Тақырыбы: Философия саласындағы термин сөздер Студент



бет2/4
Дата02.10.2019
өлшемі466 Kb.
#49114
1   2   3   4
Байланысты:
Дайынова Айгерім терминология Жоба





Термин сөздер

2010 ж

2014ж

абыздық

+

-

адалдық

+

+

адамгершілік

+

+

аксилологиялық

+

-

астралдық

+

астральді

ақиқаттылық

+

+

атомарлық

+

+

ақыреттік

+

-

атомистік

+

+

абсолютті

+

+

актуальды

+

-

абстрактілеуші

+

-

абстрактілеу

+

абстракциялау

адастыру

+

адасу

аманаттау

+

-

адами

+

-

ағартушылық

+

-

априорлық

+

-

арамдық

+

-

әділетсіз

+

+

бейімделу

+

бейімділік

батысшылдық

+

+

ғылыми

+

+

ғаламдық

+

+

дүниелік

+

+

діншілдік

+

+

діни

+

+

дисциплинарлық

+

-

даналық

+

+

жаратылу

+

жаратылыс

зұлымдық

+

+

конфуцийшілдік

+

-

классикалық

+

+

кеңістік

+

-

капиталистік

+

+

құндылық

+

+

көнелік

+

-

құдіретті

+

+

қанағатсыздық

+

+

қамқорлық

+

+

қайырымдылық

+

+

құдайшылдық

+

+

құмарлық

+

+

қайшылық

+

+

қауымдық

+

-

либералдық

+

+

легальдық

+

-

моральдық

+

+

ментальдық

+

+

мәңгілік

+

+

монархиялы

+

+

мейірбандық

+

-

нақтылық

+

+

нәсілшілдік

+

+

объективтік

+

+

өрлеу

+

+

патристикалық

+

-

потенциальды

+

+

пәлсапашы

+

+

рақымсыздық

+

-

ризашылық

+

+

рационалдық

+

+

сүйіспеншілік

+

+

сыншылдық

+

-

саналық

+

+

субъективтік

+

+

сублимациялану

+

-

сценистік

+

-

тазалық

+

+

трасценденттік

+

+

теориялық

+

+

тақуалық

+

+

теңсіздік

+

+

утопиялық

+

+

формальдық

+

+

фалисификациялау

+

-

эллинистік

+

-

этикалық

+

+

эмпириялық

+

-

  

Тұжырым: Философия бойынша қазақша-орысша терминологиялық сөздікпен жұмыс істеу барысында сөздікте берілген терминдерді сөзжасам тәсілдері бойынша бөліп қарастырдық. Соның ішінде морфологиялық (синтетикалық ) тәсіл бойынша:

1. -лық, -лік, -дық, -дік,-тық,- тік жұрнағы ең өнімді екені анықталды. Аталған жұрнақ бойынша 31 будан термин, 54 ұлт тіліндегі термин жасалған.

2. - у жұрнағы арқылы 4 будан термин, 8 ұлт тіліндегі термин жасалған.

3.-ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы 3 будан термин, 1 ұлт тіліндегі термин жасалған.

4. -сыз, -сіз жұрнағы арқылы жасалған ұлт тілінде 3 сөз жасалса, осы жұрнақ арқылы будан термин жасалмаған..

5. -шы, -ші жұрнағы арқылы 1 ұлт тіліндегі термин жасалған, будан термин жасалмаған

6. жұрнағы арқылы ұлт тілінде 3 сөз жасалса, жұрнағы арқылы будан термин жасалмағанын байқауға болады. Синтетикалық тәсіл бойынша 2010 жылғы философия оқулығындағы термин сөздерді 2014 жылғы қазақша-орысша терминологиялық сөздікпен салыстыру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 2010 жылғы философия оқулығында астралдық, абстрактілеу, адастыру, бейімделу, жаратылу болып берілген терминдердің 2014 жылғы сөздікте астральді, абстракциялау, адасу,бейімділік, жаратылыс деген терминдермен алмастырылғанын байқауға болады.

3. Аналитикалық тәсілмен жасалған философиялық терминдер

А.Байтұрсынұлының  "Тіл -құрал" оқулығында  қазақ тіліндегі сөз тұлғаларын беске бөледі :

1) түбір сөз, 2) туынды сөз, 3) қос сөз,4) қосалқы сөз, 5) қосымшалар.

"Қос сөз дегеніміз -қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі бір нәрсенің көбін қамти атайды. Екіншілері нәрселерді айыра атайды. Алдыңғысы -жалпылағыш қос сөз деп, соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады.

Жалпылағыш қос сөздер: аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман, киім-кешек, жүн-жұрқа, бақа-шаян, жер-су, түйе-мүйе, бұзау-мұзау т.б.

Жалқылағыш қос сөздер: жел-бау, төсек-ағаш, жүк-аяқ, піспек-сап, шеге-балта, қауға-шелек, Асыл-бек, Ес-құл, Төре-тай, ер-батыр, есен-аман, Өмір-қожа, Шекті-бай т.б.

Бұдан әрі автор қос сөздердің жазылу емлесіне тоқтап, жалпылағыш қос сөздердің арасы кішкене сызықшамен айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек, ер-тұрман т.б.) жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айрылып та, айрылмай да жазылады.

Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мәселен екеуі бірдей жуан я жіңішке айтылатын болса, онда екеуі айрылмай тұтас жазылады (басқұр, қолқап, Балжан, желкесер, айбалта, Алтынбай, Тасболат, Баймырза).

Қос сөзде екі сөз бірыңғай болмаса, мәселен бірі жуан ,бірі жіңішке сөз болып келсе, онда аралары сызықшамен айырылып жазылады (жел-бай, төсек-ағаш, жүк-аяқ, Тілеу-бай, Ес-құл, Төре-тай, жан-темір, Мұрат-бек, Мал-келді, Меңді-қара, Жіті-қара) [1,194-198].



Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі сөз тұлғасының түрін алты "арысқа" бөліп қарайды: 1) түбір сөз, 2) қосымшалы сөз, 3) кіріккен сөз, 4) қиюлы сөз, 5) қосар сөз, 6) қосалқылы сөз. Осы аталған сөз тұлғаларының үшеуі (кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз) күрделі сөздерге тікелей қатысты.

Автор кіріккен түбірлерге "өлі түбірлі не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен жалғаудан құралмай, өңшең түбірлерден құралған" сөздерді жатқызады. Мысалы: ашудас -ашу+тас, күндіз -күн+ дүз (жүз, бет),аяз -ай+юз, белбау-бел+бау, қаралат - қар +ала +ат. Осындай  екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз" дейді. Бұдан ары автор кіріккен сөздерді көне және жаңа деп екіге бөледі. Ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен сөздерді кіріккен сөздердің көнесі деп қарайды. Мысалы :қаралат, аяз. Ал жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпағандарын кіріккен сөздердің жаңасы деп қарайды. Бұған қолғап, күнбағыс, айғабақ, белуар сияқты сөздерді жатқызады. Автор бұл сияқты кіріккен сөздерді тұтас күйінде тұрып, жалғасып кіріккендіктен жалғаулы кіріккен сөздер деп атайды.

Ал егер кіріккен  сөздер  (тұтас тұрып жалғаспай, жарықшақталып, қиюы келтіріліп барып кіріксе" оларды қиюлы кіріккен сөздер деп атаған. Қиюлы сөздер құрылысы жағынан : а) буын қиюлылар (Қазатком -Қазақстан атқару комитеті) , ә) әріп қиюлылар (ХКС -Халық Комиссарлар советі), б) аралас қиюлылар (буын мен әріптің аралас қысқартуынан жасалған : Қаз ПИ). анықтаған.

Қ.Жұбанов аталған еңбегінде қосар сөздерді (қос сөздерді) бес арысқа (топқа) бөліп қарастырады:

1) Теңдес қосар. Екі тең сөз қосақталуынан жасалады. (мәндес -бала-шаға, қыз-қырқын, қайшы мәндес).

2)  Сөздес қосар. Екі тең сөз бір қосақталмай, бір сөздің өзі екі қайтара айтылуынан жасалады. Мысалы: сатыр-сұтыр, даңғыр-дүңгір, жарқ-жұрқ, ұзын-ұзын, жылы-жылы, бара-бара, қарап-қарап т.б.

3) Матаулы қосар. Қосақталған сөздердің арасында матастырып тұратын дәнекері болады (қолма-қол, жүзбе-жүз, көзбе-көз т.б.)

4) Тіркеулі  қосар.  Өздігінен  айтылмайтын  бір  сөз  екінші  бір  сөздің артынан тіркесе қосақталады (жылқы-мылқы, шай-пай, астық-мастық т.б.)

5)   Қосақты қосар. Сөздің алдында бір буын қосылып айтылады (қып-қызыл, қап-қара, ұп-ұзын т.б.) [4, 156-162].

Г.Н.Жәркешова біріккен сөздердің қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталған. Э.В. Севортяннің пікіріне сүйене отырып, біріккен сөздердің түп төркіні сөздердің сөйлемдегі алатын орнына қарай синтаксистік байланыстан туып қалыптасқанын, оған дәлел ретінде қазақ тілінде анықтауыш пен анықталатын сөз, толықтауыш пен толықталатын сөз, пысықтауыш пен пысықталатын сөз бірігетінін (асқазан, қолғап, баспасөз; қаптесер, алжапқыш, күнбағар; түрегел, бассалу, айналсоқ ) осылардың ішінде ең басымы анықтауыш пен анықталушы сөздердің бірігуі екенін көрсеткен. Дегенмен ең қиын мәселе біріккен сөздер мен сөз тіркестерін айыру екенін атап көрсеткен. Бұл еңбекте біріккен сөздердің басты белгілері ретінде олардың көбінесе аффикссіз екі түбірден бірігетіні (балажан, еңбекақы) кейбір біріккен сөздердің арасында не соңында қосымшалар бар екені    (жаздыгүні, күздігүні, отағасы, қосағасы ), қос сөздердегідей бір сөздің қайталануы,  (жүре-жүре, көре-көре), я сөздің екі сыңары да мәнсіз (апыл-тапыл, жым-жылас, оқта-текте) болып келуі біріккен сөздерде кездеспейтіні, біріккен сөздердің орнын ауыстыруға көнбейтіні, біріккен екі сыңардың бірі жуан,бірі жіңішке болып келсе, онда олар буын үндестігіне бағынбайтыны (көкқұтан, қаптесер, еңбекақы, Ботагөз, Сарыөзек), бірақ кейбір біріккен сөздердің аралығында дыбыс үндестігі сақталатыны (көкала-көгала, алаөкпе-алөкпе, Қазанқап-Қазаңғап), біріккен сөздердің екі я үш сөзден бірігіп, бір ғана мағына беретіні және ол сөздердің жалаң қосындысы емес, жеке сөздердің мағынасы түгелдей не жартылай жойылған жаңа мағыналы сөздер екені (асқазан, бозбала), біріккен сөздердің дара сөздер сияқты сөйлемнің бір ғана дара мүшесі болатындығы көрсетілген [11, 65-69].

А.Ысқақов қазақ тілінің сөз тудыру жүйесін үлкен-үлкен екі салаға бөледі.. Оның бірі – морфологиялық тәсіл де, екіншісі – синтаксистік тәсіл. Синтаксистік тәсіл деп түбір (я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы сөз тудыру тәсілін айтамыз.

Күрделі сөз дегеніміз – сөздердің жай синтаксистік тіркесі емес, араларындағы синтаксистік қатынастарын жоғалтып, семантикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан тіркес. Күрделі сөздер өздерінің бастапқа төркіндерінен, демек, әуелгі жай сөз тіркестерінен бөлінгенде, мағыналық құрамдары мен құрылымдары я кеңею негізінде (мысалы: бүгін, түрегел), я тарылу негізінде (мысалы: сары май, ит ала қаз), я жинақталу негізінде (мысалы: ата-ана, бүгін-ертең, қара ала) я басқашалану негізінде (мысалы: мұртын балта шаппайды, тонның ішкі бауындай, қас қаққанша) оқшауланып қалыптасады.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, сыртқы кескін-тұрпатына қарай біріккен, қосарланған, тіркескен сөздер түрінде кездеседі.

Біріккен сөздер және кіріккен сөздер .Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің белгілі-белгілі сөз тіркестерінің заңдарына лайық жасалатындығы байқалады. Мысалы: қарақат ( қара қат) білезік (білек жүзік) қарлығаш (қара ала құс) дегендер морфологиялық құрылысы жағынан басқұр, қара су, қол сақина, қара ала ат сияқты кәдімгі синтаксистік тіркестердің үлгілері бойынша жасалған. Ал, ағайын, қолғанат сияқты біріккен сөздер салаласа құралған тіркестен шыққан, мысалы: алғашқысы аға және іні деген сөздерден, екіншісі, қол және қанат деген сөздерден біріккен.

Кіріккен сөздер компонеттерінің өзгеру сипаты қарай екі салаға бөлінеді. Бірінші топқа екі компоненттері бірдей дыбыстық өзгерістерге ұшырап біріккен: бүгін, биыл, ашудас, әпер, түрегел сияқтылар жатса, екінші топқа тек бір сыңары ғана өзгерген: алаңғасар, желғабыз, желбезек,жалмауыз әжептәуір, қайын, ағайын тәрізділер жатады. Кіріккен сөздердің тууына біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компонентердің мағыналарының жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болады.



Кіріккен сөз деп компонеттерінің я біреуі я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айырылып тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол компонеттері фонетикалық жағынан әрқилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.

Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өз ара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантакалық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.

Қос сөздер. Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан я оның бір сыңарының, не бір буынының, не бір дыбысының өзгерілі жұмсалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан біртектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады. Қос сөздер қосарлама қос сөздер және қайталама қос сөздер деп екіге бөлінеді.

Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің я қосымшасын, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-қора, үлкен-үлкен, таудай-таудай, үй-үйге, өзді-өзі, он-оннан, қолма-қол, ап-ашық, қап-қара т.б

Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. Мысалы: ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кешті,үсті-басы, жатса-тұрса т.б Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады. Қосарлама қос сөздер компоненттерінің дербестігі бар я жоқтығына қарай, біріншіден, екі компоненті де мағыналы қос сөздер, екіншіден, бір компоненті мағыналы қос сөздер, бір компоненті мағынасыз қос сөздер, екі компоненті де мағынасыз қос сөздер деп бөлуге болады.

Қысқарған сөздер. Күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіріліп жұмсалу жолы Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде орыс тілінің әсерінен келіп туды деуге болады. Қысқарған сөздер тіл ғылымында аббревиатура деп аталады. Олар – ҚазССР, АҚШ, обком, колхоз, совхоз, ҚазМПУ, ҚАЗМИ сияқты сөздер.

Мұндай сөздер үш түрлі жолмен қысқарған.



  1. Орыс тілінде де, қазақ тілінде де құрамындағы сөздердің толық түрінің де, қысқарған түрінің де тіркесу реті бірыңғай келетін сөздер, мысалы:

ҚазССР, ҚазТАГ, ҚазМИ.

  1. Қазақ тілінің өзіне тән сөз тіркесу заңына лайық қысқартылып жүрген сөздер: ҚКП

  2. Орыс тіліндегі сөз тіркесу заңына лайық қысқарып, қазақ жұртшылығына түсінікті болып енген сөздер: ССРО, АТЗМ колхоз, совхоз т.б [8, 231-235].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет