Ғылыми жоба



бет1/3
Дата27.03.2024
өлшемі126,11 Kb.
#200320
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ түрік университеті


БАЯНДАМА
Тақырыбы: Кәсіпкерліктегі факторингтің мәні

Орындаған:Бақытжан Д


Тобы : Мдш212
Қабылдаған:Мырзабекқызы Қ

2023 жыл
Кіріспе. Факторинг деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын өтеуді өз мойнына алатын (кәсіпкер тауарды алып, оның құнын төлей алмаған жағдайда) немесе кәсіпкерден төлем туралы қандай да бір серіктестікке деген талабын сатып аталатын өзара қатынастар жүйсін айтады. Фактор-кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер шығады.


Факторинг – бұл фактор компаниямен клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиеленумен үйлесін сауда-комиссиялық операцияларының бір түрі.
Факторинг - өзінің бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және заңды қызмет әмбебап жүйе элементтерінің бірі.
Факторингтік операциялардың таралуы қазіргі таңда төлемнің қарапайым мерзімінің 1 айдан 3 айға дейін аралықты қамтитығымен байланысты. Егер, банк мұндай тқлемдер бойынша талаптары төленсе, онда сконото шарты қолданылады, қаражаттар айналымы көбееді.
Әр түрлі ерекшеліктері бар белгілердің негізінде жіктелетін, факторингтік операциялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Факторингтік оперциялар ішкі және халықаралық болуы мүмкін. Егерде жабдықтаушы – фирма және оның клиенті, яғни сатып алу бойынша талаптар, сонымен қатар факторингтік компания бір елдің аумағында орналасса, онда бұл – ішкі факторинг. Егерде фактоингтік келісімшарттың қатысушылары әртүрлі елдердің аумағында орналасса, онда бұл – халықаралық факторинг.
Халықаралық факторингтік мәміледе тікелей және жанама факторингті бөліп көрсетеді. Тікелей факторингтің ерекшеліктері – жабдықтаушы-экспортшы алдында міндеттерді атқаратын бір фактордың болуы. Сонымен қатар факторингтік компанияның импортшыға жеткізілген тауардың төлемі туралы талап қою қабілеті бар. Тікелей факторинг келесідей болып бөлінеді:
- тікелей импортты факторинг;
- тікелей экспортты факторинг.
Тікелей импортты факторингта жеткізуші-кәсіпорын талап ету құқығын импортшы елдерде орналасқан фактор-компанияға береді. Факторингтің бұл түрі экспорт бір немесе екі елге жіберілген кезде қолданылады. Егерде экспортшы тауарды көп елдерге жіберсе, онда басқа елдердің факторингтік компанияларымен бірнеше тікелей келісімшарттар жасасқаннан гөрі, өз елінің факторингтік компаниясымен бір келісімшарт жасағаны ыңғайлы. Тікелей импортты факторинг талаптарды қайта ұсынуы үшін жедел қаржыландыруды талап етпейтің фирмалармен қолданылуы мүмкін.
Тікелей экспорттық факторингтің мәні жеткізуші өзі орналасқан елдегі факторингтік компанияға талап ету құқығын берумен сипатталады.
Жанама факторингта жеткізуші-экспортшы елінде орналасқан факторингтік компания, жеткізуші-импортшы елінде орналасқан факторингтік компаниямен субфактоингтік келісімшарт жасайды. Соның нәтижесінде борышкер өзінің қызмет етіпотырған елдегі фактор-компанияға қарызсомасын төлейді, ал ол өз кезегінде жеткізуші елінде орналасқан фактоингтік компанияға төлейді. Бірақ субфакторинг келісімшарты бойынша мұндай борышты өтеуге факторинг келісімшартымен тыйым салынбаған жағдайда жасалынды.
Негізгі бөлім. Факторинг операциялары ашық және жасырын деп екіге бөледі. Ашық факторинг – егер де факторингтік компания сатып алу туралы талабын борышкерге ескерткен жағдайда туындайды. Жасырын факторингте клиент өзінің сатып алушыларын ескертпей, факторингтік компаниямен келісімшарт жасайды. Жіктелудің аталған белгісі негізгі болып табылады, өйткені факторингтік операцияды ұйымдастырукелісімшар түріне байланысты болады. Бұл жерде ұстанымдық алғандағы ерекшелік, ол сатып алушы кәсіпорын ақшаны ақырында кімнің шотын төлейтіндігінде. Ашық факторингте төлем тікелей факторингтік компаниямен жүргізіледі, ал жасырын фактринг кезінде жеткізуші кәсіпорындарымен жүргізіледі, өйткені сатып алушы факторингтік компанияныңқатысына туралы ескертілмеген.
Ашық факторингтің түрі ретінде жартылай ашық факторинг болады. Аталған жағдайда жеткізуші борышкергк факторингтік келісімшарт жасағаны туралыалдын ала ескерипей, бірақ оған шоттарды көрсеткен кезде, фактор-компаниямен жасаған келісімшартпен және төлем жіберілетің шот нөмірін көрсетуге міндетті.
Сонымен қатар, факторингтік келісім кері талап (регресс) құқығымен және кері талап құқықсыз болуы мүмкін. Регресс құқығының болуы сатып алушы өз міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда, жеткізуші кәсіпорыннан төлегнген соманы кері қайтаруға талап етуге мүмкіндік бар, яғни аталған жағдайда несиелік тәуекел жеткізуші-кәсіпорында болады. Егерде кері талап құқықсыз факторингтік келісім жасаған болса, бұл жағдайда факторингтік компанияға ақшалай талаптарды сатумен қатар несиелік тәуекел де береді.
Регресс құқығымен келісім жасау барысында жеткізуші-кәсіпорын факторингтік компанияға сатылған қарыз талаптары бойынша белгілі бір несиелік тәуекелде бола береді. Аталған жағдай әдетте, егер де жеткізуші өзінде күдікті қарыз міндеттемелері болмайтындығында сенімді болған жағдайда немес олардың өздерінің сатып алушыға клиенттерінің несие қабілеттілігін мұқият тексеріп оң бағалаған жағдайда орын алады. Сондықтан да жеткізуші кәсіпорын несиелік тәйекелді сақтандыру қажеттілігі бойынша қызмет көрсету шығындарын төлеуді қажет деп есептемейді.
Факторингтік келісімдер алдын ала төлем түрінде немесе белгілі бір мерзімге талаптарды төлейу түрінде жеткізушіге нисие беру туралы келісімдер арқылы жасалуы да мүмкін. Алдын ала төлем туралы келісім жасаған жағдайда жеткізуші-кәсіпорындармен қайта табыстау бойынша талаптарының 80% аванс ретінде төленеді. Ал қалған бөлігі сатып алушыдан қаражат түскеннен кейін факторингтік компания арқылы төленеді. Белгілі бір мезгілге талаптарды төлеу барысында қайта талап етілген қарыз талаптарының сомасы нақты бір мерзімге немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жеткізуші-кәсіпорынға аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет