Философия ерекше ғылым. Философияның маңыздылығы дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды



бет1/2
Дата15.12.2021
өлшемі25,92 Kb.
#101002
  1   2
Байланысты:
stud.kz-63332


«Философия менің өмірімде»Авторы: Бесимбаева Асель Мейрамовна

Философия – ерекше ғылым. Философияның маңыздылығы дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия – қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. Міне философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз. Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой – өрісі кеңейген сайын философия да дами түседі. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүй

енеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер дейтін көзқарастар да кездеседі. Әрине, философия - өз алдында ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты қоғам тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.

Философия ғылымын талқылаған ғалымдардың еңбегімен таныса келе, менің де өзіндік ой танымым қалыптасты. Менің философиялық пайымдауларым бойынша, Ғарифолла Есім айтқандай: «Дүниеде бағасы жоқ нәрсе болмайды. Сөздің де, ойдың да, идеяның да бағасы бар. Бағасы жоқтың мәні жоқ. Бостандықтың бағасы оның растығында, идеяның іске асқанында.» Осы кісінің ой толғамымен толықтай келісемін, себебі қазіргі қоғамымыздағы әр іс бағалылығымен құнды. Еліміз тәуелсіздік алып, мемлекетіміздің іргетасы қалаған сәттен бастап, аспан көгінде еркін самғаған сұңқардаймыз! Тәуелсіздік, яғни бостандық - бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент. Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа табыстағандай! Елбасының болмысына сай байыптылығының арқасында, тәуелсіз елімізде әрбір адамға жағдай жасалған.

Мен сіздерге өзімнің философиялық ой тұжырымдамаларымды белгілі философ Ғарифолла Есімнің ұлағатты сөздерін талдай отырып, жеткізгім келеді.

1.«Байлық бақыт емес, байлық – проблема».

Қазіргі заманда байлыққа қызығатын адамдар өте көп. Көбінесе жастар. Неге? Себебі, олар еліктегіш. Машина мініп, зәулім сарайда тұрсақ деп армандайды. Бар болған, бай болған жақсы ғой. Бірақ арманның ең биігі сол ғана ма? Ақшасы бар адамдар бақытсыздық кешпейтіндей, қиындық көрмейтіндей ойлайды. Мен оларды бақытты байлық пен шатастырып жүргендер дер едім. Өз еңбегіңмен, ащы теріңмен келмеген ақша бақытты етеді дегенге сенбеймін. Сондықтан адамның таңертең менен қара күн батқанша тыным таппай еңбек еткені, одан келетін табысының арқасында бақытты өмір кешкені қандай жақсы.. Біз, адамдар көбіне «Бақыттымын» деп айтпаймыз... Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: «Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда». Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру, кейбір жандар үшін-ақша,қымбат көлік, дүние. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады.

2.«Тәуба-тоқтық өлшемі».

Қазір қоғамымызда небір жан түршігерлік оқиғалар адамдарды қорқытуда. Қай жағдайды алмасақ та барлық істің бастаушысы – адам баласы. Көп адамдардың мемлекетіміздің заңдарына қайшы әрекеттерге баруы, қазағымның жалпақ тілімен айтқанда, тойынғандықтан. Бұл жаман әрекеттерді істеуге алып келіп соғатын себептер өте көп. Соның бірі – ата –ананың тәрбиесі.

а) Ата-ананың тәрбие беруі. Үнемі ата-ана үшін бала бірінші орында. Баласы үшін қандай орта болмасын алаңдайды. Мерейлі отбасында тәлім-тәрбие алған бала саналы болары хақ.

ә) Ата-анасының тәрбие беруі, бірақ... Бұл жағдайда енді керісінше, отбасы жағдайы өте жақсы, «не ішем, не жеймін» дейтін бала. Барлық қалауы қолында тұрған адамға басқа не керек деп ойлайсыз ғой? Керек, әлі де бір нәрсе қажет. Ол жақсы тәрбие алды, ең беделді білім ордаларында оқыды, астында қымбат көлік, бірақ кейде адам басқарылмайтындай болып кетеді, сол кезде ол жаман әдеттерді көруге бейім болады. Бұлай болу себебі, кей кездері ортаға тікелей байланысты деп ойлаймын.

б) Ата-ананың тәрбие бермеуі. Бұл дегеніміз ата-ана тікелей түрде тәрбие бермейді деген сөз емес, олар тек балаларының қазіргі жағдайын, болашағын ойлаймыз деп күні – түні жұмыстан бас алмай жүр. Бір жағынан алып қарасақ, бұл да дұрыс әрине. Алайда, тәрбие қайда қалмақ?! Тәрбие беру керек екені баланың жаман әдеттерге жолыққаннан кейін ғана есіне алады. Кінәні не ата-анаға, не балаға қоя алмайсың?! Сол себептен ата-аналар өзінің уақытын барынша көбірек баласының қасында өткізіп, туындап жатқан мәселелері жайлы сөйлесіп, оларды шешуге дұрыс бағыт бағдар беру керек.


Менің қазіргі ашық қоғамдағы философиялық мәселелерді айтқандағы ойым, әр күнімізге шүкір дейік, парасатты, ойы ұшқыр, ата-анасына жаны аши алатын, мемлекет алдында өтелер парызы бар екенін білетін, қазақ болып туғанына мақтана алатын ұрпағымызды тәрбилеп шығару үшін тәрбие мәселесіне көңіл бөлуіміз қажет. Бүгінгі жастарды ең болмаса, қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелесек, «нұр үстіне нұр» болар еді.

3.«Адамға сабырлылық керек, болмаса өзіңді ұмыта бастайсың».

Қазақ қашанда «сабыр түбі – сары алтын» деген, қандай жағдай болмасын ақылмен, төзімділікпен әліптің ақырын баққан елміз. Күрделі мәселеге тап болып, күрмеуі шешілмей жатқан жағдайда да адам өзін шыдамды әрі сабырлы қалыпта ұстай білуі қажет. Себебі, ондай жағдайда алғашқы сөз, әлбетте, ашумен айтылады. Ал ашумен айтылған сөздің артында өмірлік өкініш тұрады. Сондықтан, әрбір адам отбасын сақтауда, басына қандай да бір сынақ пен қиыншылық түскенде және елдің, ұлттың, мемлекеттің тағдырына қатысты мәселелерге өте сабырлылықпен, ұстамдылықпен, жан-жақтылықпен, байыппен қарау керек.

Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамда бүгін отау құрып, ертең ажырасып жатқан жастар қарасы көбейіп кетті. Неге? Себебі, көпшілігінде отбасында туындаған мәселеге сабырмен қарау, ақылға салу жоқтың қасы. Адам кейде нәпсі мен шайтанның азғыруына еріп, түймедей түсініспеушіліктен түйедей мәселені өзі жасап алғанын байқамай да қалады. Кейбіреуі «отбасында кездескен барлық қиындықты осы уақытқа дейін ішімде сақтап, сабырлылықпен шыдап жүрдім» деп ойлауы мүмкін. Бірақ, шындығында, ол сабырлылық сақтап жүрген жоқ. Соңында ажырасып кетеді. Соның салдарынан ана жалғыз басты, бала тірі жетім атанып жатыр. Ал бұл ата-анаға ғана емес, тұтас ұлтқа абырой әпермейтін қасіретті жағдай. Бірақ, ақыл мен сабырға емес, ашуға ерік бергендіктен мұны ойлап жататын бірі жоқ. Адам өзінің ешқашан бірқалыпты жағдайда тұрмайтынын естен шығармау керек. Кейде аспандағы айға қолы жеткендей қуанып, шаттанса, бір күндері күллі әлемді қараңғылық басқандай күй кешеді. Мұндай жағдайда, әсіресе, өмірдің қиындығын көрмеген, буыны қатпаған жастар шарасыздық танытып жатады. Расында, Құранда айтылғандай, «пенде – әлсіз жаратылыс». Сол себепті, адамзат баласы әрдайым үмітпен ғұмыр кешеді. Қандай ауыр жағдайда да, адамның кеудесінен үміт отының өшпеуі, ең алдымен сол сабырға байланысты. Қанағат та, ынсап та сабырдан тірек табады. Сондықтан, қазақ халқы «сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деп, сабырды барлық үлгілі философиялық пайымдауларды нақты айтқан.



«Екінші ұстаз» атанған энциклопедист-ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің зерделі мұрасы мен мирасы бүгінгі таңның өзекті мәселелерін шешуге өз септігін тигізіп, ойымызға ой қосып тұрса оның өміршеңдігі емес пе! 
Ойшыл еңбектерінің қаншама дәуірлер өтсе де маңыздылығын жоғалтпай келе жатқандығы, ондағы ойлардың даналығында, тереңдігінде болса керек. Жалпы

алғанда тарихтың елегінен өткен философиялық ойлар ешқашан да ескірген емес, ондағы жинақталған дана ойлар біздің санамызға ой салып, соны көзқарастардың қалыптасуына ықпал етеді. Әл-Фараби шығармалары осындай өрісі кең, өресі биік еңбектер санатына жатады. Философиядағы тарихи сабақтастық өз жалғасын таба береді.

Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» ойшыл дүниетанымының мазмұнды арналарының бірі. Трактатта ізгілікті қоғам болмысының негізгі тетіктері мен қажетті шарттары туралы жан-жақты талданып, зерделенеді. Мәселен, адамның табиғатынан көмекті қажетсініп, қоғам құруға бейілді екенін және адам қоғамының түрлері көптігін айтады. Осы еңбегінде Әл-Фараби: «адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала − қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ», – деген гуманистік ойын ұсынып, оның жүзеге асуын аңсайды. Бұл еңбектің мәнісін түсіне келе, ізгілік адамзаттың мәңгілік асыл қасиеті. Ізгілік жаратушының, жаратылыстың, табиғаттың өзегі болып табылады. Барша тіршілік иесі, олардың ұрпақ қамы үшін жасайтын жанкешті харекеттерінен анық көрінеді. Ұрпақ үшін қамқорлық ізгіліктің нақты өзі. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі істері. Ізгілікке тән мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық, қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетінін бәріміз білеміз. Сол себепті  бойымыздағы басты құндылықты жоғалтпай, тек дұрыс іс - әрекет жасап, сүйіспеншілік пен ақиқат жолында, адамгершілік пен ізгілік арқасында ішкі тыныштығымызды орната білейік!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет