Ильяс Динара Кенжебаева Аружан Бодан Айганым Кудайберген Сымбат Тастемир Кызжибек Токтаргазына Сымбат Философия пәні, әдістері және қызметтері. Философия (грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді. Философия - адам және оның айналасы туралы тәжірибелік және практикалық білімдер жиынтығы Философия – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау. Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған. Философияның миф пен діннен айырмашылығы: - білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес); - рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы); -логикалық (бірізділікті, жүйелі); - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді). - Мифология (грекше мифос, аңыз, шежіре; логос – сөз, ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, бейне – эмоциялық, тылсымдық формада қабылдау тән. Діннің қызметтері: 1. біріктіруші (бір идея төңірегінде қоғамды ынтымақтандыру); 2. мәдени-танымдық (белгілі бір мәдениетке ықпал ету); 3. әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, кешірірімділік, аадалдық, ізеттілік, төзімділік, борыштық). Философиялық дүниегекөзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті: - космоцентризм; - теоцентризм; -антропоцентризм.
Дүниетанымның құрылысы
Білім
Сенім, наным
Іс-қимылдар
Іс жүзіндегі
таным
Тұжырымда-малық
таным
Үлгі, ғибрат
Құндылық
(аксиология)
Әрекет
Қарекет
Әлемді сезіну
Әлемді түйсіну
Әлемді түсіну
Материалды
Рухани
Дүниегекөзқарастың тарихи түрлері:
Аңыз
Дін
Философия
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және ежелгі Грекия). Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән). Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер). Философиялық білімнің ерекшеліктері: - Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т.т.);
- Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,
- Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;
- Көбінесе субъективтік қасиет тән – жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;
- өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;
- Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;
- Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.
Философия ілімінің негізгі әдістері: - Диалектика – болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішік қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
- Метафизика – диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.
- Әмбебапты логика - ежелгі шығыста қалыптасқан әдіс, бұл әдіс әлемді алуантүрлікте және қарамақайшылықтардың абсолюттік бірлігінде қарастырады.
Философияның қызметтері: - Дүниетанымдық;
- Методологиялық;
- Теориялық;
- Гносеологиялық;
- Сыншылдық,
- Аксиологиялық,
- Әлеуметтік,
- Тәрбиелік-гуманитарлық,
- Эвристикалық,
- Өзге де көптеген қфзметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |