Философский и общественно гуманитарный журнал


Мәдениет философиясы: символизм және метафора



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата13.12.2021
өлшемі383,57 Kb.
#125191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
annotation128786

Мәдениет философиясы: символизм және метафора 

Виртуалды шындықты К. Мюррей Платонның идеялар әлеміне ұқсатады 

[2000,  c.133-134].  Платонның  идеялар  әлемі  таза  мәндердің  жинағы  бо-

лып табылады, яғни заттардың инвариантты қасиеттерінің жиынтығы. Ал 

адамның көзі көретін шындық – бұл идеялар әлемінің көлеңкесі. Барлық 

материалдық дүниедегі заттардың, адамдардың өздері мен олардың жасай-

тын нәрселері осы идеялар дүниесінің тек солғын көлеңкелері, оларға тек 

біршама ғана жақындайтын, ұқсайтын бейнелер. Егер табиғаттағы заттар 

олардың  тікелей  көлеңкесі  болса,  адамдар  жасайтын  нәрселер  –  адамдар 

әртүрлі  бұйымдар  жасағанда  тек  табиғатқа  еліктейтін  болғандықтан  – 

көлеңкенің көлеңкесі.

Виртуалды  объектілер  ақпараттық  болып  қалады  және  ақпараттық 

кеңістікте өмір сүреді. Ақпараттық әлем – заманауи адамның өнімі, ол біздің 

өміріміздің  бірден-бір  бөлігі,  ақпараттық  және  виртуалды  компоненттер 

дамып келеді және қазіргі күннің өзінде айтарлықтай өлшемдерге жеткен. 

Сондықтан виртуалды шындықтың субъектінің жеке параметрлеріне әсерін 

зерттеу  өзекті  мәселеге  айналды.  Виртуалдылық  адамның  ақпараттық 

шындықпен тікелей қатынасын қамтамасыз етеді. Виртуалды шындық тех-

нологиялары қазіргі қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік мәселелерді ше-

шуде тиімді құрал болып отыр. Мысалы, виртуалды техниканы алдын-ала 

сынау көптеп қолданылады, ол қауіпсіз әрі арзан болып табылады. Көбінесе 

әскери адамдарды, ұшқыштарды, пойыз машинистерін, жүргізушілерді дай-

ындауда  виртуалды  технологиялар  адамдардың  өміріне  қауіпсіз  болғаны 

үшін пайдаланылады. 

Виртуалды шындық әлемі теріс салдарларға да әкеледі, атап айтқанда 

әдеттегіден тыс ынталыққа, шектен тыс қоздырғыштарға, жалпы виртуалдық 

технологияларға  тәуелділік  пайда  болады.  Бұл  адамзат  алдына  тағы  бір 

қауіпті мәселені қояды, ал шын мәнінде адам өзі бұл қауіпті өзіне тудырды. 

Философиялық антропологияның негізін қалаушылардың бірі Макс Шелер 

өзінің  «Адамның  космостағы  жағдайы»  деген  еңбегінде  былай  деп  жаз-

ды: «осы уақытқа дейін адам дәл қазіргідей өзіне өзі осыншалықты мәселе 

болған жоқ» [Шелер 1994].



 

Бірақ, оның ойынша, сол кездегі бар адам ту-

ралы  ілімдердің  ол  үшін  берері  аз.  Арнайы  жасалған  ғылыми  зерттеулер 

адамның мәнін ашудың орнына, оны басқа жаққа бұрып әкетеді деп есеп-

теген ол, жаңа философиялық антропология қажет деді. Шелердң көтерген 

мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып отыр.



Методология

 Біздің көзқарасымыз бойынша, методологиялық тұрғыдан ең дұрысы 

- виртуалды шындықтың мәні мен оның шығу тарихын абстрактілі түрде 

ғана қарастырмау. Өз қажеттілігі мен мүмкіншіліктері бар белгілі бір та-

рихи  ортада  адамды  талдаудың  философиялық  дәстүріне  жүгіну  ерекше 

маңызды.



1 (75) 2018 | 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет