Бекітемін: Келісемін:
мектеп директоры: әдістемелік кабинет меңгерушісі:
О.Жүнісова __________ А.Шерова __________
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Қақпақ» жалпы орта білім беретін мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Физика есептері» қолданбалы курс бағдарламасы
11-сынып
Пән мұғалімі: Абуева Жанерке
«Физика есептері» курсының бағдарламасы
/жаратылыстану – математикалық бағыт/
Түсінік хат
Курстың бағыты: 11-сынып оқушылары үшін мектеп физикасының 7-10-сыныптар бағдарламасы негізінде есептер шешу, ҰБТ-ге дайындалу үшін, қосымша терең білім беру, жоғары қиындықты есептерді шығару болып табылады. Сондықтан физика-математика бағдарында оқыту үрдісіндегі осы қолданбалы курстың орны ерекше.
Курстың өзектілігі:оқушыларға физика курсын тарау бойынша қайталатып, еске түсіртіп, білімдерін нақтылай түсуге септігін тигізеді.
Курстың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:физиканың жалпы қағидаларын қолданып, есеп шығара білу білімін практикада ұштастыра білу.
Курстың мақсаты:Оқушылардың логикалық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, физикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және іскерліктерін жетілдіру, ҰБТ-ге дайындалу. Оқушыларды техникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
Курс міндеттері:
1.Мектеп бағдарламасын қайталау, сабақтарда алған білімдерге жаңа бағыт беру.
2. Оқушылардың әрі кең көлемді, әрі терең физикалық білім алуларын ажағдай жасау.
3. Оқушылардың физикалық білімдерін тереңдету.
4. Оқушыларды өз беттерімен терең ойлануға үйрету.
5. Оқушылардың қосымша физикалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
6. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
7. Шәкірттерді еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, жігерлілікке баулу.
6. Мамандыққа бағдарлау: инженер, механик, жүк тасымалдауды ұйымдастырушы, теміржолтехнологы, физик, радиотехник, электрик және т. б. Техникалық мамандықтар.
7.Пән аралықбайланыс: алгебра, геометрия, сызу, химия, астрономия, биология, экология.
8. Қолданбалы курстың ұйымдастыру формалары:оқушылардың білімдерін тиянақтау сабақтары, есептер шығару, шығармашылық ізденіс жұмыстары. Сондай-ақ курс барысында, дамыта, саралап, деңгейлеп, проблемалық, эвристикалық оқыту, шығармашылық ізденіс, өзіндік жұмыс, ынталандыру, оқу сапасының мониторингі әдістері жәнет.б. пайдаланылады.
9. Қолданбалы курсты қорытындылау формасы:есептершығару, бөлімді қорытындылау, сынақ жұмысы (тесттар).
10.Курс барысында оқушылар келесі біліктіліктерді иемденеді:
• Есептің (құбылыстың) мазмұнын талдау, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланыстарды анықтау.
• Есепті шығарудың ең тиімді тәсілін таңдай білу.
• Физикалық есепті шешудің жалпы тәсілін құру мақсатында есеп мәнін оның моделі арқылы жетік меңгеру.
• Өз білімі мен біліктілігін жаңа жағдайларда қолдана білу.
• Өзініңтанымдықүрдісінбасқару.
• Есепті нақтылап, оны кішігірім есептерден тұратын жүйеге айналдыра білу.
• Физикалық есептерді шешу кезінде сәйкес есептерді, алгоритмдерді, схемеларды,кестелерді, анықтамалықтардыжәне т. б. қолданабілу.
• Адамның психологиялық ерекшеліктерін анықтай білу.
• Ұжымдық, ынтымақтастыққарым – қатынастажұмысістеу.
11.Оқушыларғақойылатынталаптар:
1. Өзінің оқу уақытын тиімді пайдалану.
2. Өзінің негізгі оқу мақсатын және міндеттерін белгілеу.
3. Оқып отырған материалдың басты мағынасын айқындау.
4. Материалдағы мағыналық тірек бөлімдерін таба білу.
5. Өзін-өзі бақылауды жүзеге асырып жүру.
6. Оқылған тақырыптар бойынша есептерді жеңілінен бастап, біртіндеп күрделендіре шығарып жүру.
7. Есеп шартының (берілгенінің) дұрыс жазылуын, формулалар мен сызбалардың дұрыс қолданылуын, есептеулердің дұрыс жүргізілуін тексере білу.
8. Есептің шығарылу жолын қысқаша әңгімелеп бере білу.
9. Есептерді мұғалімнің шығаруға бергенінен де көп шығаруға тырысу.
10. Есеп шығару барысында қателесуден қорықпай, өз қатесін өзі түзете білу.
11. Күрделі есептерден қорықпау.
12. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуден (есепті толық дұрыс шығарудан) оңды әсер алып, қуанышқа бөлене білу.
Достарыңызбен бөлісу: |