Физика нұсқау



Дата14.04.2020
өлшемі117,98 Kb.
#62395
Байланысты:
3 n s a- GB



ФИЗИКА


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы тәуелді болатын физикалық шама

A) уақыт

B) биіктік

C) жылдамдық

D) үдеу


E) көлем

2. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1 = -150 + 20t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2 = -2t. Олардың қозғалыс жылдамдықтары

A) 20 м/с, 2 м/с.

B) 20 м/с, -2 м/с.

C) -20 м/с, -2 м/с.

D) -20 м/с, 2 м/с.

E) 10 м/с, 2 м/с.



3. График бойынша дененің 1 с уақыттағы орын ауыстыруы

A) 12 м


B) 15 м

C) 6 м


D) 3 м

E) 5 м


4. Дене 10 Н қорытқы күштің әсерінен 5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы

A) 5 кг


B) 100 кг

C) 2 кг

D) 50 кг

E) 15 кг


5. Q1 – қыздырғыштан алынған жылу мөлшері, Q2 – тоңазытқышқа берілген жылу мөлшері. Жылу машинасының жұмысы

A) A = Q1 + Q2.

B) A = .

C) A = Q1.

D) A = Q1 – Q2.

E) A = Q2.



6. Газ 1- күйден 2- күйге өткенде газдың көлемі

A) артады, кейін азаяды

B) азаяды

C) азаяды, кейін артады

D) артады

E) өзгермейді



7. Максвелл теориясына сәйкес магнит өрісінің кез келген өзгерісі қоршаған кеңістікте

A) электр зарядын туғызады

B) электростатикалық өріс туғызады

C) құйынды электр өрісін туғызады

D) тұрақты магнит өрісін туғызады

E) гравитациялық өріс туғызады



8. Тізбектегі тербеліс жиілігі артқанда, конденсатордың сыйымдылық кедергісі

A) өзгермейді

B) артуы да, кемуі де мүмкін

C) артады

D) кемиді

E) нөлге тең болады



9. Сәуленің түсу бұрышы 30° болса, жарық сәулесінің шағылу бұрышы

A) 120°


B) 30°

C) 60°


D) 90°

E) 50°


10. Атомның құрамында 12 электрон, 14 нейтрон бар. Атом ядросындағы протондар саны

A) 28


B) 14

C) 4


D) 12

E) 8


11. Садақтан 20 м/с жылдамдықпен атылған жебе тік жоғары көтеріліп,

4 с - тан кейін Жерге құлады. Жебенің көтерілу биіктігі (g = 10 м/с2)

A) 10 м.

B) 20 м.

C) 5 м.

D) 25 м.

E) 15 м.


12. Өзара перпендикуляр орналасқан 30 Н және 40 Н күштердің тең әсерлі күші 500 Дж жұмыс жасай денені бірқалыпты көтеретін биіктігі

A) 10 м

B) 6 м

C) 2 м


D) 5 м

E) 8 м


13. Идеал жылу машинасының ПӘК-і 80 %. Егер тоңазытқыштың температурасы 127 °С болса, қыздырғыштың температурасы

A) 540 К.

B) 620 К.

C) 2000 К.

D) 380 К.

E) 460 К.



14. Баллондағы газдың жартысы шығарылды. Баллондағы газдың (температура өзгермейді)

A) қысымы екі есе артады

B) молекулалардың концентрациясы артады

C) қысымы өзгермейді

D) салмағы өзгермейді

E) қысымы екі есе азаяды



15. Контурдың индуктивтігі 2 есе артқанда, жиілігін де 2 есе арттыру үшін контурдың сыйымдылығын

A) 2 есе арттыру керек

B) 2 есе кеміту керек

C) 8 есе арттыру керек

D) 8 есе кеміту керек

E) 4 есе арттыру керек



16. Бойы 180 см адам айнадағы өзінің кескінін толық көру үшін, вертикаль айнаның минимал биіктігі

A) 45 см.

B) 360 см.

C) 90 см.

D) 180 см.

E) 140 см.



17. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с-қа тең болса, оның массасы

A) 900 г.

B) 400 г.

C) 500 г.

D) 100 г.

E) 200 г.



18. Карно циклін орындайтын газ қыздырғыштан алған әрбір 2 кДж энергия есебінен 600 Дж жұмыс өндіреді. Қыздырғыштың абсолют температурасы тоңазытқыштың абсолют температурасынан

A) 1,4 есе үлкен.

B) 1,3 есе үлкен.

C) 1,7 есе үлкен.

D) 1,6 есе үлкен.

E) 1,5 есе үлкен.



19. Сыртқы кедергі 3,9 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,5 А, ал сыртқы кедергі 1,9 Ом болғанда ток күші 1 А болса, ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-і

A) 1 Ом; 0,2 В.

B) 2 Ом; 0,1 В.

C) 0,1 Ом; 0,4 В.

D) 0,1 Ом; 2 В.

E) 0,4 Ом; 2 В.



20. Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 22 Ом. Резистордағы кернеу 66 В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 мин ішінде өтетін электрондардың саны (e = 1,6∙10-19 Кл)

A) ≈ 1,12∙1017

B) ≈ 1,2∙1021

C) ≈ 1,9∙1019

D) ≈ 2∙1021

E) ≈ 1,2 ∙1019











Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Массасы 150 кг штангыны 200 см биіктікке көтерген кезде штангистың атқаратын жұмысы (g = 9,8 H/кг)

A) 2,94 кДж

B) 12,9 Дж

C) 0,00294 МДж

D) 1290 мДж

E) 1470 мДж

F) 0,0147 кДж

G) 2940 Дж

H) 7500 мДж



22. Ат арбаға 0,4 кH күш түсіре отырып 0,8 м/c жылдамдықпен оны бірқалыпты тартып келеді. Аттың бір сағатта атқаратын жұмысы

A) 1152 кДж

B) 1152000 Дж

C) 0,00264 МДж

D) 2940 Дж

E) 12,9 Дж

F) 2,640 кДж

G) 1,152 МДж

H) 7500 мДж


23. Жерге соғылар мезеттегі тастың жылдамдығы 36 км/сағ болса, оның құлау биіктігі ()

A) 500 м


B) 0,5 м

C) 100 м


D) 5 м

E) 1000м


F) 50 м

G) 1 м


H) 10 м

24. Қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардың бір бірінен айырмашылығы

A) пішіндері мен көлемдерінің айырмашылығында.

B) молекулалардың массасы және аудандарында.

C) молекулалар саны және пішінінде.

D) молекулалардың ретті орналасуында.

E) молекулалардың өзара орналасуында.

F) тек молекулалардың өлшемдерінде.

G) молекулалардың массасы және өлшемдерінде.

H) молекулалардың қозғалыс жылдамдығында.


25. Температурасы 1000С бу суға айналған кезде 11,5 МДж жылу бөлінді. Судың массасы

A) 10 кг


B) 3 кг

C) 25 кг


D) 6 кг

E) 0,4 кг

F) 5 кг

G) 1 кг


H) 2 кг

26. 373 К температурадағы 186 г суға температурасы 283 К суды араластырғанда пайда болған қоспаның температурасы 300 К болды. Араластырылған судың массасы

A) ≈ 700 г

B) ≈ 500 г

C) ≈ 1000 г

D) ≈ 900 г

E) ≈ 400 г

F) ≈ 600 г

G) ≈ 800 г

H) ≈ 200 г


27. Температурасы 00С су мұзға айналған кезде 1,02 МДж жылу бөлінді. Мұздың массасы (мұз =)

A) 1 кг


B) 6 кг

C) 10 кг


D) 0,4 кг

E) 2 кг


F) 25 кг

G) 5 кг


H) 3 кг

28. Сыртқы магнит өрісін кішкене әлсірететін зат:

A) электромагнит

B) соленоид

C) трансформатор

D) генератор

E) диэлектрик

F) парамагнетик

G) ферромагнетик

H) диамагнетик


29. Электр тогы жұмысының формуласы

A)

B) А = mgh

C)

D) А= IUt



E)

F) A= Pt


G) A= P2t

H)



30. нүктелік заряд электр өрісінде орналасқан. Осы зарядтан 3 см және 12 см қашықтықтағы екі нүкте арасындағы потенциалдар айырымы (k=9·109H·м2/Кл2)

A) 3600 В

B) 12 В

C) 220 В


D) 1600 В

E) 12,7 В

F) 144 В

G) 9,25 В

H) 5,46 В


31. Күштің өлшем бірліктері

A) кг∙м/с2

B) Па

C) кг∙м∙с-2



D) Дж

E) Н/м2

F) Н

G) Кл


H) Нм2

32. Пайдалы қуаты 15 кВт көтергіш кран 2 мин уақыт ішінде 15 м биіктікке жүкті көтеруге қажетті масса (g = 9,8 H/кг)

A) 0,082 т

B) 0,82 ц

C) 122 ц


D) 72 кг

E) 0,072 т

F) 82 кг

G) 12,2 т

H) 12200 кг


33. МКТ-нің негізгі теңдеуі

A) p=ρgS


B)

C)

D)

E) p=ρgh

F) E=kT

G) pV=RT

H) R=kNA



34. Нүктелік зарядтан 6 см қашықтықта оның өрісінің кернеулігі 4 В/м. Зарядтың мәні (k = 9)

A)

B)

C)



D)

E)

F)

G)

H)



35. Егер нәрсе линзадан 15 см қашықтықта орналасса, ал оның кескіні линзадан 6 см қашықтықта пайда болса, шашыратқыш линзаның фокус аралығы

A) 10 см

B) 0,45 дм

C) 4,5 см

D) 0,6 дм

E) 60 см


F) 25 мм

G) 100 мм



H) 0,1 м

36. Жарық қатты дене бетіне тік бұрышпен түседі. Бір фотон жұтылғанда, денеге берілген импульс

A)

B)

C)

D)

E)

F)

G)

H)



37. Сәбіздің ауадағы салмағы 2,5 Н, ал судағы салмағы 0,3 Н. Сәбіздің тығыздығы (ρсу=1000 кг/м3)

A) ≈114 кг/м3

B) ≈1136 кг/м3

C) ≈11,4 г/см3

D) ≈136 г/см3

E) ≈11,36 кг/м3

F) ≈0,136 кг/м3

G) ≈1,14 кг/м3

H) ≈1,136 г/см3


38. Ыдысқа 20 температурадағы 0,2 л суды құйылды. Суды 100 -ға

дейін қыздыру үшін (с = 4,2Дж/кг ·°С, ρ = 1000кг/м3)

A) 67,2 кДж

B) 6,2 кДж

C) 67,2 Дж

D) 0,672 кДж

E) суды 80 К температураға дейін қыздыру қажет

F) судың массасы m = 2 кг

G) судың массасы m = 0,2 кг

H) суды 20°С температураға дейін қыздыру қажет




39. Никелин сымның массасы 154 г, ал қимасының ауданы 0,5 мм2. Бұл сымның

A) электрлік кедергісі 50 Ом

B) ұзындығы 40 м

C) электрлік кедергісі 33,6 Ом

D) ұзындығы 50 м

E) ұзындығы 20 м

F) электрлік кедергісі 46,34 Ом

G) электрлік кедергісі 21 Ом

H) ұзындығы 10 м


40. Егер тұрақты кернеу көзіне жалғанған жазық конденсатордың астарларының сызықтық өлшемдерін 2 есе азайтса, конденсатордың

A) заряды 2 есе азаяды

B) сыйымдылығы 2 есе артады

C) сыйымдылығы 4 есе артады

D) заряды 4 есе азаяды

E) сыйымдылығы 4 есе азаяды

F) заряды 4 есе артады

G) заряды 2 есе артады



H) сыйымдылығы 2 есе азаяды





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет