Реферат тақырыбы: фазалық ауысулар тобы: фек-205 орындағАН: молдарахмет ерасыл қабылдағАН: профессор баймолда досан



бет1/6
Дата23.05.2023
өлшемі361,14 Kb.
#177556
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Молдарахмет Ерасыл реферат фазалық вуысулар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: ФАЗАЛЫҚ АУЫСУЛАР
ТОБЫ: ФЕК-205
ОРЫНДАҒАН: МОЛДАРАХМЕТ ЕРАСЫЛ
ҚАБЫЛДАҒАН: ПРОФЕССОР БАЙМОЛДА ДОСАН
АЛМАТЫ 2023ж


Жоспар:

  1. Фазалық ауысулар.

  2. Фазалық ауысудың теориясы

  3. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі

  4. Бірінші текті фазалық ауысу

  5. Екінші текті фазалық ауысу

  6. Пайдаланылған әдебиеттер





Фазалық ауысу, фазалық түрлену — кең мағынасында сыртқы жағдайлар (температура, қысым, магниттік және электрлік өріс, т.б.) өзгергенде заттың бір фазадан екінші фазаға ауысуы; тар мағынасында сыртқы параметрлер үздіксіз өзгергенде физикалық қасиеттердің секірмелі өзгеруі. Температураның, қысымның немесе қандай да бір басқа физ. шаманың Фазалық ауысу өтетін мәні ауысу нүктесі деп аталады. Фазалық ауысудың екі тегін ажыратады. Бірінші текті Фазалық ауысуда заттың тығыздығы, құраушыларының концентрациясы сияқты термодинамикалық сипаттамалары секірмелі түрде өзгереді; масса бірлігінде Фазалық ауысу жылуы деп аталатын жылудың толық анықталған мөлшері бөлінеді немесе жұтылады. Екінші текті Фазалық ауысу кезінде қандай да бір нөлге тең физикалық шама ауысу нүктесінің бір жағынан екінші жағына қарай ығысу нүктесінен алыстағанда нөлден бастап біртіндеп өседі. Мұнда тығыздық үздіксіз өзгереді, жылу бөлінбейді және жұтылмайды. Бірінші текті Фазалық ауысу табиғатта кең таралған құбылыс. Оған булану мен конденсаттану, балқу мен қатаю, қатты фазаға сублимациялану мен конденсаттану, қатты денелердегі кейбір құрылымдық ауысулар, мысалы, темір-көміртек қорытпасында мартенситтің түзілуі жатады. Таза асқын өткізгіштерде жеткілікті күшті магнит өрісі асқын өткізгіштік күйден қалыпты күйге бірінші текті Фазалық ауысутуғызады. Екінші текті Фазалық ауысуға: макроскоп. магниттік моменттің пайда болуымен бірге жүретін пара-ферромагнетик. ауысу, пара-антиферромагнетик. ауысу, т.б. жатады. Фазалық ауысу температураның, т.б. шамалардың қатаң анықталған мәндеріндегі бөлшектер санына шек қойылмайтын жүйеде ғана өтетін құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет