Физика пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмалары 1нұсқа а бөлімі



бет1/2
Дата11.07.2022
өлшемі328,94 Kb.
#147406
  1   2
Байланысты:
1 - нұсқа


«Физика» пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмалары
1нұсқа
А бөлімі
1. 5 км, 4 сағат, 3 см3 –і ХБЖ-не түрлендіріп, еселік және үлестік түрде дұрыс жазылуын көрсетіңіз.
А) 50 м , 144 с, 3·10 -3 м3
В) 5·102 м, 14,4·102 с , 3·10- 4 м3
С) 5·103 м, 144·103 с , 3·10-5 м3
D) 5·103 м, 14,4·103 с, 3·10-6 м3
[1]
2. Суретте автомобиль қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.

Суретті пайдаланып, төмендегі кестенің дұрыс жазылған жолын көрсетіңіз




t, c

ϑ, м/с

а, м/с2

S, м

А

2

4

4

8

B

2

4

2

4

C

2

4

0

8

D

2

4

4

0

[1]
3.Әрқайсысының күші 300 Н болатын екі күштің теңәсерлі күшін табыңдар. Олардың арасындағы бұрыш 90°.
А) 420 Н
В) 500 Н
С) 550 Н
D) 600 Н
[1]
4. Қай қатарда сыртқы күштер әрекет етпегендегі серпімді соқтығыс кезінде денелер жүйесінің толық импульсі мен кинетикалық энергиясы қалай өзгеретіні дұрыс көрсетілен?





Толық импульс

Толық кинетикалық энергия

A)



сақталады

сақталады

B)



сақталады

сақталмайды

C)



сақталмайды

сақталады

D)

сақталмайды

сақталмайды

[1]
5. Ұзындығы 6,6 м мұхит толқындары 3,2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бұл толқындардың жиілігі қандай?
A) 0,48 Гц
B) 2,1 Гц
C) 9,8 Гц
D) 21 Гц
[1]
6. Массасы 500 г таскөмір толық жанғанда бөлінетін жылуды пайдаланып, су массасының қанша мөлшерін 20 ºС-тан 70 ºС-қа дейін қыздыруға болады? (Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг·ºС, таскөмірдің меншікті жану жылуы 30 МДж/кг.)
А) 71,4 кг
В) 72,6 кг
С) 84 кг
D) 86 кг
[1]
7. Циклдік процесс нәтижесінде, газ 100Дж жұмыс атқарып, қыздырғышқа 500Дж жылу берді. Циклдің пайдалы әрекет коэффициетін анықтаңдар.
A) 10%
B) 15 %
C) 20 %
D) 25 %
[1]
8. Массасы 4кг балқу температурасындағы қорғасынды балқыту үшін
қанша энергия жұмсалады ? (𝜆 = 2,5 ∙ 10 4Дж/кг)
А) 1,6 кДж
B) 10кДж
C) 100 кДж
D) 625 кДж
[1]
9. Кеңістікте орналасқан екі нүктелік зарядтар көрсетілген. Олардың зарядтары сәйкесінше 12 мкКл және 3 мкКл. Нүктелік зарядтар вакуумда орналасқан және олардың ара қашықтығы 8 см деп есептеп әсерлесу күшінің сандық мәнін анықтаңыз. (k = 9·109 Н∙м2/Кл2 ).
А) 20 Н
В) 38 Н
С) 50,3 Н
D) 50,6 Н
[1]
10. Тізбектегі жалпы кедергіні және амперметрдің көрсетуін анықта.

А) 2А
B) 2,5А


C)
D) 4А
[1]

11. Өткізгіш тоқпен магнит өрісінде орналасқан. Оған күш әсер етеді. Тоқ, өріс және күш векторлары өзара перпендикуляр. Суретте өзара перпендикуляр бағытталған X, Y және Z үш бағыты көрсетілген.


\
Ток, өріс және күштің ықтимал бағыттары қай жолда көрсетілген?

[1]
12. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескін мен линзаның арақашықтығын анықтаңыз.
А) 11 см
B) 10 см
C) 12 см
D) 13 см
[1]
13. Электронмен соқтығысу барысында 13,24 *10-19 Дж энергия ала отырып, атом сәуле квантын шығарады. Сәулеленудің жиілігін анықта.( петагерцпен). Планк тұрақтысы 6,62*10-34 Дж*с. (1 ПГц=1015 Гц)
А) 2МГц
B) 2ПГц
C) 2,1МГц
D) 2,3ПГц
[1]
14. Азот атомының ядросына 14N7 альфа бөлшек түсіп, сонда қалады. Осы кезде белгісіз элемент ядросы түзіліп, протон ыршып шығады. Менделеевтің периодтық кестесіндегі осы элементтің реттік нөмірі қандай?
А) 6
B) 7
C) 8
D) 9
[1]
15. Кеплердің 1- заңы
А) Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
B) Планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. 
C) Планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады. 
D) Барлық планеталар Жер центріне тартылады.
[1]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет