«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Орындау уақыты – 45 минут



Дата19.10.2023
өлшемі43,32 Kb.
#186694
Байланысты:
11-сынып жар ТЖБ №1
0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259

«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Орындау уақыты – 45 минут
1 .Суретте бөлшектің тербелісінің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі бейнеленген.

Графикті пайдалана отырып келесі шамаларды анықтаңыз:


а) тербеліс амплитудасын, тербеліс периодын, тербеліс жиілігін, бұрыштық жиілігін
[4]

ә) гармониялық тербелістің теңдеуін жазыңдар


[2]
2. Элект­рмаг­нит­тік тер­бе­ліс­тер­дің пе­ри­оды мен мен­шік­ті жиі­лі­гі қандай шамаларға тәуелді:
А) заряд, ток күші В) ток күші, конденсатор сыйымдылығы
С) кернеу, шарғы индуктивтілігі Д) заряд, ток күші, кернеу
Е) конденсатор сыйымдылығы, шарғы индуктивтілігі
[1]
3.Тер­бел­ме­лі кон­тур кон­ден­са­то­ры­ның сый­ым­ды­лы­ғы 0,4 мкФ, мен­шік­ті тер­бе­ліс жиі­лі­гі 50 кГц,за­ряд тер­бе­лі­сі­нің амп­ли­ту­да­сы 8 мкКл.
а) зарядтың, кернеудің, ток күшінің уақытқа тәуелділік q=q(t) теңдеу­ін жа­зың­дар
[3]
ә) кер­неу­дің тер­бе­ліс амп­ли­ту­да­сын, ток кү­ші­нің тер­бе­ліс амп­ли­ту­да­сын жә­не шар­ғы­ның ин­дук­тив­ті­лі­гін анық­таң­дар;
[3]
б) ша­ма­лар­дың тәу­ел­ді­лік гра­фик­те­рін тұрғызың­дар;
[2]

4. Тіз­бек­те­гі ток кү­ші мы­на заң бой­ын­ша өз­ге­ре­ді: i=8,5sin (314t + 0,661).


a) ток кү­ші­нің амп­ли­ту­да­лық мә­нін анықтаңыз;
[1]
ә) бас­тап­қы фа­за­сын анықтаңыз;
[1]
б) жиілі­гін анықтаң­ыз;
[1]
5. Ин­дук­тив­ті­лі­гі L = 0,02 Гн шар­ғы жиілі­гі 50 Гц айны­ма­лы кер­неу кө­зі­не қо­сыл­ған. Кер­неу­дің әсер­лік мә­ні U = 100 B.
а) Кернеудің амплитудалық мәнін анықтаңыз.
[1]
ә) ток кү­ші­нің лез­дік мә­ні­нің уа­қыт­қа тәуел­ді­лі­гін жә­не ток пен кер­неу ара­сын­да­ғы фа­залық ығысуды анық­таң­ыз;
[2]

6 .Төмендегі суреттегі сұлбада активті кедергі R=2 Ом, шарғының индуктивтілігі L=50 мГн, конденсатордың сыйымдылығы С=25 мкФ берілген.


a) тізбектің толық кедергісін анықтаңыз;

[2]

ә) 50 Гц айнымалы ток жиілігінде ток пен кернеу арасындағы фазалық ығысуды анықтаңыз;
[2]

8 . Бірінші реттік орамасы 840 орамнан тұратын суретте көрсетілген трансформатор кернеуді 220 В-тан 660 В-қа дейін арттырады.


а) Трансформатор қызметін түсіндіріңіз


[2]

а) трансформация коэффициентін анықтаңыз;


[1]

ә) екінші реттік орамасы қанша орамнан тұратындығын анықтаңыз;


[2]
Жалпы балл-30

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет