Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Байзаурова Назгуль Мейрамгазыевна Аудандық білім бөлімінің әдіскері



Дата20.08.2022
өлшемі15,77 Kb.
#148162

Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Байзаурова Назгуль Мейрамгазыевна
Аудандық білім бөлімінің әдіскері.
ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша
білім бөлімі» ММ , Қ.Қайсенов кенті

Қазіргі кезде физика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор. Бұл тапсырмаларды қалай ұйымдастыру керек, тарау бойынша тақырыпқа сай етіп деңгейлеп, саралап таңдай білу ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бүгінгі таңдағы алда тұрған басты міндет – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.


Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің бірі болып көрсетілген.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе сөз аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы екіншіден, мектептен басталады. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе - күнгі тұрмыста жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап алуы керек.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады. PRTS (PISA) халықаралық зерттеуінде, ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес.
Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы.
Физиканың ерекшелігі –ол қазіргі кездегі ауадай қажетті техникалық ғылымдардың негізі. Физика сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализм элементтерін жояды.
Физика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы физиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Мектеп физика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – физиканың қолданбалы мүмкіндіктерін ашу. Математикалық, химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді. Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз.
Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады. Соның ішінде физиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін, қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің физиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.
Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Физика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және басқа да белсенді педагогикалық технологиялардың әдістерін кірістіре отырып, оқушыларды бір – бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе білуге , тұжырымдарын жасауға үйрету.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда - қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық, сұхбаттық, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар кешенді жүргізіліп отырса, онда білім - білік, дағдыларды игерту нәтижелі болатыны және әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көрінеріміз анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет