«Адам өзен сияқты,барлық өзеннің суы бірдей, бірақ бірінің арнасы тар,ағысы қатты ,енді біреуінің арнасы кең, ағысы баяу.Әр адамға адамзат баласының бойына біткен қасиет атаулының барлық нышаны бірдей болғанымен ,ол кейде бір қырымен, кейде басқа жағымен көзге түседі»
«Адам өзен сияқты,барлық өзеннің суы бірдей, бірақ бірінің арнасы тар,ағысы қатты ,енді біреуінің арнасы кең, ағысы баяу.Әр адамға адамзат баласының бойына біткен қасиет атаулының барлық нышаны бірдей болғанымен ,ол кейде бір қырымен, кейде басқа жағымен көзге түседі»
( Л.Н.Толстой )
Жеткен жетістіктерім
Мектепішілік жыл мұғалімі-
2011 І-орын
Аудандық тәрбие ісінің орынбасары-
2014 Алғыс хат
Педагогикалық оқу
"Оқушылардың физика пәніне
қызығушылығын арттырудағы жаңа
педагогикалық технологиялардың ролі!"
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім.
1.Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері.
2.Физика пәнін оқытуда интерактивті
тақтаны пайдаланудың тиімділігі.
3.Пәнді оқытуда оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.
ІІІ.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
К І Р І С П Е
Адам ұрпағымен мың жасайды, - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» - деген сөзіне орай, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Кезінде Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: «Егер келесі өмірде жақсы өмір сүргің келсе, онда осы өмірде тақуа бол, осы өмірде жақсы тұрмыс кешсем десең саудамен айналыс, ал егер екі өмірде де жақсы өмір сүргің келсе, білім ізде», - деп. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.
Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып тобылады, сол себепті сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет. Өз ісінің шебер маманы – ол үнемі ізденгіш, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, өз жұмысын өте сүйетін және жақсы білетін әрбір жағдайларда шешімді жол тауып, жылдам да ұтымды қимыл - әрекет көрсететін адам. Ендеше қазір мектептің алдында тұрған міндет – дәл осындай мамандарды тәрбиелеп шығару. Сол мамаңдар арқылы экономикасы дамыған, әрбір тұрғыны өзін әлеуметтік жағынан қорғанышта екендігін сезінетіндей гүлденіп дамыған ел боламыз. Сол себепті білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлай алатын, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білетін, мәдени және рухани жағынан жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет..
Кезінде Ахмет Байтұрсынов айтқан екен: « оқытудың үш жағы бар, үшеуі үш нәрсеге тіреледі: біреуі оқу құралдарына, екіншісі ақша – қаражатқа, үшіншісі жақсы мұғалімге», деп. Егер осы айтылған үш мәселенің бірі біріне сай келіп жатса, оқыту үрдісінде қиындықтар болмас па еді? Мен өзім мұғалімдік қызмет атқарып жүргендіктен, осы айтылған үш мәселенің екеуі мұғалімге қатысты айтылған деп есептеймін. Осы орайда мұғалімге тікелей қатысты мәселе – оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, ендеше бұған қол жеткізетіндей жолдарды іздестіру барысында мен осы жұмысымның тақырыбын «Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың ролі» деп алдым.
Педагогикалық технология ұғымының үш жағы бар:
Ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсаттары, мазмұны мен әдістерінін зерттейтін және педагогикалық үрдістерді жобалайтын педагогикалық ғылымның бір бөлімі;
Іс жүргізу-түсіндірмелі: оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін мақсат, мазмұн, құралдар мен әдістер жиынтығын, үрдісті түсіндіру.
Іс жүргізу-әрекеттілік: Технологиялық үрдістерді жүзеге асыру, барлық жеке, инструменталды және методологиялы педагогикалық құралдарды функционалдау.
Сөйтіп, педагогикалық технология оқытудың неғұрлым тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, және оқытуда қолданылатын әдістер, приниптер мен регулятивтер жүйесі ретінде және нақты оқыту үрдісі ретінде жұмыс істейді.
Физика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі.Физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануға жайлы сала болып келеді. Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады және мұғалім мен оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар жасалады.
Пәнді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері
Сабақ беру барысында мен үнемі интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдаланамын. 8-сыныпта өткен «Қайнау. Меншікті булану жылуы» атты тақырыптта өткен сабағымды әкеліп отырмын.
Сабақтың тақырыбы: «Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Буланудың екінші тәсілі қайнау процесімен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сарамандық жұмыстар жасау барысында қауіпсіздік ережесін естен шығармауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ауаның ылғалдылығы.(қатарлар әдісі бойынша)
1-қатар. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не, ол қандай параметрлерге тәуелді?
2-қатар. Гигрометрдің құрылысы қандай, жұмыс істеу принципі.
3-қатар. Психрометрдің құрылысы және оны қалай қолданады?
Мұғалім: Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шайды шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек.
Бүгін біз сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.
Мұғалім: Қазір біз қайнау процесін бақылаймыз.
Қайнау процесін бақылау: көпіршіктер, жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктердің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы.
Мұғалім: Ал енді қайнау процесінің жұмбағын шешейік.
1. Құтының үстіңгі жағынан нені байқадық?
2. Көпіршіктер қайдан пайда болды?
3. Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады?
4. Ызыл неге естіледі?
5. Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады?
Жауабы:
1. Әңгімелесу барысында анықталады, құтының үстінгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.
2. Әңгімелесу барысында анықталады, бұлар — судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.
3. Әңгімелесу барысында анықталады, ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді.
4. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.
5. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.
Мұғалім: Ал енді Қайнау мен булану процесін салыстырайық. Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығы неде?
Булану қайсысында болады?
Булану қандай температурада болады?
Сұйықтың қайнауы мен булануы кезінде оның температурасы қандай болады?
Енді осы процестерді салыстыра отырып қайнауға анықтама берейік. Оқушылар анықтама береді. Тақтадағы бос орындар толықтырылады.
Дәптермен жұмыс:
Меншікті булану жылуы дегеніміз сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі ретінде бір джоульдің бір килограмға қатынасы алынады. (1Дж/кг)
Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерін
У. Сабақты бекіту. Су сөзіне 5 жолды өлең құрастыру
УІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланды.
УІІ. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстарына байланысты жұмбақтар жаттау.
11-жаттығу. (7)
ҚОРЫТЫНДЫ
Өзімнің іс-тәжірибемді қорытындылай келіп, мынадай түйін түйдім:Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Қорытынды жасай отырып, интерактивті тақтаны әр сабақта шеберлікпен қолдана білу пәнді оқытудың сапасын арттыратынына сенімім мол.Оқушы шығармашылығын дамыту бір күннің, бір айдың емес, бірнеше жылдың үздіксіз жемісі, еңбегі.Ендігі мәселе: Шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауын одан әрі дамытудың жолдары қандай және ол үшін мен болашағыма қандай жоспар алдым.Жауап біреу-ақ. Болашақта өз оқушыларымның шығармашылығын дамытуда ізденімпаздық жұмыстарға, соның ішінде жобалау технологиясына байланысты зерттеу жұмыстарына, яғни, оқушыларымды мектепішілік, аудандық, облыстық әртүрлі жарыстарға қатыстыру. Мұның өзі шығармашылық жұмыстың шарықтау шегі.Сөзімнің соңын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деген сөзімен аяқтағым келеді.Ал, өмір талабын орындау – барлығымыздың абыройлы парызымыз. Иә, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалықты ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Сонда білім сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.Бүгінгі біз тәрбиелеген терең білімді, рухани азығы мол шәкірттеріміз ертең еліміздің биігінен көрінетініне кәміл сенемін.Ал, менің іс-тәжірибем осымен аяқталып қалмайды, әлі де жалғасын табады.