Функционалдық жағдайды бағалау. Қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, тыныс алу жиілігін және дене температурасын өлшеу



бет1/4
Дата05.12.2022
өлшемі4,89 Mb.
#161184
  1   2   3   4
Байланысты:
Функционалдық жағдайды бағалау МАК ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Функционалдық жағдайды бағалау. Қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, тыныс алу жиілігін және дене температурасын өлшеу.

Орындаған:Мінайдарова Ә

Қабылдаған:Туребекова А.Г

Жоспар

Кіріспе

  • Науқастың жағдайын жақсарту барысында алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.Алғашқы медицналық қызмет көрсету дәрігердің ең маңызды қасиеті болып табылады.Науқасты қарап тексергенде дәрігер ең біріншіден функционалдық жағдайына баға беру керек.Яғни қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, тыныс алу жиілігін және дене температурасын өлшейді

Науқастың функционалдық жағдайын бағалау

  • Науқастың белсенді жағдайы-ешкімнің көмегінсіз отырып тұра алатын,өзін күте алатын жағдайы.
  • Науқастың енжар жағдайы -әлсіреу салдарынан өздігінен қозғала алмайды.
  • Науқастың ес жағдайының бірнеше түрі бар:есі анық,ступор,сопор,кома.
  • Ступор-науқас қоршаған ортада бағдар жасай алмайды,сұрақтарға кешігіп жауап береді,жауаптары мағынасыз болады.
  • Сопор терең патологиялық ұйқы,егер науқасты қатты дауыспен оятса,сұрақтарға жауап беріп,қайтадан ұйқыға кетеді.
  • Кома-ми орталықтарының зақымдалуына байланысты естің толығымен жоғалуы.

Дене температурасын өлшеу

  • Дені сау адамның қалыпты дене қызуы таңертеңгілік және кешкілік сәл ғана өзгеріп отырады және 37 градустан аспайды.Дене қызуын өлшеу мен оны бақылау –мейірбикенің күнделікті әрі маңызды міндеті.Дене температурасын термометрмен өлшейді.Алғаш дәрігерлік термометрді 1723 жылы ұсынған неміс ғалымы Фаренгейт еді.Елімізде Цельсий термометрін қолданып жүр.Ол капилляры бар шыны түтікшеден тұрады,онда сынап толтырылған резервуар бар.Бұл түтік шкалаға бекітілген,онда 34-тен 42 градусқа дейін шкала белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет