"Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Термометрия". Есеп № 1 Пациенттің дене температурасы 41°С, ол қозған, сандырақтайды, беті қызарған. Тапсырма: 1. Пациент қызбаның қай кезеңінде? 2. Ол қандай көмекке мұқтаж? Есеп № 2 Науқас өзін нашар сезінуіне шағымданды, барлық дененің сырқырап ауырсынуына ,бас ауруына, науқас қатты тонады, жылына алмайды. Дене температурасы 40,3°с. Тапсырма: 1. Пациент қызбаның қай кезеңінде? 2. Оған қандай көмек қажет? Есеп № 3 25 жастағы науқас "Тұмау"диагнозымен стационарда емделуде. Түнде науқастың жағдайы нашарлап, температурасы 39,5 °С-қа дейін көтерілді. Қарау кезінде: байланыста емделуші әлсізденеді, алайда оның жауаптары адекватты, тері қабаттары сезуге ыстық, ылғалды, гиперемирленген. Еріндері жарылған, тілі құрғақ, ақшыл қабықпен қапталған, жұтқыншағы қызарған гиперемирленген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс-120 соққы. АҚҚ = 120/70 мм.рт. ст. үлке дәрет және зәр шығару өзгеріссіз. Тапсырма: 1. Мейірбикелік диагнозды тұжырымдаңыз. 2.Алғашқы мейірбикелік күтімді ұйымдастырыңыз. Есеп № 4 Пациентке дене температурасы 41,3 °С кезінде ыстық түсіретін препараттар енгізілді. 20 минуттан кейін температура қалыптыға дейін төмендеді, бірақ науқастың жағдайы нашарлады. Қарау кезінде: күрт әлсіздік, АҚҚ= 80/60 мм.с.ст., жіп тәрізді пульс, аяқ-қолдары суық, теріден (төсегі және іш киім) дымқыл. Тапсырма: 1. Мейірбикелік диагнозды тұжырымдаңыз. 2.Алғашқы мейірбикелік күтімді ұйымдастырыңыз. Есеп № 5 Созылмалы лимфолейкоз диагнозы бар гематологиялық бөлімшеде стационарлық емдеуде жатқан пациент өзін нашар сезінуіне шағымданады, барлық денесінін сырқырап ауруына, басының ауруына,тонып , жылына алмауына шағымданады . Дене температурасы 40,3 °с. Қарау кезінде: әлсіздік, тері жабындары құрғақ. Тапсырма: 1. Мейірбикелік диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Алғашқы мейірбикелік күтімді ұйымдастырыңыз. "Қарапайым физиотерапевтік емшараларды қолдану» Ситуациялық есептер Есеп №1 Науқас А. С. Кировтың температурасы 38,5°С. Мандайына суық сумен суланған сүлгіні 20 минутқа қойған. Дұрыс көмек көрсетілді ме? Есеп № 2 Қалалық аурухананың жарақат бөліміне асық жілік буынының жабық сынуына күдікті науқас жеткізілді. Рентгенологиялық тексеруден кейін диагноз расталмады. Науқас жұмсақ тіндердің соғылуы болды. Мейірбикенің іс-әрекеті (қандай қарапайым физиотерапиялық емшара орындау) Есеп № 3 Науқас И. А. Борисовқа операция блогынан құрсақ қуысы мүшелерінде операциядан кейін хирургиялық бөлімшеге жеткізілді. Мейірбикенің пациентке қатысты әрекеті. (қандай қарапайым физиотерапиялық емшара орындау) Есеп № 4 Пульмонологиялық бөлімшенің емделуші К. И. Зайцев дәрігердің тағайындауы бойынша 7 күн ішінде антибиотиктер алады. Инъекция орнында тығыздау пайда болды. Мейірбикенің іс-әрекеті. (қандай қарапайым физиотерапиялық емшара орындау) Есеп № 5 Дәрігер отоларинголог балаға құлақ аймағына жылытатын компресстер курсын тағайындады. Анасы жылытқыш компресс қалай дайындауға және қоюға білмейді. Әйел медбикеге көмек сұрап, ұсыныс беруді сұрады. (түсіндіру) Есеп № 6 Бронхит диагнозы бар емделушіге көмекші терапия ретінде дәрігер қыша қолдануды тағайындады. Сіз бөлімшенің медбикесі. Сіздің іс-әрекетіңіз. (қою орындары, реттілігі) Есеп № 7 Реанимация бөлімінің емделушісінде пневмония аясында жоғары қызба бар. Дәрігер қабынуға қарсы және ыстық түсіретін терапияны тағайындады. Сіз реанимация бөлімінің мейірбикесі. Сіздің іс-әрекетіңіз. Есеп № 8 Науқасқа қыша тағайындалды. Ол қою орындары, қарсы көрсеткіштер мен көрсетілімдерді түсіндіруді талап етеді. Сіздің іс-әрекетіңіз. Есеп № 9 Артериялық гипертензиясы бар пациент. Медициналық бикеге қыша жасауын өтінді, оның әйелі осылай жасады деп айтты. Емшара мейірбикесі қарау кезінде денедегі бөртпені анықтады. Сіздің іс-әрекетіңіз.