Тақырыбы:Функциялық жүктеме,сынау әдісі,соматоскопия,эргометрия,телеметрия
Қабылдаған:Сейдехан Меруерт
Орындағандар:Сапарәлі Аружан
Бүркітбай Әділет
Жұбандықов Асқар
Жапар Айсәуле
Бекбосын Ақерке
Тарих және құқық институты:Цифрлық тарих 6В01603
Тарих-дінтану 6В01602
Алматы 2020
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен тарады.Бұл әдіс бойынша,бала организмініңмүшелерінің қызметін,оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы,оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып,түрлі жағдайларда анықтайды.Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады.Бала организмін зерттейтін физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту,температуралық әсер ету,дененің кеңістіктегі орынын өзгерту,т.с.ссфункциялық сынаулар қолданылады.Ең көп қолданылатындары;мөлшерленген дене және ой еңбегі.Мысалы,зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайда жүрегінің соғу жиілігін анықтайды,содан кейін бала 100м жер жүгіріп өткен соң оның жүрегінінң соғу жиілігін тағы тексереді.Сөйтіп балаға берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды.
Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия,яғни эргометр аспабын қолдану арқылы,жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады.Ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады.Бұл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс қабілеті есеп шығаруға дейін,шығарып жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.
Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары балалар мен жасөспірімдердің организмінің қызметтерін жынысына,жасына сай топталған әр жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта шамамен зерттеуге бағытталған.Мысалы,әртүрлі жастағы ер балалар мен қыз балалардың жүрегінің соғу жиілігін анықтау.Бұл әдіс әркімнің жеке басының даму ерекшеліктерін орташа көрсеткішпен салыстыру мүмкіндігін береді.
Жасқа байланысты физиологиялың әдістемесінің бірі телеметрия-радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі.Бұл әдісті қолдану балалар мен жасөспірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда зерттеуге мүмкіндік береді.Бұл әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын алады.Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық,радиотехникалық және электрондық аспапатарды кең қолданады.Бұл аспаптар бір сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.
Соматоскопия әдісі дене бітімнің түрін анықтауға,кез келген даму ақауларын анықтауға мүмкіндік береді.Дене бітімі күшті немесе әлсіз,орташа немесе орташадан төмен,дұрыс немесе дұрыс емес деп бағаланады.
Соматоскопия дене бітімін, дене пропорциясын, дене қалпын, терісін, бұлшық еттер мен қаңқа жүйесінің даму ерекшеліктерін, майдың тұнуын, кеуде қуысының, арқа, омыртқа, аяқтардың құрылымдық ерекшеліктерін, жасөспірімдердегі екінші жыныстық сипаттамалардың дамуындағы жыныстық жетілу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Соматоскопияны 18-20 ° C төмен емес температурада жарық және жылы бөлмеде жүргізу керек. Тексеруші тек шорт немесе жүзу сандықтарын киюі керек.
Соматоскопия дененің,тірек-қимыл аппаратының ерекшеліктерің аңықтайды.Дененің ерекшеліктерін конституция аңықтайды.Оның үш түрі бар:нормостениялық,гиперстениялық және астениялықБізге белгілі бірнеше дене-бітім түрі бар-нормостениялық пропорциямен сипатталады-гиперстениялық дененің өсуімен байланысты-астениялық кеуденің өлшемімен сипатталады
Соматоскопия бағалауды жүргізеді:Тірек-қимыл жүйесінің жағдайы (бас сүйегінің пішіні, кеуде қуысы, омыртқа бағанының жағдайы және денсаулығы, бұлшықеттің дамуы).Тері астындағы майдың дамуы.Репродуктивті жүйенің дамуы.Тері мен шырышты қабаттардың жағдайы.Тістердің жағдайы.
Баланың физикалық дамуын бағалау үшін төмендегілер қажет:
Антропометрия жүргізу.
Центиль аймағында орнын анықтап,бағалау.
Психикалық дамуын жасына байланысты бағалау.
Баланың физикалық дамуы дегеніміз-оның жасына байланысты бойының және салмағының өсуі.
Физикалық дамуы қалыпты болуы және қалыс болуы мүмкін.
1 жасқа дейінгі балаларды горизонтальді таразыда,2 жастан жоғары вертикальді таразыда жүргізеді.
1жасқа дейәнгә балалардың бойын горизонтальді,1 жастан үлкен балалардың бойын вертикальді бой өлшегішпен анықтайды.
Қорыта айтқанда,мектеп жасы-бала ағзасы биологиялық жетілуге қол жеткізетін неғұрлым күрделі кезеңдердің бірі.Қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы жағымсыз факторлар кешенінің әсерімен қалыптасады.Олардың ішіндегі ең маңыздылары-экологиялық жағдайлардың нашарлауы,тамақтану,стресстік ықпалдар және т.б.Денсаулықтың негізі ерте балалық шақта қаланады және оны сақтаудың жетекші аспектісі-салауатты өмір салты болып саналады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес денсаулық дегеніміз-ағзада аурудың немесе физикалық кемістіктердің болмауы ғана емес,сонымен бірге толық физикалық,рухани және әлеуметтік аман-есендік.