ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ Тақырыбы:
Мәтіндік есептерді шешуде модельдеу тәсілін қолдану
Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп – басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады.
Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау. Кез-келген есепті шығарғанда математикалық білім алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық білім деңгейі жоғарылайды. Әр есеп өзінің мазмұны арқылы тәрбиелік міндетін атқарады.
Мәтіндік есептердің талдауын берудегі негізгі мақсат: - сабақты дұрыс ұйымдасыру; мәтінді есептермен жұмыс істеу әдістемесін меңгерту;
- білімін дамыта отырып оның іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра білуге бағытталған.
Математикалық модельдерге қойылатын негізгі талаптар:
Сәйкестік. Көрсетілген қасиеттерді қолайлы дәлдікпен көрсетсе, модель объектіге (түпнұсқаға) сәйкес болып саналады. Дәлдік модель мен объектінің шығыс параметрлерінің мәндерінің сәйкестік дәрежесімен анықталады.
Әмбебаптылық. Ол негізінен модельде ескерілген сыртқы және шығыс параметрлерінің саны мен құрамымен анықталады. Үнемділік. Модель оны іске асыруға арналған есептеу ресурстарының шығындарымен - компьютердің уақытының шығындарымен сипатталады.
Қарапайымдылық. Есептеу кезінде аз факторларды ескере отырып, дәл сол дәлдікпен қажетті нәтижеге қол жеткізілетін модель қарапайым деп аталады.
Потенциалдық (болжамдық). Модельді қолдану арқылы зерттелетін объект туралы жаңа білім алу мүмкіндігі. Мәселені шешу нәтижелерінің жеткілікті дәлдігі, модельдің сенімділігі.
Әрбір оқушы мәтіндік есептерді шығара білу керек. Ол үшін арифметикалық есептердің шешімін табуда қолданылатын әрекеттерді оқушыға сезіндіріп, алғашқы есептерді шығару әдістеріннің методикасын жаңарту қажет. Жалпы мәтіндік есептерді шығарудағы біліктіліктің негізгі тәсіліне модельдеу тәсілін жатқызуға болады.
Математикалық модельдеу әдісі мәтіндік есептерді шешкенде жиі қолданылады. Есептің берілуіндегі сөзбен сипатталған ахуалды модельдеуге әр алуан формулалар, кестелер, диаграммалар, функциялар, алгебралық теңдеулер, дифференциалды теңдеулер мен олардың жүйелері, теңсіздіктер, теңсіздіктер жүйелері, қатарлар, геометриялық фигуралар, схемалар, Венн диаграммалары, т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |