Г. М. Турбекова Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Әбілова Қанапия Дүйсекеқызының 10 сыныпқа қысқа мерзімді сабақ



Дата08.09.2017
өлшемі205,11 Kb.
#31387
«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.М.Турбекова


Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі

Әбілова Қанапия Дүйсекеқызының 10 сыныпқа қысқа мерзімді сабақ жоспары:




Сабақтың аты

§5.3. Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс.

Сілтеме

Оқулық,есептер жинағы, деңгейлік тапсырма,слайд.


Жалпы мақсаты

Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс жайлы мағлұмат беру

Механикадағы және термодинамикадағы жұмыстың формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйрету

Бірін-бірі бағалай білуге баулу


Күтілетін нәтиже

Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс жайлы мағлұмат алады

Механикадағы және термодинамикадағы жұмыстың формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйренеді

Бағалау критерийлерін оқушылар өздері белгілейді.

Бірін-бірі бағалай алатын болады



Негізгі идеялар

Механикада макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады. Егер күштің әрекетінен дене орын ауыстырса, онда шамасы:

Термодинамикада дененің тұтастай қозғалысы емес, макроскопиялық дененің ішіндегі дара микробөлшектрдің бір-біріне қатысты салыстырмалы орын ауыстырулары қарастырылады.






Газдың атқаратын жұмысы:

Газ көлемі өзгергенде ғана жұмыс атқарылады.



Егер , онда газ оң жұмыс атқарады. Бұл жағдайда газдың өзі жұмыс атқарады


формула бойынша газдың тұрақты қысымда атқарған жұмысын ғана, яғни изобаралық процесс кезінде атқарылатын жұмысты есептеуге болады.



Газ қысымының көлемге тәуелділік графигін изобаралық процесс үшін салайық:






Тұрақсыз қысымда жұмыс мына графикпен шектелген боялған фигураның ауданына тең, бірақ фигура басқаша болады.


Тапсырмалар


Топтық жұмыс,жеке жұмыс,тест,деңгейлік тапсырмалар,постер

Жеке жұмыс «Сәйкесін тап!»


Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»


Оқыту әдістері: Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер, критерий бойынша бағалау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу 1.2. Топқа бөлу

ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:Қысым,Көлем,Температура,Жұмыс.

  • Ішкі энергия деген не?

  • Заттың микроқұрылымы тұрғысынан алғанда ішкі энергия нені білдіреді?

  • Дененің ішкі энергиясын өзгерту үшін дене молеулаларының қандай параметрлерін өзгерту керек?

  • Идеал газдың берілген массасының ішкі энергиясы оның температурасына қалай тәуелді?

  • Зат мөлшерін азайтса, идеал газдың ішкі энергиясы өзгере ме?

  • Неліктен идеал газдың ішкі энергиясы газ молекуласындағы атомдар санына тәуелді болады?

  • Газдың ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?

  • Жылу мөлшері дегеніміз не?

  • Жұмыс деген не?

  • Жылу мөлшерінің, жұмыстың ішкі энергиямен байланысы қандай?

  • Осы физикалық шамалардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіріңдер.

Ұпай бойынша бағалау критерийлері

  1. «Мағынаны тану»

а) теориялық мазмұнын ашқаны,  формулаларды қорыта білгені, өлшем бірліктерін дұрыс анықтай алғаны үшін (2 балл)
б) демонстрациялық іс-әрекет (2 балл)
в) әсерлі, жаңашыл, тың идеялар қосқаны үшін (3 балл)

  1. «Деңгейлік тапсырмалар» (есептер жинағы)

а)  1-есеп (1 балл)
б) 2-есеп (2 балл)
в) 3-есеп (3 балл)

  1. «Тест тапсырмаларын орындау»

а) 1-2-3 дұрыс жауапқа 1 балл
б) 4-5-6-7 дұрыс жауапқа 2 балл
в) 8-9-10 дұрыс жауапқа 3 балл

  1. «Сәйкесін тап!»


ІҮ. Топтық жұмыс (10 минут)

  1. Постер қорғау


VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)


1

Білу

Жұмыс дегеніміз не?



2

Түсіну

Жұмыстың формуласын жаз?



3

Қолдану

Идеалды газ термиялық ПӘК-i 0,4-ке тең болатын Карно циклiн жасайды. Егер газдың изотермиялық ұлғаюының жасаған жұмысы 400 Дж -ды құраса, газдың изотермиялық сығылуы жасаған жұмыстың шамасы қандай болмақ?



4

Талдау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты салыстыр?



5

Жинақтау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысқа мысал келтір?




6

Бағалау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты білу біз үшін маңызы қандай?




ҮІ. Кері байланыс

Кейінгі тапсырмалар

Есептер шығару

Кейінгі оқу

§5.3. Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс

Рефлексия
Бүгінгі сабақ несімен қызықты?
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі неде?
Бүгінгі сабақтың негізгі түйіні неде?

Үйге тапсырма. 3 түрде беріледі:
1. Сабақта өтілген формулаларға есептер шығару.
2. Өткен білімімізді еске түсіре отырып, формулалар қорытып, есептер шығару.
3. Өз қалаулары бойынша жеке тапсырма: күрделі есептер шығару.

Жеке жұмыс


1

Білу

Жұмыс дегеніміз не?



2

Түсіну

Жұмыстың формуласын жаз?



3

Қолдану

Идеалды газ термиялық ПӘК-i 0,4-ке тең болатын Карно циклiн жасайды. Егер газдың изотермиялық ұлғаюының жасаған жұмысы 400 Дж -ды құраса, газдың изотермиялық сығылуы жасаған жұмыстың шамасы қандай болмақ?



4

Талдау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты салыстыр?



5

Жинақтау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысқа мысал келтір?




6

Бағалау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты білу біз үшін маңызы қандай?


Каталог: uploads -> doc -> 11bc
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11bc -> «Ана тілім – ардағым»
11bc -> Сабақ Тақырыбы: «Тауыс» құсын жасап үйрету. Пән: «Еңбекке баулу»
11bc -> В. И. Шубин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Габдолов Гарифолла Мүтиғоллаұлы 11. ХҮіі-хүііі ғ ғ Иран. Сабақ
11bc -> Сабақтың тақырыбы: Көп жылдық гүлдер мен бір жылдық гүлдердің ерекшелігі. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет