Шақа жалпы орта білім беру мектебі
География пәнінен сыныптан тыс шара
«Геокруиз»
География пәнінің мұғалімі: Садвакасова А.К.
Павлодар, 2015
География пәнінен сыныптан тыс іс –шара «Геокруиз»
Мақсаты: Оқшылардың оқу –тәрбиелік әсерлерін арттыру, география пәніне деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.
Ойынға екі топ қатысады, тақтаға аралдары бар теңіздің және екі желкеннің суреттері ілінеді. Топтың атын оқушылар ойлап табады.
Круиз Білім теңізі және теңіздің аралдарын аралау арқылы өтеді:
Ойландия аралы
Жұмбақтар аралы
Автомобильдер
Аспаздық
Теңіз қарақшыларының кемені жаулап алуы
Қара жәшік
Ойын барысы
І. Сыныпты ұйымдас тыру
ІІ. Оқушыларға ойынның міндетерін және ойынның өту барысын түсіндіру
ІІІ. Ойынды өткізу
Ойланландия аралы:
Бұл аралда оқушылардың көптеген географиялық терминдер мен түсініктерде қалай бағдар жасайтындықтары тексеріледі.
Географиялық анограммалар:
Көмек кеңестерді пайдалана отырып керекті сөздерді тап
1.Топ:
удар р........(пайдалы қазба) руда
ажр ж.......(өзен жағасындағы тік баурай) жар
марасқыра с.......(құлама су) сарқырама
пенал Н..... (Азия мемлекеті) Непал
ғазайнай н......( атмосфералық құбылыс) найзағай
2.Топ:
игра Р.......(Латвия астанасы) Рига
арба а.......(ұлт) араб
Сало Л ......(Үндіқытай түбегіндегі ел) Лаос
Тиски Т .....(Лаптев теңізіндегі порт) Тикси
ыңшы ш.......( таудың ең жоғарғы бөлігі) шыңы
2.Геологика
Берілген анықтамалар бойынша географиялық терминді не түсінікті тап.
Шапшаң жауап берген топ жеңімпаз болып саналады әрбір дұрыс жауапқа (1 ұпайдан беріледі)
Сұрақтар барлығына бірдей қойылады:
Жылы, суық, жұлдызды, қышқылды, соқыр, сұйық, мөлдір (жаңбыр)
Алтын түстес, түйіршіктелген, ірі, ұсақ, теңіздік, жағалық (топырақ)
Қарлы, шаңды, құмды, (дауыл)
Материктік, вулкандық, құмды, теңіздік, шөлді, тіріліксіз (арал)
Жер асты, жер үсті, тыныш, кең, ұзын, таулы ( өзен)
3.Бір сөзбен ата:
1. Топ:
1.Теңіз, өзен, көл –тоғандар
2.Ессентуки, Анталия, Шармаль-Шейх, Мойылды –курорттар
3.Берн, Москва, Дели- астаналар
4.Игуасу, Анхель, Виктория – сарқырамалар
5.Губа, лиман, фьорд – шығанақтар
Достарыңызбен бөлісу: |