Гепатит гепатит



Дата07.02.2022
өлшемі17,29 Kb.
#82449
Байланысты:
f1b33160-72ea-4bc2-8f73-f36d7806b51f


ГЕПАТИТ
ГЕПАТИТ – бауырдың жедел және созылмалы қабынуы, осы аурудың салдарынан бауыр тіндері және бауыр клеткалары дистрофияға ұшырайды.
Этиологиясы: инфекция (Боткин ауруы, созылмалы малярия, бруцеллез, tbc), зиянды әрекеттер арақ ішімдік пен әрекеттену, өндіріспен, дәрілік заттармен улану.
Созылмалы гепатиттің клиникасы 3 түрге бөлінеді:

    1. Созылмалы агрессивті гепатит – ХАГ.

Шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, арықтак, тәбеті төмендейді, лоқсу, ұйқышыл, сарғаю, асцит болады.
Қарағанда: терісі сарғайған, пальпацияда- бауырдың ауыруы мен үлкейгені байқалады.
Қанда –бауыр сынақтары жоғарлайды:

  • тимол сынағы (4 ЕД дейін);

  • аланинаминотрансфераза АЛТ;

  • аспартат-аминотрансфераза АСТ;

  • билирубин (N-20,52ммоль ⁄л);

  • сулема сынағы;

  • вельтман лентасы

  • фосфатаза қышқылы (0.5-0,4ммоль⁄л тең болады).




    1. Созылмалы персистикалық гепатит –ХПГ. Клиника анық байқалмайды, тек бауыр сынақтары жоғарлайды.

    2. Созылмалы холестатикалық гепатит – терісі қышиды, сарғаяды, бауыры -2-3см үлкейеді, билирубин, холестерин, фосфатаза көбейеді.



Емі және алдын алу шаралары:
1. вирусты гепатиттің алдын алу
2. себептерін жою
3. "Д" есепке алу
4. диета №5
5. витаминдер С1 В1 В6 В12 Эссенциале
6. зат алмасу процесін жақсарту үшін - кокарбоксилаза, липой қышқылы,
липамид, глутамин қышқылы.
7. гепатопротекторлар (вигератин, витогепат, карсил, гептрал)
8. белокты гидролизаттар (аминокровин, аминопептид, гидролизин, казеин, альбумин).
9. кортикостероидтар (преднизолон 20-30 мг тәулігіне 2-3 ай көлемінде).
10. иммунодепрессантар –делагил, имуран, левамизол, 6-меркаптопурин,
Д-пеницилламин.
11. өт айдайтын дәрілер.
12. курорттық ем (Ессентуки, Моршин, Минводы, Трускавец, Сарыағаш,
Жаңақорған).
БАУЫР ЦИРРОЗЫ
БАУЫР ЦИРРОЗЫ - бауырдың паренхимасы мен стромасының зақымдалуы нәтижесінде бауырда дәнекер тіні өседі.
Этиологиясы: вирусты гепатит, алкоголизм, тамақта ақуыз пен витаминдер жетіспеуі, токсикалық заттардың әсері (фосфор, мышьяк, дәрілік заттар), тұқым қуалаушылық, аллергия.
Патогенезі: бауыр клеткалар өлеттенеді, сосын бауыр тінінде тыртықтар пайда болады. Олар бауырдың қантамырларын қысып, қан қысым көтеріледі, оны портальды гипертензия дейді.
Цирроздың түрлері:

  1. некроздан кейінгі пайда болған цирроз (ірі түйінді немесе

макронодулярды)

  1. портальды цирроз (майда түйінді немесе микронодулярды)

  2. билиарлық цирроз (созылмалы холестаз-өттің өт жолдарында тұрып қалуы).

  3. аралас.

Барлық бауыр цирроздардың клиникасы:
Шағымдары: Алғашқыда әлсіздік болады және тәбеті төмендейді. Қуырылған және майлы тағам жегеннен кейін оң жақ қабырғасының асты ауырады, іші кебеді, терісі қышиды, науқас арықтайды.
Қарағанда: терісі қоңыр түсті (меланин жиналып қалады), тыр нақтары ақшыл, тегіс болады, көзі сарғаяды, денесінде қышынған іздер қалады, мойында және денесінде тамыр "жұлдызшалары" және "бауыр алақаны"(эритема) пайда болады. Алғашқыда бауыр үлкейеді, кейін тез кішірейеді, ал талақ үлкейеді, өңеш пен асқазанның күре тамыры кеңейеді, асцит болады (сұйықтықтың құрсақ қуысына жиналуы).
Сосын геморрагиялық синдром пайда болады (мұрыннан, тіс етінен, жатырдан, өңештің қан тамырынан қан кетеді) және теріде геморрагиялық бөртпелер болады.
Соңғы сатысында –кахексия (тез арада арықтау), полгиповитаминоз, бауыр комасы дамиды.
Қанда – билирубин көбейеді, анемия, лейкопения, тромбоцитопения болады, СОЭ ↑, протромбин индексі төмендейді, альбулин азаяды, глобулин көбейеді, фосфатаза қышқылының белсенділігі артады.
Бауыр циррозының емі:

  1. төсек режимі

  2. диета №5

  3. бауырдың зат алмасу процесін жақсарту үшін – глутамин, липой қышқылы, кокарбоксилаза және витаминдерді беру.

  4. гепатопротекторлар

  5. преднизолон 15-20мг күніне

  6. бауыр ұлғайғанда, асцит пайда болғанда тұзды, сұйықтықты шектеу қажет және зәр айдайтын дәрілер беру керек.



Бауыр комасы – жедел улануда, Боткин ауруында, бауырдың қатерлі ісігінде, бауыр циррозының соңғы сатысында, қан кеткенде, гемотрансфузиялық асқынуларда, шокта, сепсисте, күйікте дамуы байқалады.
Клиникасы: науқас біртіндеп есінен танады.
Шағымдары: басы ауырады, әлсіздік ұйқысыздық, қозудан кейін ұйқы
қысады, лоқсу, құсу, бет және аяқ-қл бұлшық еттері тартылады.
Терісі сарғаяды, қышыма іздері қалады, "тамыр жұлдызшалары"
болады, маска тәрізді бет, көз қарашығы үлкейеді, аузынан бауыр
дың тәтті иісі шығады.
Перкуссияда-бауырдың тез кішіреюі байқалады. АД↓,↑t-39-40 Сº
тен болады. Зәрі қоңыр түсті және геморрагиялық синдром қосылады-мұрыннан қан кету, қанаралас құсық, терісі қанталайды.
Соңғы сатысында –барлық белгілер жойылады, Чейн-Стокс немесе
Куссмауль тынысы болады.
Емі:
1. төсек режимін сақтау, диета №5 көп мөлшерде сұйықтықтар ішу
2. көктамырға 5%-500,0 глюкоза мен 6-8 ЕД жай инсулин
3. преднизолон, гидрокортизон
4. қан және қан алмастырғыш препараттарын қолдану
5. витаминдер В1, В6, В12, С, К.
6. қозу кезеніңде –галоперидол, хлоралгидрат (1 г клизма )
7. ацидоз кезенде-4%-200-600мг бикарбонат натрии ерітіндісін жіберу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет