Гериатриялық пациенттердің күтімі
Жоспар:
1. Түрлі аурулар және шұғыл жағдайлардын клиникалық көрінуінің ерекшеліктері.
2. Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері (өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы, әлеуметтік онашалану, ЖИА, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, ұйқының, тәбеттің, көз көрудің, естудің бұзылуы).
3. Түрлі дімкәстік пен аурулар кезінде гериатриялық пациенттерге күтім жасау және ұйымдастыру (тамақтандыру, жуындыру, киімін кигізу, бос уақытты ұйымдастыру).
4. Емдік емшараларды орындау, гериатриялық пациенттерді өзіне өзі күтім жасауды үйрету
Егде және қарт жастағы адамдарға тән түрлі аурулар және шұғыл жағдайлардын клиникалық көріну ерекшелігінің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады: - Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда).
Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады. - Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.
- Көбінесе аурулар созылмалы ағымда болады.
Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады. - Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады.
- «Кәрілік» аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз ісігі, Альцгеймер ауруы және т.б.).
- Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.
- Әлеуметтік-психологиялық статустың өзгеруі. Әлеуметтік бейімсізденудің негізгі себебі адамның зейнеткерлікке шығуы, жақын туыстарын және жолдастарының өліміне байланысты оларды жоғалту, жалғыздық және басқа адамдармен қарым-қатынасының шектелуі, өзін күтудің қиындауы, экономикалық жағдайының нашарлауы.
Өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы кезіндегі медбикелік күтім: Өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы кезіндегі медбикелік күтім: - Пациенттің жеке гигиенасын қамтамасыз ету
- Пациентті тамақтандыру
- Психологиялық қолдау жүргізу
- Пациентке өзіне өзі күтім жүргізуді үйрету
Әлеуметтік оңашалану кезіндегі медбикелік күтім ЖИА бар пациенттерге медбикелік күтім: - Диетасын қадағалау
- Дәрігер тағайындауларын орындағанын қадағалау
- АҚ үнемі бақылап отыру
- Физикалық, психикалық тыныштық қамтамасыз ету
Семіздік кезіндегі медбикелік күтім: - Пациенттің жағдайын үнемі бақылау
- Тамақтану рационын бақылау
- Психологиялық қолдау көрсету
- Дәрігердің тағайындауын орындауын қадағалау
- Семіздіктің алдын алу шаралары жөнінде әңгіме жүргізу
Қант диабеті кезіндегі медбикелік күтім - Тамақтану режимін қадағалау
- Тері күтімін жүргізу
- Табан күтімін жүргізу
- Дене салмағын бақылауда ұстау
- Пульс және АҚ бақылап отыру
- Қандағы қант мөлшерін қадағалауды үйрету (глюкометрмен жұмыс істеуді үйрету)
Артериалды гипертензия кезіндегі медбикелік күтім - Тамақтану рационын, режимін қадағалау
- Салмақты қадағалау қажет екенін түсіндіру
- Зиянды әдеттерден бас тартуды ұсыну
- Ауру симптомдарын анықтауды және өзіне уақытылы көмек көрсетуді үйрету
Ұйқының бұзылуында медбикелік үрдіс: Ұйқының бұзылуында медбикелік үрдіс: - Төсектің жайлылығын қамтамасыз ету
- Тыныштық қамтамасыз ету
- Дәрігер тағайындаған жағдайда ұйықтататын дәрілер беру
Тәбеттің бұзылуы кезіндегі медбикелік күтім: Тәбеттің бұзылуы кезіндегі медбикелік күтім: Көз көрудің бұзылуы кезіндегі медбикелік үрдіс: Көз көрудің бұзылуы кезіндегі медбикелік үрдіс: - Палатаға кіргенде медбике өзін таныстыру
- Жүру кезінде көмек көрсету
- Таяқ қолдануды үйрету
- Көзілдірік киетін болса, әрқашан жанында болуын қадағалау
- Жарық қамтамасыз ету
- Заттардың тұру орнын ауыстырмау
Естудің бұзылуы кезіндегі медбикелік күтім: Естудің бұзылуы кезіндегі медбикелік күтім: - Маңызды ақпаратты түсінікті айту немесе жазып беру
- Сөйлесу кезінде медбике беті пациенттің бетімен бір деңгейде болу қажет
- Сөйлесу барысында ауызды жауып тұрмау
- Есту аппараттары болса дұрыс жұмыс істейтіндігін бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |