Гранатаны ҧстау. Гранатаны тӛрт саусақтың арасында ұстайды. Үлкен саусақ граната білегінде жатады, саусақтар гранатаны қыспай ұстайды. Екпінмен жҥгірудің алдыңғы кезеңі
Гранатаны ҧстау. Гранатаны тӛрт саусақтың арасында ұстайды. Үлкен саусақ граната білегінде жатады, саусақтар гранатаны қыспай ұстайды. Екпінмен жҥгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде доп немесе граната иық үстінде болады. Алғашқы бӛлікке екпін серіппелі, алға- артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. Екпін алудың соңғы бӛлігі, лақтыруға дайындалу. Ақырғы адымда орындалатын адымды – лақтыру адымы деп атайды. Жылдамдықты тӛмендегідей оқушы гранатаны артқа ығыстырады, лақтыру алдында финалдық қозғалысты жасауға қолайлы қалыпқа келеді. Лақтыру адымы оқушының жеке дара мүмкіндігіне байланысты. Гранатаны ығыстырудың және лақтырудың ең оңтайлысы 4- адымнан лақтыру. Қайшылау адымы сол аяқпен итеріліп, оң аяқтың сермелуімен басталады. Оң аяқ алға шығады, табанмен сырт жаққа бұрылып қырымен қойылады. Осы кезде дене оңғашалқайып бұрылады. Сол аяқ жедел алға шығып, ӛкшеден қойылады, табанның ұшы лақтыратын жаққа бағытталған. Содан кейін лақтырушы оң аяқты түзетіп, ӛкшені сырт жаққа бұрады. Оң жақтың жамбасы алға беріледі, дене салмағы оң аяққа ығысады. Шынтақтан бүгілген оң қол, гранатаны ӛзіне алып, тартылған садақша қалыпта жағдайдан ӛтіп, иықтың және қолдың алға-жоғары жедел қозғалуы арқылы граната лақтырылады. Лақтыру бұрышы 40-42°, граната тік жазықтыққа айналады. Лақтырылғаннан кейін тепе-теңдікті сақтап қалу үшін, оң аяқты тез алға шығарып, табанды іш жаққа қаратып, аяқты тізеден бүгу әдісі дұрыс болады. Тізеден отырып лақтыруда оқушы оң жаққа денені бұрып, оңтізегеотырады, аяқтың ұшын жерге тіреп, тізеден бүгілген сол аяқ, толық табанға қойылып, лақтыруға ыңғайлы жағдайда тұрады. Гранатасы бар қол тӛмен артқа ығысады, содан кейін лақтыру «арқадан» иық арқылы ӛтеді. Граната ұшысымен лақтырушы дененің қозғалысын аяқтап, алға Репозиторий КарГУ 85 еңкейеді. Бүгілген сол қол кеудеде бүгіледі. Жамбас оң жаққа бұрылған, аяқ арасы сәл ашық, оң аяқ табанның ұшымен ішкі жақ қырымен, сол аяқ сырт жағымен жерге тірелген. Тік қолды артқа оң жаққа апарып, лақтырушы сәл оң жаққа бұрылып, аяқпен дене бүгіледі. Бірақ аяқты тіреу бұзылмау қажет, сол қол түзеледі. Лақтырар алдында кеуде оң аяқтың тізесіне таялады, гранатасы бар қол артқа оң жаққа бағытталған, алақанымен жерге тірелген сол қол түзу. Лақтыру денемен аяқтың түзетілуінен басталады. Лақтырушы сол қолға тірелу арқылыденені алға ығыстыра кӛтереді, осы дененің қозғалысы қолдың тӛменнен жоғары кӛтеруін жеңілдетеді. Тік қолмен лақтырғаннан кейін, қолды бүгіп, кеудені жерге тигізіп жату қалпын сақтайды. Граната лақтыру ережесі жіңішке таяқшадан басталады. Белгіленген секторға коридорға түседі. Таяқшаның ені 7 см, ұзындығы 4 м ағаштан, темірден жасалады. Допты лақтыруда бақылау таяқшасы қисық доға тәріздес болады, лақтыру бұрышы 29°. Салмағы ерлерде 700 г, әйелдерде 500г. Граната, доп, найза, түсетін жерге 10 м коридор сызылады, осы коридордан шығып кетсе, есептелмейді. Коридордың жанындағы сызықтар ені 5 см ақ сызықпен кӛрсетілген. Жүгіру жолдың ұзындығы 30, ені 4м. Түсу секторы шӛп немесе жер болуы қажет. Тӛрешілер алқасы аға тӛреші, алаңдағы тӛреші, ӛлшейтін тӛреші және хатшы. Граната лақтыруға тӛменгі бір қалыппен үйретіледі: 1) Граната ұстаумен таныстыру, снарядқа күш түсіре білу; 2) Гранатаны орында тұрып, қолды артқа ығыстырып лақтыру, орында тұрып лақтырғаннан кейін бір адымнан лақтыру; 3) Гранатамен жүгіруге үйрету, 4) Екпін алып жүгіріп лақтыруға үйрету, үйрету кезіңде допты, тасты пайдалануға болады; 5) Бастапқы кезде әдісті меңгеру үшін қысқа аралықта жай жүгіріп, содан кейін екпін алатын аралықты ұзартып, жылдамдықты кӛбейтіп, екпін алу аралығы 4-6 м толық 8-12 м жүгіру адымы. Репозиторий КарГУ 86 Найза лақтыру техникасы үйренушілерден қозғалыстың жақсы үйлесімін, бұлшықет иілімділігін,буын ептілігін, серпінді күш, денені және ырғақ сезімін басқара алуды талап етеді.. Осының бәрі жалпы дене шынықтыру және арнайы найза лақтыру дайындығына қатаң талап қояды. Сондықтан, лақтыру әдістерін үйрену кезінде ерекше орын алатын қосалқы снарядтар, доптар және гранаталар. Бұл үйренушілерге найза лақтыруды үйрету кезінде кӛп қателік болдырмауға кӛмектеседі, егер ең алдымен үйренуші бірден негізгі снарядты пайдаланса, яғни найза лақтыру шағын допты және гранатаны лақтыру ӛнерін меңгергеннен кейін басталады. 1-міндет. Граната (доп) лақтыру техникасымен таныстыру. Тапсырманы орындағанда мұғалім граната мен допты лақтыру тәсілін толық кӛрсетеді, лақтырудың жеке фазаларын түсіндіреді, кадр тізбегін, плакат, бейнефильмдерді кӛруді ұсынады, жарыс ережелерімен таныстырады. 2-міндет. Снарядты ұстауды және лақтыруды үйрету. Дұрыс және дәл лақтыру үшін снарядты дұрыс ұстау керек. Оның сабы алақанға бүгілген кішкентай саусақтың ұшына тірелуі керек,ал басқа саусақтар гранатаның сабын қапсыра ұстайды. Бас бармақ (найзаны ұстау сияқты) граната осі бойымен, және кӛлденеңінен қойылады. Доп лақтыратын қолдың саусақтар бӛліктерімен ұсталынады.Үш саусақ доптың артында тірек түрінде орналастырылған, сондай-ақ кішкентай және үлкен саусақ доптың екі жағын ұстайды. Үйренушілер допты тым қатты ұстамауын қадағалау керек. Граната мен допты алдында немесе бас сүйегінің жоғарғы жағында ұстауы абзал. Оқыту шағын доп лақтыру стадион немесе спорт алаңында, граната және найза лақтыру стадион немесе спорт алаңында, егер тренажер залын арнайы тормен жабдықтаса, ондақысқа сапты найзамен найза лақтыруды залда орындауға болады. Оқыту барысында мұғалім сақтық шараларын орындауы тиіс: - мұғалім белгі бергеннен кейін гранатаны тек бір бағытта лақтыруға мүмкіндік беріледі; Репозиторий КарГУ 87 - айналысушыларды бір-бірінен жеткілікті қашықтықта орналастыру; - шашылған снарядтарды белгі берілгеннен кейін жинату, найзаның ұшы жоғары қарап тұрғанына кӛз жеткізу. Снарядты ұстау және лақтыру тәсілдерін үйретуде жүйелі түрде мынадай жаттығулар пайдаланылады: - аяқтар иық деңгейінде, дене салмағы табанның алдыңғы бӛлігіндеі ,қол шағын доппен иық алдында, шынтақта бүгілген, қол тӛмен түсірілген. Имитациялық лақтыру жүйелі және үздіксіз қолдың алға-жоғары түзелуінен тұрады (үзіліссіз 8-10 рет). Содан кейін қол тӛмен қарай, жанға, кері және бастапқы кезіне қарай жылжуды жалғастырады; - Сол бастапқы кезінен шағын допты еденге лақтырғаннан кейін ұстау; - Сол,тек шағын допты қабырғаға лақтыру, одан кейін 3-тен 5м қашықтықтан нысанаға (2,5 м биіктікте орналасқан 1 м диаметрлі шеңбер) лақтыру; - Түрегеп тұрып, содан кейін лақтыру бағытына жанымен тұрып, сол аяқ алға қойылады. Жаттығудың мақсаты – қолдың жұлқи тарту қозғалысын меңгерту,қолдың бұлшық еттерін босаңсыту, лақтыру бағытында қолды дәл иық үстімен асыру және жүйелі алғажоғары.түзу ұстау 3-міндет. Гранатаны (доп) орнынан лақтыруды үйрету. Граната мен допты орнынан тұрып лақтыруға тек дайындалушылардың кеуде бұлшық еттерінің алға қозғалысын және лақтыратын қолдың қозғалысын меңгергеннен кейін ғана кірісу керек. Бұл сезім мынадай жаттығулар арқылы келеді: - снарядты лақтыру кезде қорытынды күшті модельдеу, сол жақ бүйірі лақтыру бағытында,сол аяғы алдында,оң қолымен гимнастикалық қабырғаға бекітілген резеңке жгутты (лента,эспандер) ұстау; - гимнастикалық орындықта отырып, бастапқы орыннан қабырғаға шағын допты (толтырмалы доп) лақтыру: екі қолмен; денені оңға қарай бұрып бір қолмен лақтыру; Репозиторий КарГУ 88 - серіктестің (мұғалім) кӛмегімен қорытынды күшті модельдеу, лақтыру бағытына қарай сол жақпен тұру,сол аяқ алда,табанның ұшы 45 ° бұрышпен ішке бұрылған,оң аяқ бүгілген. Дайындалушының оң қолын ұстап, мұғалім (серіктес) жауырынынан алға итеру арқылы оған бұлшық етінің жұмысын осы жағдайда сезуге мүмкіндік береді. - «тартылған садақ» қалпын имитациялау.Гимнастикалық қабырғаға сол бүйірімен тұрып,оң қолымен иық деңгейіндегі тақтайшаны ұстау, сол қолымен үстінен ұстау. - гимнастикалық қабырғаға оң бүйірімен тұрып, оң қолымен иық тұсында орналасқан торды астынан ұстау.Оң аяғын бұрып және тіктеп, жамбасты алға-жоғарыға,солға бұрылу; - снарядты алға-жоғары лақтыру. Ұшыру бағытына сол бүйірімен бұрылып,оң аяғын бүгу, денені оңға бұру және иық осін кеңейту. 4-міндет. Екпін алу және гранатаны(допты) бұрып жіберу техникасын үйрету . Лақтырма қадамдардың бірнеше нұсқалары және қайырудың әдістері қолданылады.Оларды қарастырайық. І нҧсқа: 2 адым «тікелей-кері» әдіспен 4- лақтырма қадамнан граната (доп) лақтыру; ІІ нҧсқа: 2 адым «доғамен жоғары-кері» әдіспен 4- лақтырма қадамнан снарядты лақтыру; ІІІ нҧсқа: 2 адым «алға-тӛмен-кері» әдіспен 4- лақтырма қадамнан снарядты лақтыру; IV нҧсқа: 3 адым «алға-тӛмен-кері» әдіспен 5- лақтырма қадамнан снарядты лақтыру. Бірінші нұсқа иық буындары қозғалыстары ширақ қыздарға кӛп қолайлы. Ең кӛп таралған нұсқа үшінші болып табылады. Жаттығу арқылы снарядты қайыру әдісін «орында тұру» қалпынан бастау керек: - снарядты қайыру имитациясын 2 адым жүруден. Оқушылар сапта тұрып гранатаны (допты) иықтан жоғары ұстайды. Снарядты қайыру 2 қадамға мұғалімнің командасымен, содан соң ӛздігінен жасалады; Репозиторий КарГУ 89 5-міндет. Толық екпін алып гранатаны (допты) лақтыру техникасын үйрету. Осы мақсатта, келесі жаттығулар қолданылады: - бастапқы жағдайдан лақтыру бағыты бойынша тұру,сол аяқ алдында,снаряд иықтың үстінде, сол аяқпен жақындау келіп, бақылау белгісіне дәл түсу; - тағы да, бірақ айқастыру қадамды орындау қосылған; - тағы да, бірақ лақтыруды іске асырған кезде бақылау белгісінен кейінгі лақтырма қадамдардың ырғағын жеделдетуге және қорытынды кезеңін жүзеге асырғанда аяқ қимылының келісімділігіне, денеге, қолға кӛңіл бӛлінеді. Аталған жаттығулар 6-8 қадамдық жүгіру арқылы орындалады, бірінші тӛмен жылдамдықпен, содан кейін дұрыс қозғалысты игерген соң қорытынды белгісіне дейін ұзындығын және жылдамдығын арттыру қажет. Екпіннің ұзындығы – бақылау белгісінен кері бағытта жүгіру жолы лақтыруға қатысты.Бастапқы жағдайда жүгіру алдында оқушы сол аяқты бақылау белгісіне, гранатаны (доп) иықтан жоғары қояды. Екпін оң аяқтан басталады. Аяқ тұрған жерге белгі қойылады. Қайталау жүгіріс арқылы екпін ұзындығының бірінші бӛлігі анықталады. Содан кейін оқушылар лақтыру бағытына беттеп тұрып, сол аяқпен осы белгіден жалпы толық екпінді ӛткізеді. Екпінді түзету қайта жүгірумен,снарядты лақтыру және лақтырусыз жүзеге асырылады. 6-міндет.Граната (доп) лақтыру техникасын жетілдіру. Граната лақтыру техникасын (шар) жетілдіру үшін оқушыларды түрлі техника әдістерімен таныстыру қажет.Осы снарядтарды лақтыру нәтижелерінің ӛсуі техниканы жетілдіруіне ғана емес,сондай-ақ физикалық қасиеттерінің дамығанына,бірінші кезекте шынтақ сіңірлерінің,иық буындарының нығайуына байланысты. Сондай-ақ доп және граната лақтыру техникасын оқыған үйренуші найза лақтыру тәсілдерін игеруге дайындалады. Репозиторий КарГУ 90 Найза лақтыру әдісінің негізі