Х МОДУЛЬ. АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚ. АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП...
Лексикалық тақырып: 1. Адамгершілік пен адами құндылықтар. Адами құндылықтың адам өміріндегі рөлі. 2. Бауырмалдық және кеңпейілділік – адамның ең бір асыл қасиеттері. 3. Адами құндылықты насихаттау. Танымдық-ақпараттық мазмұндағы мәтінді сипаттау, суреттеу, бағалау және қорытындылау.
Грамматикалық тақырып: Етістік + а (-е,-й) алу+ модаль етістіктер шақ, жақ формалары арқылы жасалуы.
1-тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
адамгершілік – нравственность
адамзаттық құндылықтар – человеческие ценности
ізгілік – гуманизм
ішкі жан дүниесі – внутренний мир
асыл қасиет – благородные свойства
жастайынан – смолоду, с малых лет
негізгі міндет – основная задача
рухани тәрбие – духовное воспитание
мінез-құлықын қалыптастыру – формирование поведения
еңбекке тәрбиелеу – трудовое воспитание
жеке тұлға – личность
ұлттық құндылықтар – национальные ценности
ар тазалығы – чистая совесть
жалпы адамзаттық қасиеттер – общечеловеческие качества
халық педагогикасы – народная педагогика
мәдени ұлттық дәстүрлер – культурные национальные традиции
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Құндылық сөзі қалай аударылады?
Адами құндылық дегеніміз не?
Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?
Жақсы көрудің мәні неде?
Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің?
3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті.
Абай Құнанбайұлы
«Құндылық» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығы бар. Сол сияқты адами қасиеттер де құндылыққа жатады.
Сіз өзіңізді ақылды, парасатты, инабатты, адамгершілігі мол адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Сіздің айналысатын шаруаңыз, шығармашылығыңыз бар. Сіз өз отбасыңызды, Отаныңызды, жақын адамдарыңызды жақсы көресіз. Мұның барлығы адами құндылыққа жатады. Сіздің болмысыңыз бен сырт келбетіңіз де құндылықтың бір түрі.
Философ ақын Абай Құнанбайұлы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде үш сүю туралы айтады. Біріншісі, жаратқанды сүй, екіншісі, адамды сүй, үшіншісі, әділетті, адалдықты сүй.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды.
Адам өмірінде адамгершілік қасиеттер маңызды рөлге ие. Жүрегі таза, ниеті түзу адам өзіне өзі сияқты адамдарды тартады. Қазіргі психологияда адамның ойы оның бүкіл өмірінің себепшісі деген түсінік бар. «Барлық әрекетті адамның ойы жасайды», яғни ойы таза адам таза, дұрыс әрекет етеді. Ойы тұман болса, ол адамның әрекетінде де қателіктер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |