Мұғалжар ауданы
Село Мұғалжар
Мұғалжар орта мектебі
Мектеп кітапханашысы
«Халқының жүрегінде жүрер мәңгі...»
/ Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші./
Кітапханашы;
Қазақ халқының «түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір» демекеші, қара өлеңдерін құныға оқып, құнарына бойлап өскен оқырмандары «Халқының жүрегінде жүрер мәңгі...» атты қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсыноваға арналған
еске алу кешін ұйымдастырып отырмыз.
Ендігі кезекті бүгінгі кештің жүргізушілеріне берейін.
1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелді.Махамбет жырларынан нәр алған ақын өр мінезімен,өршіл жырларымен дараланды.
2-жүргізуші: Ия,дұрыс айтасың. Ол ерекше дарыны мен үздіксіз ізденісінің арқасында бүкілхалықтық шығармашылық тұлғаға айналды.
1-жүргізуші:Фариза сынды туысы бөлек тұлғалы ақын өмірден озғанда өзімен бірге аса қымбат қазына – ол өзі әлі айтып үлгермеген асыл сөз бен теңіздей терең ойларды ала кетеді.
2-жүргізуші: Иә, Фариза апамыз Махамбет сынды кесіп айтатын кесек ақын еді. Дегенмен,рухани қазынаға ол салған олжа аз емес.
1-жүргізуші: Адам жаны әлемнен де күрделі екеніне келісесің бе?
2-жүргізуші: Келісемін ,әрине.
де жарқыратып жайып салған ,айтқысы келгенін айта алған армансыз ақын еді ол!
2-жүргізуші: Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады.
1-жүргізуші:
Иә, Фаризаның шығармашылық өмірі бақытты болғанмен азаматтық өмірде көрген қиындығы аз емес. Жас кезіндегі,ауылдағы қиыншылығы көп өмір, жас ұлғайған кездегі ұзаққа созылған науқас сүйегі асыл әпкеміздің сағын сындыра алмады.Ауыр сынды арқалап жүріп те, жырдың отын өшірмеді.
1-жүргізуші: Ендігі кезекті Фариза Оңғарсынованың өмірбаяны
тоқталайық.
Оқушы:
1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы,Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дуниеге келген.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала,Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
Оқушы: Айк-ркем
1966-1968жж.Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия турмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
1968-1970жж.республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе,Гурьев,Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
Оқушы:
1970-1978жж.республикалық «Қазақстан пионері»журналының бас редакторы,1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы болып істеген
Оқушы:
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан.Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары,очерктері,таңдамалы шығармалары, «Біздің Кәмшат»повесі,аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
Оқушы:
Орыс, туысқан республикалар ақындарының,Чили ақыны П.Неруданың жырларын,кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Оқушы:
1984 жылы «Үйім- менің отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен»өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Оқушы:
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің,Қазақ КСР Жоғары Кенесінің Құрмет Грамоталарымен, «Қүрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.Рестублика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.Халық жазушысы.
Оқушы: 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы.
Оқушы:
Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
2-жүргізуші: Фариза қазақ халқының тереңінен қайнап шықты да, дүниежүзілік поэзияның інжу-маржанын тұла бойына сіңірген ақын.
1-жүргізуші: Ұлы ақын атаулының бәрі де өз ұлтының перзенті.
Мына ақзер дүниеде өзге ұлтына ақыннан өткен етжақын,етене тұлға жоқ.
2-жүргізуші :Ақтаудың белінде, Алғадайдың шөлінде туған Фаризаның бойында қазақ қызына тән қайсарлық, өткірлік, өжеттік басым еді.
Тура айтылған кесімді сөзі алмас қылыштай орып түсетін еді.
1-жүргізуші:Расында да, азаматтардың жігерін жанып,намысын қайрайтын турашыл ақын еді ол.
2-жүргізуші:Фариза апамыздың қазақ поэзиясына сіңірген отты жырларымен оқырмандарының жүрегін жаулап, поэзия әлемінде тұғырын биіктеткен туындыларына кезек берейік.
...................................................................................................................................
........................................................................................................................................................................................................................................................................
2-жүргізуші: Қазақтың ақиық ақыны
«Фариза,Фаризажан,Фариза-қыз.
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болса мен саған мұң шағамын» деп Фаризаға ақын Мұқағалидың мұңын шаққан өлеңін тыңдайық
Қорытынды.
1-жүргізуші : Мағжандай сыршыл, Махамбеттей кесіп айтатын арлан сөзді айбарлы ақын, енді қайтып бұл дәуірде туар ма ? Кім білсін ?.............
2-жүргізуші : Қош,тал бесік пен жыр бесікте тербелген, тар бесікке сыймайтын, қоштасуға қыймайтын,аяулы әпкеміз Фариза.
2-жүргізуші : Қазақтың өр мінезді,асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
«Өлең,мен сені аялап өтем.»- ктіпханашы Дусупова Н.
Ән «Фариза»- орындайтын .............
«Халқының жүрегінде»- Н.Айтұлының ақынға арнаған өлеңін ................ орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |