HHH Ақсай қаласының №2 ЖОББМ бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясының өтуі туралы мәлімет Қыркүйек, 2021
Акцияның мақсаты: Әлеуметтік себептерге байланысты оқушылардың мектепке келмей қалуының алдын-алу.
Акция уақыты: Жыл бойы.
2021-2022 оқу жылында БАБББ 2021 жылдың 12 тамыздағы шығыс хаты №1-17/1046 негізінде «Мектепке жол» акциясы бойынша жоспар құрылып, бекітілді. Көмекті қажет ететін отбасы балалары анықталып, «Atamekenim.kz» порталына тіркелді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы негізінде материалдық көмекті қажет отбасының балаларының тізімі бекітілді. Аталған қаулы бойынша 6 отбасы анықталды, балалары-12.
Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
Әлеуметтік педагогтер Г.Салыхова және С.Имангазиева сынып жетекшілермен бірге көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларының үйлеріне барып, оқушылардың мектепке дайындықтарын пысықтады.
Акция шеңберінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы балаларына демеушілер тарапынан көмек ұйымдастырылды:
Жеке тұлғалар А.Наженова /5000 т/,Н.Ибрашев/7000 т/, С.Амирова /10000 т/, Т.Есеев /10000 т/, Е.Есентурлиев /10000/, С.Имангазиева /7000 т/, С.Овченников /22000 т/, А. Тюлепова /35000 т/көлемінде оқушыларға қажетті оқу құралдармен, мектеп сумкасын алып берді. Жеке кәсіпкерлер Ө.Нурабаев /20000 т/, Б.Туманов /10000/, Д.Сәдуақасов /15000 т/ 3 оқушыны мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, «Ақжол» ДҚП көп балалы 1 отбасыға /Балалары 3/, толық емес 1 отбасы баласына және қамқорлықтағы оқушыға мектеп сумкасын табыс етті./Жалпы құны 45 000 т./
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы негізінде көмекті қажет ететін оқушылардың тізімі бекітіліп, 12 оқушыға жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан қысқы курткамен, қысқы етікке тапсырыс берілді./Жалпы құны 236 000 теңге /