-отбасы құндылығы,отбасы бақыты туралы білім беру;
-туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту:
-туған үйі мен отбасын құрметтеуге,ардақтауға,бағалай білуге тәрбиелеу;
- Салеметсіздер ме, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір – біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.
Тыныштық сәті
Үй тапсырмасын тексеру.
“Боз орамал” мәтіні
-Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?
-Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
-Оның сағынышының сыры неде?
-Ата-анасының баласына деген сезімін қалай түсіндіресің?
Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.
Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашақта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады.
.
Дәйексөз
Әке– асқар тау,
Ана– ағып жатқан бұлақ,
Бала –жағадағы құрақ.
Халық нақылы.
Аңыз:
“Ана махаббаты”
Әңгімелеу
Шығармашылық жұмыс
Ананың
1. Мен үшін ананың ….қымбат
2. Мен үшін әке …..
Әке
Бала
3. Отбасындағы бала .....
Ардақта
ата-анаңды.
“Менің отбасым-бақытты” пікірталас
Отбасы бақытты болу үшін не керек?
Отбасы құндылығына нелер жатады?
Жақындарыңа деген сый-құрметіңді қалай білдіресің?
Отбасыңмен пікірлес,көзқарас,бір шешім қабылдау,өзара түсіністік бола ма? Қалай?
Ана жұмақ, әке жұмақ қақпасы Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын Бір күндері жұмақ іздеп барғанда Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын
-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
-Бауырың неше жаста?
Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туған күні қашан?
-Отбасыңда қандай мерекелерді атап өтесіңдер?
-Отбасыңдағы құндылықтар нелер деп ойлайсың?
Үйге тапсырма
Ана,әке,аға,апа,достар жөнінде мақалдар жазып келу тапсырылады.
Соңғы тыныштық сәті.
Көзімізді жұмып,бір сәт баяу музыканы тыңдап, осы сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге түйіп алайық.Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс.Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке негізделген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш,түсіністік орнайды.Әрбір перзент ақылды болса,дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...
Сабақ аяқталды,сау болыңыздар.
Ойланайық
1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?
2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?
3.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?
Әңгімелесейік
Б. Соқпақбаевтың
“Менің атым Қожа” повесінен үзінді оқу
Мәтінмен жұмыс
*Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?
*«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер?
Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма ,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
Ата-анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы
Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана,әке,апа,қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың, асқар тауың.Ана- жарық дүниеге әкелуші.
Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен соны білуің керек.
Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап,әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.
«Ата-анамды не үшін құрметтеймін» дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де даяр тұрады...Соны сен білуің керек.
Әрбір перзент ақылды болса,дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...Ата-ананың міндеті-сені тәрбиелеп,өсіру және жақсылыққа үйрету.
Ата-анаңның алдында шыншыл бол.Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың ризашылығын ал.
Кабуснамадан
Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер.