Мектеп : М.Әуезов атындағы орта мектебі
Тақырып: Тамырын жайып тереңге
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сүйіспеншілік,құрмет, қайырымдылық, отбасы татулығы
Мұғалім: Смаилова Гульнар Койбагаровна
Сынып: 7 «а» Оқушылар саны: 21
|
Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.
|
|
|
Оқыту нәтижелері:- Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру.
- Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Негізгі идеялар:
Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс екенін және отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негізделген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш, түсіністік орнайтынын ұғындыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап
|
Ресурстар: Аудиожазбалар, плакаттар, кестелер,
слайдтар
|
|
Көрнекілігі: ақ парақтар, түрлі түсті қаламдар, постер, қағаз қиындылары
|
|
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
5 Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Тыныштық сәті «Су асты патшалығына ойша саяхат». . Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу).
«Шашылған сөздер» ойыны арқылы топқа бөлу
|
Дельфин МР3
Топ аттарын «Сүйіспеншілік», «Татулық», «Сыйластық» деп , оқушыларды орындарына отырғызамын
|
|
Үйге берілген тапсырманы тексеру
«Боз орамал» П. Джон
Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Жасөспірімдердің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
Оның сағынышының себебі неде?
Ата-анасының ұлына деген сезімін қалай сипаттап берер едіңдер? «Боз орамал» youtobe
|
(Әңгімені оқып, негізгі идеяны анықтап келу)
Ата-ана махаббаты, кешірімділігі,
олардың өз баласынан еш нәрсені аямайтындығын түсінеді, ата-ана махаббатын сезініп,бағалай білу қажеттігін ұғынады.
|
|
Топтық жұмыс (Постер қорғау)
1 топ: Отбасы дегеніміз не?
2 топ: Отбасындағы құндылықтар дегеніміз не?
3 топ: Отбасы жарастығы дегеніміз не?
|
« Қол шапалақтау»
|
|
Шығармашылық тапсырма
Берілген мақалдарға сүйеніп , шағын әңгіме құрау.
1.Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала- жағасындағы құрақ.
2.Ата – бәйтерек
Бала- жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
4.Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
5.Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.
6. Баланың жақсысы – қызық, жаманы –күйік. (Абай)
|
Қарақат Әбділдина «Ана туралы жыр» қосылып тұрады.
(Екі жұлдыз, бір тілекпен бағалау)
« Басбармақ»
|
|
«Түйіндеме» (Өлеңді жалғастыр)
Отбасы:
...... .....сезінуге үйретеді;
............................ жетелейді;
.........................алуға көмектеседі;
.................................... құрметтеуге,
......................................болуға тәрбиелейді.
|
Сүйіспеншілікті
Жақсылыққа
Еңбектенуге,білім алуға
Үлкендерді
Кішілерге қамқор
|
|
Мұғалім сыйы. «Әке мен бала» бейнетаспа
|
Аудиожазба. Оқушылар аудиожазбадан көргендерінен ой түйіндейді.
|
|
Дәйексөз
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».
Халық мақалы
Сергіту сәті. «Қара жорға»
|
оқушылар өз пайымдаулары мен ой-пікірлерін білдіріп, отбасы тәрбие баспалдағы екендігі туралы түсінік алады.
|
|
Жаңа ақпарат
Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады. Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа,құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын,жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттық,қуаныш,түсіністік болады.
Мәтінмен жұмыс. М.Мақатаев «Мен қарапайым қарттарды сүйем»
|
Өлеңді оқып,өз ата,әжелеріңнің өнегелі істерін әңгімелеп беріңдер.
|
|
«Тілек шамы» ойыны
Мақсаты:
-Құрметті , балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын танып, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып,жүрекжарды тілектерімізді арнайық!
Топпен ән айту. «Сәби болғым келеді»
|
МР3 Фархат
|
|
Бағалау.
Балалардың белсенділіктерін байқап, ынталандыру және топтан көшбасшы шығару мақсатында «Белсенді оқушы», «Зерделі оқушы», «Білімді оқушы», «Көшбасшы» атақтары арқылы марапаттау.
|
|
|
Үйге тапсырма: 15-сабақтағы «Ана махаббаты»
Р. Ақдемір мәтіні
Сабақтан менің түйгенім:
Сабақ маған ұнады,себебі:
Сабақ маған ұнамады,өйткені:
Сабақтан менің үйренгенім:
Соңғы тыныштық сәті. Қайрат Темірғали «Жан анашым»
Бүгінгі біздің «Тамырын жайып тереңге» тақырыбындағы сабағымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. Демдеріңді іштеріңе алып, сыртқа шығарыңдар және сонан соң аз үзіліс жасаңдар. Енді ойша өз іштеріңдегі бүгінгі реніш – өкпелеріңе болашақтан көз тастап көріңдер. Мейлі бір жылдан, мейлі бес жылдан, он жылдан кейін болсын. Ал енді қазіргі жағдайларыңнан қандай айырмашылық байқадыңдар? Не сезініп тұрсыңдар?
|
Мәтінді оқып, мәтіндегі түйінді сәттерді сызба, кесте, тізім түрінде жасап келу тапсырылады.
Оқушылар ағашқа сабақтан алған әсерлерін жазып ілді.
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |