Сабақ тақырыбы: «Қазақстан – мейірімділік мекені»
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» , адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды тәрбиелеу.
Міндеттері:
- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
-балалардың өзіне, айналасындағыларға деген жауакершілік, бауырмалдылық және рақымдылық сезімдерін дамыту.
-балалардың игі істерге қатысуын және олардың жасына және мүмкіндігіне қарай қолдан келетін қайырымдылық істердің балалар тарапынан жасалуын қамтамыз ету.
Көрнекі құралдар: слайд, стикерлер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.
Балалардың амандасуы.
Мұғалім: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім - қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау - жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла.
Әке – асқар тау,
Ана – аққан бұлақ,
Бала – бауырындағы құрақ.
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата - анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін!
Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Сайыс сабағымыз 3 кезеңнен тұрады.
1.Дарабоз
2. Сөз мерген (Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.)
3. Бәйге (2 минутта қанша мақал- мәтел айту)
1.Дарабоз
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) және күннің суреті салынған плакаттар
ілінеді. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті , мейірімді білдіретін сөздер жазылған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа», және күнге іледі. Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық. Және күннің бейнесін мейірім деп атайық.
2. Сөз мерген (Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.)
Суретпен жұмыс:
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
- Тәртіпті -----------------(болу керек)
Рахмет! Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.
3. Бәйге (Берілген тапсырманы жылдам орындау)
Тапсырманы орындағанша оқушылармен ойын ойнасақ . «Саяхатқа шығу»
Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық.
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 - топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 - топқа тапсырма: «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып сабағымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |