Сабақтың мақсаты: Үлгі бойынша суреттерді сызуға,заттардың атауларын тыңдай отырып,тауып белгі қоюды үйрету



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#27266
түріСабақ
  1   2   3
Пәні:Қызықты математика

Күні:04.09.15ж.

1. Сабақтың тақырыбы:Ойлан тап.3-4 бет



Сабақтың мақсаты: 1. Үлгі бойынша суреттерді сызуға,заттардың атауларын тыңдай отырып,тауып белгі қоюды үйрету.

2.Заттың реттік мәнімен таныстыру,нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.



3. Ұқыптылыққа баулу,адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,кесте,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Мен әдепті баламын...»

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Суреттер бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.ә)Үлгі бойынша тақтадағы суреттерді сызып үйрену.


































































































































Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет. Сөмкеге қандай заттарды салар едің?Меңзермен сызып көрсет.

дәптер қарандаш шәйнек кітап

доп қуыршақ
сөмке


шана сызғыш балмұздақ

3-сурет. Суреттерді мұқият қара.Келесі бетке осы суреттерді дәлдеп сал.


4-сурет.Мұғалім суреттегі заттардың атын айтады.Аталған заттардың қасына + белгісін қойыңдар.

Сергіту сәті: «Балақан»

Бала,бала,балақан, Топ-топ-топ-топ басайық,

Қане қайсы алақан. Жалаудан күн жасайық.

Саусақтарың әйбат, Жаса-жаса жарқын күн,

Былай-былай ойна. Жаса-жаса алтын күн!

ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Самалға түймедағы өсіп тұрған алаңқайды табуға көмектес.Жолды меңзермен көрсет.

Пәні:Қызықты математика

Күні:11.09.15ж.

2. Сабақтың тақырыбы:Кім тапқыр?.5-6 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Берілген суреттер бойынша тапсырмаларды мұқият әрі жылдам орындауға үйрету.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы ой еркіндігін дамыту .

3.Зеректікке,тапқырлыққа баулу..

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,кесте,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Мен әдепті баламын...»

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Суреттер бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.

1-сурет.Кімнің шары?Айшаның шарын-қызыл,Мақсаттың шарын-жасыл,ал күшіктің шарын-сары түске боя.


Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.Мына жануарлардың ұнататын жемістерінің суретін сал.

Саңырауқұлақ,сәбіз,таңқурай,жаңғақ


аю аю

қоян

тиін

кірпі



Сергіту сәті: «Балақан»

Бала,бала,балақан, Топ-топ-топ-топ басайық,

Қане қайсы алақан. Жалаудан күн жасайық.

Саусақтарың әйбат, Жаса-жаса жарқын күн,

Былай-былай ойна. Жаса-жаса алтын күн!
3-сурет. Бірдей екі балапанды тап.Оларды боя.
4-сурет.Көкөністерді боя.Оларды ұқсас фигуралармен сызық арқылы қос.

( сәбіз,орамжапырақ,қызанақ,қияр)
ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Нүкте бойынша оң жаққа дәл сол жақтағы өрнектей сурет сал.

Пәні:Қызықты математика

Күні:18.09.15ж.

3. Сабақтың тақырыбы:Логикалық ойлау қабілетін арттыруға арналған



тапсырмалар.7-8 бет

Сабақтың мақсаты: 1.Ширату тапсырмаларын берілген суреттер бойынша мұқият әрі жылдам орындауды түсіндіру, үйрету.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту .

3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,кесте,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Мен бүгін көңілдімін...»

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Суреттер,кесте бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.Ширату тапсырма сын орындау.Саған кім болады?

Әкеңнің әкесі-

Әкеңнің шешесі-

Шешеңнің әкесі-

Шешеңнің шешесі-

Өзіңнен кіші қыз бала-

Өзіңнен кіші ұл бала-

1-сурет. Суретті аяқта.Түсіндіріп,әңгімелеп бер.(қоянның құлағы,мысықтың құйрығы,балықтың құйрығы,шәйнектің сабы,үстелдің төртінші аяғы)
Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.Суретті мұқият қарап шық.Осындай үзіндіні айналдыра сыз.



Сергіту сәті: «Балақан»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

3-сурет. Артық суретті боя.Оны неге артық деп ойлайсың?

(шәйнек,тәрелке,қарандаш,қасық)



4-сурет.Суретшінің қатесін түзете аласың ба?

(Құмыраға гүлдің суретін дұрыстап салу)
ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Жаңылыспадағы суреттерді анықтап қарап шық.Төмендегі суреттердің ішінен тап және боя.
Пәні:Қызықты математика

Күні:25.09.15ж.

4. Сабақтың тақырыбы:Логикалық басқатырғы.9-10 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға логикалық тапсырмалардың орындалу жлдарын ұғындыру.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Мен қандаймын...»психологиялық дайындық.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:Логикалық басқатырғы. Ширату тапсырмасын орындау.

Әкеңнің әкесін қалай атайсың?

«А»әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт.

Өзіңді қайдан көре аласың?

Иттің баласын қалай айтады?

Атасы ұлының баласын қалай атайды?

ә)Суреттер,кесте бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.

1-сурет.Суретті мұқият қарап шық.Суретші қандай қателіктер жіберді?Түсіндіріп бер.

(баланың шұлығы мен аяқ киімі жоқ)

Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.Суретте тұтас салынған көбелекке қарап,басқа көбелектердің суретін сал.
Сергіту сәті: «Қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.
3-сурет. Суретті мұқият қара.Жоғарыдағы суретке жетпей тұрған затты төмендегі суреттердің ішінен тап.Таңдауыңды түсіндір.Мысалы:сұрақ белгісінің орнына үстелдің суретін қою керек.Өйткені,балалар автобусқа отырса,жүк машинаға үотелді тиеуге болады.Ал басқа заттар сәйкес келмейді.
4-сурет.Қайсысы артық?Қалғандарын бір сөзбен қалай айтуға болады? (Қияр артық,себебі-көкөніс.Шие,алмұрт,алма-жеміс)
ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Нүктелерді қосып сызу арқылы құмырсқаның илеуге дейінгі жолын көрсет.


Пәні:Қызықты математика

Күні:02.10.15ж.

5.Сабақтың тақырыбы: Геометриялық эстафета.11-12 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ұғындыра отырып ,оларды атау,салыстыру,сызу жолдарын үйрету.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Ұқыптылыққа,зеректікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар,суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Мен қандаймын...»психологиялық дайындық.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:Геометриялық эстафета.

Ширату тапсырмасын орындау.

«Р»әрпіне аяқталатын ай аттары-қаңтар,сәуір,мамыр.

Үндемей оқытады-кітап

Орнынан қозғалмай жүреді-сағат

Кепкен жүзім-мейіз

Өрмекшінің аяғы нешеу?-4жұп яғни сегіз

Шөл басатын ыстық сусын-шәй

ә)Геометриялық фигуралар,суреттер,кесте бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.
1-сурет.Суретті мұқият қара.Суретті құрастырғанда қандай пішіндер пайдаланылғанын көрсет және айт.Артық пішіндерді сыз.Түсіндіріп бер.
Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.Ыдыстардың қақпақтарын тап және боя.Таңдауыңды түсіндіріп бер.

Сергіту сәті: «Ағаштар»

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
3-сурет. Дәл осындай қолғаптың сыңарын тап және оларды боя.Таңдауыңды түсіндіріп бер.Басқа қолғаптар туралы не айтасың?

4-сурет.Су ағатын шүмектерді түрлі түске боя.Енді әр себелектен аққан суды боя.Судың түсі қандай?Түсіндіріп бер.
ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Графикалық диктант.(күшікті мұғалімнің айтуы бойынша торкөз санау арқылы салу)

Пәні:Қызықты математика

Күні:09.10.15ж.

6.Сабақтың тақырыбы:Суреттер бойынша тағайындау.13-14 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ұғындыра отырып ,оларды атау,салыстыру,сызу жолдарын үйрету.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Ұқыптылыққа,зеректікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар,суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Күн шұғыласы...»психологиялық дайындық.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:Суреттер бойынша тағайындау.

Ширату тапсырмасын орындау.

Күздің үшінші айы-қараша

Қыс айлары-желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Қыстың екінші айы-қаңтар

Жаңа жауған таза қар-ұлпа

Қыста болатын ызғарлы суық-

Аяздың әсерінен қатқан су-мұз

ә)Геометриялық фигуралар,суреттер,кесте бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.

1-сурет. Суретті құрастырғанда қандай пішіндер пайдаланылғанын көрсет.Артық пішіндерді сыз.Түсіндіріп бер.





Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.Әр көйлекке сәйкес қалта тап.Таңдау себебін түсіндір.

Сергіту сәті: «Ағаштар»

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

3-сурет.а)Екі күн қатарынан қар жауа ма?

Ерланның бір інісі және бір ағасы бар.Ол неше ағайынды?



4-сурет.Суретті мұқият қарап шық.Әр заттың жетіспей тұрған бөлшегін тап.Затты және оның бөлшегін бір түспен боя.

ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Суретке мұқият қара.Үлкен машиналарды боя.Кіші машина қызыл және көк машиналардың ортасында,ал жасыл машина қызылдың жанында болсын.

Пәні:Қызықты математика

Күні:16.10.15ж.

7.Сабақтың тақырыбы:Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру.



15-16 бет

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға заттарды әртүрлі белгілері бойынша оларды салыстыру жолдарын үйрету.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.

3.Зеректікке ,тазалыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар,суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Күннің нұрынан...»психологиялық дайындық.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:Заттарды әртүрлі белгілері бойынша.

Ширату тапсырмасын орындау.

Қарсы мағыналы сөзді тап.

Үлкен-кіші қатты-жұмсақ салқын-жылы

Тоқ-аш қараңғы-жарық суық-ыстық

ә)Суреттер,схема бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.



1-сурет.Қарсы мағына беретін заттарды ата.Оларды сызық арқылы қос.Түсіндіріп бер.

(Биік-аласа,үлкен-кіші,ыстық-суық)

Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.Суретті мұқият қара.Бос торкөзге сәйкес түйменің суретін сал.





























Сергіту сәті: «Айгөлек»

3-сурет.Ең биік үш ағашты боя.

4-сурет.Жұмыс жасау үшін Әсетке қандай құрал керек?Құрал-саймандарды меңзер арқылы қос.(1-балға,2-балта,3-ара,4-күрек)

ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Дөңгелек сыз.Ол шаршының оң жағында,ал үшбұрыштың сол жағында болсын.



Пәні:Қызықты математика

Күні:23.10.15ж.

8.Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета.17-18 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сурет бойынша амалдарды орындауды,цифрларды атауды,табуды,салыстыруды,санауды ұғындыру.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.

3.Зеректікке ,үнемділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: цифрлар,касса,суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Күннің нұрынан...»психологиялық дайындық.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:Математикалық эстафета.

Ширату тапсырмасын орындау.

Балалар оқитын орын қалай аталады?-Мектеп

Аптаның бесінші күнін ата.-Жұма

Ең үлкен,ала,тәтті көкөніс-қарбыз

Салқын ақ ұлпа-қар

Сөйлем соңына не қояды?-нүкте (тыныс белгісі)

Арқасында тауы бар жануарды ата.-Түйе

ә)Суреттер,касса,цифрлар бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.

1-сурет.Сурет бойынша амалдарды орында.Жауабын тап.Таңдауыңды түсіндіріп бер.
Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет.3цифрларын көк,4 цифрларын жасыл,ал 1 цифрларын қызыл түсті қарындашпен айналдыра сыз.


5 1 4 3 5 1

2 3 1 5 5 2 3 4




Сергіту сәті: «Айгөлек»

3-сурет.Қатардағы қояндар бірдей болатындай суретті толықтырып сал.

4-сурет.Жануарлардың мекеніне баратын жолды тауып бер.
ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Мына бөлшектерді қосқанда не пайда болады?Бүтін суретін сал.Түсіндіріп бер.






+ =

Пәні:Қызықты математика

Күні:30.10.15ж.

9.Сабақтың тақырыбы: Кім зерек?19-20 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сурет бойынша амалдарды орындауды,суреттерді салыстыруды,айырмашылығын табудың жолын ұғындыру.

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы ойлау қабілет терін арттыру.

3.Зеректікке ,үнемділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: цифрлар,касса,суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Мен әдепті балымын...»психологиялық дайындық.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:Кім зерек?.

Ширату тапсырмасын орындау.

Әр топтағы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?

Қасық,кесе,таба,қазан-ыдыс

Үйрек,тауық,қаз,әтеш-үй құстары

Піл,қасқыр,арыстан,түлкі-аңдар

Доп,шар,қуыршақ,зырылдауық-ойыншық

Үстел,шкаф,орындық,парта-жиһаз

Алма,жүзім,өрік,шабдалы-жеміс

ә)Суреттер,касса,цифрлар бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.



1-сурет.Сурет бойынша амалдарды орында.Жауабын меңзермен көрсет.
Ү.Дәптермен жұмыс:

2-сурет. Екі қатардағы суреттерді салыстыр. Айырмашылығын тап.

Бірдей суреттерді боя.Әңгімелеп бер.



Құлпынай

саңырауқұлақ

жалау

доп

Қарандаш

құлпынай

алма

жалау

доп

қарандаш

Сергіту сәті: «Көбелек»

3-сурет.Әріптердің орындарын ауыстыру арқылы сөз құра.

ашр- рала-

сал- лара-

шау- ашра-


4-сурет.Суретті мұқият қара.Суретші нені шатастырып алды? Қатесін түзет.

Меңзер арқылы сызып көрсет.



ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Әріптерді көк түспен айналдыра сыз.
Пәні:Қызықты математика

Күні:13.11.15ж.

18.Сабақтың тақырыбы:Сиқырлы сандар. 37-38 бет



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сурет бойынша заңдылықты сақтап,цифрмен жазып көрсетуді,суреттерді салыстыруды,айырмашылығын табудың жолын ұғындыру. 2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

3.Зеректікке ,тапқырлыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: цифрлар,касса,суреттер,үлестірмелер.

Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет